ТІСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ІСІКТЕР
Поможем в ✍️ написании учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Жалпы морфологиялық қүрылысы бойынша бүл ісіктердің 2 түрін ажыратады:

1) арнайы даму орны жоқ (жеке ағзаларға тән емес ісіктер); 2) жеке ағзаларға тән ісіктер.

Арнайы даму орны жоқ ісіктер жалпақ немеее безді эпителий-ден өседі. Бүл ісіктер кез келген ағзалар мен тіндерден өсіп, онко-логияға белгілі барлық гистогенездік түрлерді қамтиды. Ал, жеке ағзаларға төн ісіктер белгілі бір ағзаларға тән қүрылымдар түзеді және осы ағзалардың кейбір қызметін атқарады.



652

Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

Ауыз қуысының шырышты қабығының ең жиі өсетін ісіктері болып папиллома және кератоакантома саналады.

Папиллома ауыз қуысын астарлайтын шырышты қабықтың жалпақ (түлемейтін) эпителий жасушаларынан жөне ауыспалы эпителий жасушаларынан өседі. Көбінесе папиллома тіл үстінде және еріннің қызыл иегінде кездеседі. Ісіктің сыртқы көрінісі емізік тәрізді, көлемі әртүрлі, жіңішке немесе жуан сабағы бар, маңай-дағы тінге қарағанда қаттылау болады. Ісіктің паренхимасы -көбейіп өсіп кеткен эпителий, стромасы — талшықты дәнекер тін, микроскоппен айқын көрінеді. Папилломаның қатерлі жалпақ эпителий карциномасынан айырмашылығы, ол өте баяу өседі, ати-пиялық өзгерістер болмайды.

Кератоакантома - қатерсіз ісік түрі, домалақ, консистенция-сы тығыз, қаттылау, кейде өзінен өзі жоқ болып кетеді, кейде қай-талайды, көбінесе кәрі адамдарда кездеседі. Ісіктің ортасы шүңқыр, бүл қуыстың іші түлеу өнімдерімен толған, ал жиегіңде микро­скоппен қарағанда көбейіп өскен жалпақ эпителий жасушалары жол-жол болып өсіп дермаға терең бойлайды. Ісікті қүрған эпите­лий жасушалары мөлшерден тыс паракератоз және гиперкератозға үшырайды.

Папиллома да кератоакантома да малигнизацияға үшырап қатерлі жалпақ жасушалы карциномаға айналуы мүмкін.

Ауыз қуысындағы мезенхима өнімдерінен өсетін ісіктерге: лим-фангиома, гемангиома, фиброма, липома, хондрома, остеома жа-тады.

Төменгі ерінде көп қабатты жалпақ эпителийден қатерлі кар­цинома өседі. Сыртқы көрінісіне қарап оның үш түрін ажырата-ды: жаралы, емізікше, инфильтративті. Гистолопмлық қүрылымы бойынша бүл негізінен эпидермоидты карцинома. Ісік метастаз-дары жақ сүйегінің астындағы лимфа түйіндеріне тарайды.

Тілде өсетін қатерлі карцинома ауыз қуысында кездесетін кар-циномалардың 60 пайызын қүрайды. Көбінесе тілдің қырларында немесе астында өсіп шығады. Сыртқы көрінісі бойынша оны 3 түрге бөледі: жаралы, емізікше, инфильтративті карциномалар. Гистологиялық қүрылысы бойынша бүл ісік көп қабатты жалпақ-жасушалы карцинома. Тілде өскен карциномалар өте қауіпті — ме-тастаздары өте тез және кең тарайды.

22.7. ЖАҚ ЖӘНЕ БЕТ СҮЙЕКТЕРШЩ ІСІКТЕРІ

Бүлардың қатарына ең алдымен жақ сүйектерінің ісіктері кіреді. Оларға остеобластокластома, остеома, остеоид-остеома, хондрома кіреді.


22 бөлім. Тіс-жақ жүйесі және ауыз қуысы...                                                 03:>

Остеобластокластома. Түңғыш рет бүл ісікті сипаттап, осы атты беріп кеткен А.В.Русаков еді. Остеобластокластома жақ сүйектерінің ішінде көбінесе жалғыз ошақ түрінде өсіп, жан-жа-ғындағы сау сүйектерден айқын шектеліп түрады. Өскен сайьш ісік сүйектерді деформацюіға үшыратады. Маңайдағы тіндерге жай-ылып өсіп кетуі де мүмкін. Жай көзбен қарағанда, ол қызыл неме­се қоңыр-қызыл түсті, арасында ақ ошақтары мен қуыстары бар түйін түрінде көрінеді. Микрокөріністе 2 түрлі жасушадан: алып, көп ядролы остеокластардан және бір ядролы остеобластардан түра-ды. Жасуша аралықтарында қан қүйылу ошақтары, жаңа шыққан эритроциттермен бір қатарда гемосидерин пигментінің көптеп жи-налып қалғандағы көрінеді.

Остеоманың және хондроманың морфологиялық қүрылысы белгілі.


СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРШЩ ІСІКТЕРІ

Сілекей бездерінің ісікгері — жеке ағзаға тән эпителий жасу­шаларынан өсетін ісіктер қатарына жатады. Бүл ісіктер де қатерсіз және қатерлі түрлерге бөлінеді.


221-сурет. Сілекей безінің аралас ісігі


Қатерсіз ісіктер - аденомалар гистологиялық көрінісі бойын-





654


Ж.Лхметов. Патологиялық анатомия


23 бөлім. Кәсіптік аурулар





655


 


ша мономорфты жөне плеоморфты болып бөлінеді. Ал қатерлі ісікгерге: мукоэпидермоидты, ацинозды-жасушалы ісік жөне кар-циномалар кіреді.

Плеоморфты аденома орта жастан асқан адамдарда жиі кездесетін және сілекей бездер ісіктерінің 50 пайызын қүрайтын ісік. Оның 90 пайызы шықшыт безінде дамиды. Жай көзбен қара-ғанда бүл ісік бөлшектенген тығыз,айқын шекараланған түйін түрінде көрініп, оның кейбір жері шеміршектеніп немесе шырьии-танып түрады.

Микрокөріністе ісік екі компоненттен: эпителий және мезен­хима өнімдерінен түрады. Цилиндр төрізді немесе куб төрізді эпи­телий түрлі түтікшелер түзеді, сонымен қатар көп қабатты жалпақ эпителий төрізді жасушалар болады. Бүлардың арасында шырьпп толған қуыстар, қалындығы әртүрлі дәнекер тіннің талшықтары топтальш, гиалинозға үшырап жатқан ошақтар және хондроцитгердің топтары көрінеді (221-сурет). өте сирек жағдайларда бүл ісік қүра-мында жетілмеген сүйек тінінің өнімдері де байқалуы мүмкін.

Мономорфты аденома қатерсіз ісік. Көбінесе аденолимфома түрінде кездеседі. Бүл ісік те шықшыт безінде өседі. Мономорфты аденоманың негізгі қүрылымы цилиндр және куб төрізді эпите-лиймен астарланған түтікшелер жөне кисталар болады.

Мукоэпидермоидты ісік қүрамында екі түрлі эпителий, олар-дың арасында дәнекер тін талшықтары көрінеді. Эпителийдің бір түрі — призма тәрізді шырыш түзетін эпителий жасушалары, екінші түрі — көпқабатты жалпақ эпителий. Бүл ісікті көп жағдайларда қатерлі карцинома деп есептейді. Ісік сүр-қызғылт түсті, үсті шырышпен жабылған, консистенциясы тығыз, қатгылау, маңай-дағы тіндерден айқын шектелген түйін түрінде көрінеді.

Ацинозды жасушалы ісік — сирек кездесетін ісіктердің бірі. Микроскоппен қарағанда сілекей бездердің ацинустарын астар-лайтын эпителий жасушалары көбейіп, топталып, тінде жол-жол болып өседі. Бүл эпителий жасушаларьшың ядросы қанық боялғ-ан, цитоплазмасында базофилді түйіршіктер анықталады. Бүл ісікті де қатерлі ісіктер қатарына жатқызуға болады.

Карциномааар — эпителийден өсетін қатерлі ісіктер қатарына жатады. Ең жиі кездесетін түрі — аденокистозды карцинома (ци-линдрома). Көбінесе кіші сілекей бездерінде өседі. Сілекей бездерінде аденокарциномалар және жалпақ жасушалы түлейтін немесе түлемейгін карциномалар кездеседі.

Карциномалар племорфты аденомадан жөне мукоэпидермо­идты ісіктерден малигнизация нәтижесінде дамуы мүмкін.


23 бөлім. КӘСШТІК АУРУЛАР

Кәсіптік аурулар Д£іі өндірістік ортаның, жүмыс жағдайының адам организміне тікелей зиянды әсері нәтижесінде дамитын ауру-ларды атайды. Кәсіптік арулар: 1) өндірістік шаң тозандар; 2) хи-миялық заттар (өнеркәсіп улары) әсерлерінде; 3) дененің үзақ уақыт бірқалыпта болуға мәжбүрлігі және 4) кәсіптік инфекциялар нәтижесінде дамитын топтарға бөлінеді (П.П.Движков, 1971).

Кәсіптік аурулар клиникада көптеген ағзалардың созылмалы сырқатгары немесе ісіктері түрінде өрістейді. Мысалы кейбір хи-миялық заттар бауырдың, мидың созылмалы сырқаттарына соқты-рады, иондаушы сәуле әсерінде терінің, уран, бериллий өндіру-шілерде өкпенің қатерлі ісіктері дамиды. Сонымен қатар өндірістік зиянды заттардың генді зақымдаушы (мутагендік) немесе үрықты зақымдаушы (эмбриогендік) эсер ете алатындығы анықталған.

Мемкомстаттың 1995 жылғы мәліметі бойынша Қазақстан Республикасында 391584 адам, оның ішінде 104281 өйел зиянды жағдайда жүмыс істейді, 3406 ауру кәсіптік аурулар бойынша диспансерлік есепте түр.

Оқулықтың осы бөлімінде кәсіптік аурулардың бірінші екі то-бына ғана тоқтап өтеміз.

23.1. ӨНЕРКӘСШТІК ІПАҢДАР ӘСЕРІВДЕ ДАМИТЫН КӘСШТІК АУРУЛАР (ПНЕВМОКОНИОЗДАР)

Пневмокониоз (латынша — pneumon - өкпе, сопіа — шаң-тозаң) деп өкпеге өртүрлі шаң-тозаңдардың түсуі нәтижесінде дамитын бір топ сырқатты түсінеміз. Әдетте пневмокониоздың дамуында өнеркәсіптік шаңдардың маңызы ерекше. Шаңдардьщ өкпеге әсері олардың физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты. Олардың негізгі бөлігі жоғарғы тыныс жолдарында (мүрында, кеңірдекте) кідіріп қалып түшкіру нәтижесінде немесе бронхтар-дағы шырьшітьі-кірпікшелі (мукоцилярлы) механизм арқылы сыр-тқы ортаға немесе асқорыту жүйесіне шығарылып отырылады. Тек көлденеңі 5 мкм және онан да кіші бөлшектер ғана тыныс жолда-рының төменгі бөлігіне, тіпті альвеолаға дейін енеді. Бүл жерде олар-дың негізгі бөлігін альвеола макрофагтары обьш және сол мукоци­лярлы жолмен шығарылады, ал қалған бөлігі лимфа жолдары арқы-лы тасымалданып өкпе тіндеріне сіңіп қалады немесе аймақтық лимфа түйіндеріне жиналады. Өкпені шаң басуға байланысты да-мыған склероз (пневмосклероз) өкпедегі оттегі алмасуын бүзып,






656


Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


23 белім. Кәсіпшік аурулар                                                                                      '657


 


жүректің оң қарыншасының жүмысын қиындатады. Өкпеге түскен шаңцардың құрамына қарап пневмокониоздардың мына түрлерін ажыратады: 1) кварц шандарының, оның қүрамындағы еркін крем­ний қостотығының әсерінде дамитын силикоз; 2) қүрамывда бай-ланысқан кремний қостотығы бар минерал шандармен (асбест, тальк жөне т.б.) тыныс алғанда пайда болатын силикатоздар; 3) көмір шандарының (көмір, графит, кокс және т.б.) өсерінде дамитын кар-бокониоздар; 4) металл шандары өкпеге түскенде дамитын метал-локониоздар (сидероз, алюминоз және т.б.); 5) түрді шандар қосы-ла эсер еткенде дамитын аралас пневмокониоздар (силикоантра-коз, силикосидероз және т.б.); 6) өкпеге органикалық шаңдар түскен-де дамитын пневмокониоздар: биссиноз, багассоз жөне т.б.

Органикалық шаң-тозандарға ағаштың, мақтаның, темекінің, жүннің, терінің шандары кіреді. Осы шандардың өкпеге түсуіне байланысты дамитын өзгерістер әртүрлі және олардың даму мехаңизмдері де түрліше.

Өмірде ең жиі кездесетін және түрмыстық мәні зор пневмоко-ниозға силикоз жатады.





СИЛИКОЗ

Силикоз (латынша — silicium - кремний) деп өкпеде бос крем­ний қостотығы өсерінде дамитын сырқатты айтады.

Патогенезі. Кварц шандары тыныс жоддарына әртүрлі эсер етеді. 1) оның көп қырлы болшектері ә дегеннен-ақ бронхтың шырышты қабығына механикалық эсер етіл оны зақымдайды; 2) биология-лык орта әсерінде кремний қостотығы еріп кремний қышқылына айналады. Ол сол жердегі тіндерге тікелей улы өсер етіп оларды ыдырата бастайды; 3) кварц шандары оздерін обып алған макро-фагтарды зақымдайды. Олардың ыдырау өнімдері (негізінен гидролиздеуші ферменттер) жергілікті фибробластардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай тудырып дәнекер тін дамуына соқтырады; 4) крем­ний қостотығы әсерінде окпеде аутоиммундық озгерістер дамуы мүмкін. Мысалы силикоздық түйіндердегі гиалин қүрамының тең жартысы глобулиннен түратыны мәлім.

Дегенмен де кварц шаңдары әсерінде окпеде дамитын өзгерістердің себептері әлі де болса ақырына дейін анықталмай отыр. Жоғарыда керсетілген механизмдердің ешқайсысы силикоз-дың бірден-бір себебі бола алмайды. Ал осы өзгерістер нәтижесінде окпеде дамыған ерекше склероз силикоздың негізгі морфология-лык, белгісі болып саналады.

Патологиялық анатомиясы. Окпеде силикоз түйінді немесе интерстициалды (аралық) түрде корінеді. Туйінді силикоз окпеде


222-сурет. Өкпедегі силикоз ошақтары. Оң жақта ісік тәрізді силикоз (П.П. Движков бойынша)

көлденеңі бірнеше миллиметрден бірнеше сантиметрге жететін сүр немесе қара сүр түстегі түйіндердің пайда болуымен сипатталады. Кейде осы түйіндер бір-біріне қосылып окпеде силикоз жайлаган ірі ошақтар - ісік шәрізді силикоз дамиды (222 - сурет). Окпе тіні үстап көргенде тығыз, көп жері ауасыз серпімді болады. Силико-зға тән түйіндер, микроскоппен қарағанда шанды ошақтарды ай-нала қат-қабат жайғасқан, гиалинденген дәнекер тіннен түрады. Кейде дәнекер тін талшықтары қүйындай үйіріле жайғасқан. Со-нымен қатар дәнекер тіні жоғарыдағыдай реттеліп жайгаспаған (яғни силикозға тән емес) түйіндер де кездеседі.

Кейінгі жылдары силикоздьщ түйіңді түрінен горі интерстици­алды (аралық) түрі коп үшырайтьш болды. Ол дәнекер тіннің брон-хтар мен қан тамырлары төңірегінде, альвеола іргелерінде жайыла (диффузды) өсіп кетуімен, окпе тінінің біраз қатаюымен сипаттала­ды. Коп жағдайларда бүл өзгерістерді жеке бір кәсіптік аурулар қата-рына жатқызу қиын, себебі осындай озгерістер кез келген, тіпті зиянды ондірісте істемеген кісілерде де, қоршаған ортаның жалпы ыластануы нәтижесінде дамуы мүмкін. Яғни окпенің аралық тінінің склерозы тек кәсіптік аурулар үшін ғана тән емес.

42 — 437




658


Ж.Ахліетов. Патологаялық анатомия


23 белім. Кәсіптік аурулар


^59


 


Нәтижесі. Өкпедегі ірі силикоздың түйіндер ьщырағанда олар-дың орнында қуыстар (каверналар) пайда болады. Осы қуыстарға екіншілік инфекция түскенде өкпеде созылмалы қабыну ошақта-ры пайда болады. Пневмосклероз нәтижесінде бронхтар пішінсіз-деніп, бронхоэктаздар дамиды.

Кварц шандары қанға өтіп бүкіл организмге тарағанда басқа ағзаларда да силикозға тән түйіндер көрінеді. Өкпеде силикозға тән ауыр өзгерістер кейде туберкулез ауруы қосылады оны сили- котуберкулез деп атайды. Бүл жағдайда өкпедегі дәнекер тіннің өсуі күшейіп, қаның өкпеден өтуі қиындайды, оң қарынша үлғая-ды, яғни ауруда өкпелік жүрек белгілері дамиды. Демек бүл екі сырқат (силикоз бен туберкулез) бір-біріне кері эсер етеді, осыған байланысты аурудың халі күрт нашарлап тез арада өледі.

Силикоздың кеш силикоз деп аталатын түрі жүмыс істейтін кісі осы зиянды кәсіпорыннан басқа жүмысқа ауысып кеткеннен соң, кейде жасына байланысты демалысқа шыққаннан кейін бірнеше жылдан соң дамиды. Оның өте тез ауыр жағдайда өтуінің себебі анық емес.






СИЛИКАТОЗДАР

Силикатоздар әртүрлі силикаттардьщ, яғни қүрамында байла-нысқан кремний қостотығы бар күрделі қоспалардың (тальк, алю­миний, темір және т.б.) әсерінде дамиды. Өкпедегі склероз қүбы-лысының көлемі, мардымдылығы олардың қүрамындағы кремний қостотығының мөлшеріне байланысты, бірақ та силикозға қара-ғанда біраз жеңілірек өтеді. Силикатоздар үшін фиброздың интер-стициалды (аралық) түрі тән.

АСБЕСТОЗ

Асбестоз деп окпеге асбест шандарының түсуі нәтижесінде дамитын өкпенің аралық (интерстициалды) фиброзын түсінеді. Асбест өндірісте, түрмыста өте кең қолданылады, ол мыңнан артық бүйымдардың қүрамына кіреді. Асбестоздың қауіптілігі оның өкпе рагіне соқтыруында.

Патогенезі мен патологиялық анатомиясы. Асбест талшықта-ры көбінесе бронхтарда кідіріп қалып, оларды қабындырады. Қабы-ну көбінесе созылмалы түр алады. Сонымен қатар асбестің майда бөлшектері өкпе альвеоласына өтіп, сол жерде "асбестік дене-шіктер" түрінде анықталады. Олар негізінен жылтыр сары түсті,


223-сурет. Өкпедегі асбест денешіктері

(П.П. Движков бойынша)

кейде қара сүр түсті үштары жүмыр, ортасы бірнеше сегменттерге бөлінген, үзындығы 15-150 нм, көлденеңі 1-5 нм таяқшалар.

Өкпеде екі түрлі өзгерістер байқалады. Асбестоздың ауыр турінде өкпедегі өзгерістер диффузды фиброзданушы альвеолит көрі-ністеріне жақын. Өкпе тінінде жайлаған склероз, тіпті көзгенек тәрізді (сотовидные) езгерістер көрінеді. Склероз қүбылысы өте күшті дамығанда плевра астында 3-4 см-ге дейін қалындаған, қара сүр түске боялған, тыртықтанған ошақтар пайда болады. Плевра қалындап, көкірек қуысында әртүрлі жабыспалар пайда болады. Плевра астында кейде буллезді эмфизема ошақтары көрінеді. Мик­роскопией зерттегенде альвеола іргелерінің лимфоциттік және мак-рофаггьщ сіңбелер есебінен өте қалыңдап кеткенін, кейде склероз нәтижесінде бүгіндей бүзылғанын кореміз. Альвеола ішінде шаң-дармен толған макрофагтар (конифагтар) табылады. Бронхиолалар қабырғасы да қалындап, ол жерде де лимфоциттік сіңбелер пайда болады. Склероз қүбылысьшьщ одан әрі өрістеуі карнификация және фиброателектаз пайда болуьша соқтырады.

Асбестоздың жеңіл түріңде морфологиялық өзгерістер тек брон-хтың қабынуымен, созылмалы катаралды бронхиттің дамуымен шектеледі. Бүл жағдайда өкпеде эмфизема, склероз ошақтары, мононуклеарлық жасушалардан түратын сіңбелер ғана көрінеді.




660

661

Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

Айта кететін жайт, асбестоз диагнозын анық қою үшің. өкпедегі склероз ошақтарында "асбестік дәнешіктерді" табу шарт (223-су-рет). Кейде асбестпен жүмыс істеген кісілердің қол-аяқтарында «асбестік сүйелдерң пайда болады. Оларда тіпті қақырық қүра-мында да «асбестік дәнешіктер» табылуы ықтимал, міне осы жағдай-ларда асбестоз диагнозы даусыз деп есептелінеді. Ауру өлімі өкпелік жүрек нашарлығынан, пневмония, өкпенің немесе плевраның қатерлі ісіктерінен, асбестік туберкулезден болады.

МЕТАЛЛОКОНИОЗДАР

Металлокониоздар әртүрлі металл шандарының өкпеге үзақ уақыт өсері нәтижесінде дамиды. Организмге металдың тек өзінің немесе оның тотықтарының шандары, металл қүрамындағы басқа минералдар, соньщ ішінде, кремний қостотығы эсер етеді.

СВДЕРОЗ

Сидероз темір рудасын өндіретін шахтерлерде, темір қүю цех-тарының жүмысшыларында, металдарды тазалайтын, шеге дайын-дайтын, электрмен дәнекерлейтін кісілерде кездеседі.

Патологиялық анатомиясы. Өкпенің сыртқы көрінісі сидероз-дың түріне қарап қап-қара ("қара сидероз") немесе сары қоңыр ("қызыл сидероз") болады. Өкпені кесіп қарағанда ол тарғыл, сары қоңыр-қызыл түсте корінеді. Кейде онда майда (көлденеңі 5-6 мм) қып-қызыл түйіншектер табылайы, бүл жағдайда өкпе түбіріндегі лимфа түйіндері де осындай реңге боялады. Өкпені микроскоппен қарағанда темір шаңдарының топталып қалған жерінде дамыған аралық склероз байқалады. Ол негізінен бронхтар мен ірі қан та-мырларының төңірегінде, бөліктер аралығында, альвеола іргесінде көрінеді. Сонымен қатар шаңцарды обып алған макрофагтардың арасында ретсіз өсіп кеткен дәнекер тін талшықтарынан түзілген майда түйіншелер де бар.

Өкпеге жиналып қалған шаңның темірге тиісті екендігі ар-найы реакциялар арқылы (мысалы, Перлс реакциясымен) анық-талады.

АЛЮМИНОЗ

Алюминий өндірісте кең қолданылатын металдың бірі. Алю-миноз өкпеге алюминий шандары немесе буы енгенде дамиды. Ол алюминий немесе оның балқымасын өндіретін жүмысшыларда, металдық бояулар, алюминий үнтақтарын дайындайтын кісілерде кездеседі.


23 бөлім. Кәсіптік аурулар

Алюминоздың патогенезі организмде алюминий иондарының белоктармен әсерлесуі нәтижесінде алюминилі-белокты қоспалар-дың пайда болуына байланысты.

Патологиялық анатомиясы. Алюминоз үшін өкпеде жайлаған склероз қүбылысы тән. Алюминозда өкпенің тіні қатайып, тіпті бүрісіп қалады. Алюминий жиналып қалған жерлер кейде күміс реңді сүр, жылтыр болып көрінеді. Дөнекер тін бронхтар мен қан тамырларының төңірегінде өседі. Аьвеола іргелері де фиброзда-нып қалыңцайды. Кейде аралық тін склерозы нәтижесінде өкпе альвеолаларының саңылауы тарылып, олардың микроскоптық қүрылысы бүзылады. Альвеола ішіндегі макрофагтар алюминийдің майда бөлшектерімен толған. Осы өзгерістер өкпе эмфиземасына, бронхтар эктазиясына (кеңейіп кетуі) соқтырады. Алюминоздың және бір ерекшелігі, өкпеде жиналып қалған алюминий осы эле­ментен кездесу (контакт) тоқтағаннан кейін де эсер ете береді. Сөйтіп өкпедегі өзгерістер одан әрі өршиді.

БЕРИЛЛИОЗ *

Бериллиоз. Берилий сирек металдар тобына жатып кейбір ми­нералдар қүрамына кіреді. Бүл өте қатты, жоғарғы температураға төзімді, коррозияға үшырамайтын металл. Сол үшін машина жэне реакторлар жасау жүйесінде кеңінен қолданылады. Көбінесе берилийдің балқымалары пайдалынылады.

Жүмысшылар бериллий рудасынан таза бериллийді бөліп алу үрдісінде, оның балқымаларын дайындау немесе оларды өндеу кезінде ауырады. Сонымен қатар бериллиоз берилий өндірісіне қатынасы жоқ, бірақ оны өңцейтін зауыттарға жақын жақын тура-тын адамдарда, қоршаған орта осы затпен ластанғаңда да дамуы мүмкін.

Патогенезі. Берилийдің майда бөлшектері тыныс жолдарын тітіркендіріп ларингит, трахеит, бронхит, бронхиолит жэне альве-олит дамуына соқтырады. Бериллиоздың өзіне тән ерекшелігіне оның гаптендік қасиеті жатады. Организмде пайда болтан бери­лий — белок кешені антигендік қасиетке ие болып организмде жогары сезімталдықтың баяу түрі (ЖБТ) дамиды. Осы реакция өкпеде альвеола-капилляр блогының дамуына экеледі. Берилли-озда пайда болатын гранулемаларды осы ЖБТ реакциясының мор-фологиялық белгісі деп қарау керек. Кейде бериллиоз клиникада аутоиммунды ауру түрінде өтеді.

Патологиялық анатомиясы. Бериллиоздый; жедел, созылмалы түрлерін ажыратады. Оның жедел түрі үшін өкпеде морфологиясы ерекше пневмонияның дамуы тән. Бүл пневмония альвеола ішінде




663

662

Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

фибринге бай, қүрамында көшіп түскен эпителий, макрофагтар, лимфоциттер және бірлі жарымды көпядролы Лангханс текті жа-сушалар бар экссудат пайда болуымен сипатталады. Альвеола іргесінде лимфоцитті-гистиоцитті сіңбелер көрінеді.

Бериллиоздық пневмония альвеола іргесінде жасушалардың аса көбейіп кетуіне және дәнекер тіннің өсуіне өкеліп соғады. Бе-рилий пневмониясына байланысты өлім-жітім деңгейі өте жоға-ры. Бериллиоздың созылмалы түрі үшін өкпеде бериллиозға тән гранулемалардың пайда болуы тән. Бүл кезде өкпе үлкейіп, қатты тығыздалып, кесіп қарағанда сүрғылт қызыл түсте көрінеді, өкпенің салмағы бірнеше есе өседі, үстап көргенде ішінде майда түйіндер барлығы анықталады. Бүл түйіндердің көлденеңі өдетте бірнеше миллиметр (тары дәніндей), тек сирек жағдайларда ғана 0,5-1,0 см-ге жетеді. Микроскоппен қарағанда өкпедегі гранулемалар лим-фоциттерден, эпителоидты, плазмалы жасушалардан және көпяд-ролы жат денелерге тән немесе Лангханс типіндегі жасушалардан түзілген. Кейде гранулемалар қүрамында қабыршық төрізді (кон-хоидалды) қат қабат қүрылымды, көлденеңі 100 мкм-ге дейін жететін денешіктер көрінеді. Олар өз алдына бөлек немесе көпяд-ролы алып жасушалардың ішінде жайгасқан. Әдетте гранулемалар бірте-бірте дөнекер тінмен алмасып, өкпедегі склероз қүбылысын күшейтеді. Гранулемалар тек өкпеде ғана емес аймақтық лимфа түйіндерде, бауырда, көкбауырда, теріде және басқа да ағзаларда кездеседі.

АНТРАКОЗ

Антракоз (грекше — anthrax — көмір) өкпеге көмір шаңының түсуі нәтижесінде дамитын сырқат. Ол негізінен шахтада жүмыс істеушілерде, темір үсталарында, от жағушыларда кездеседі.

Патогенезі. Антракоз өкпеде, оның сыртқы қабында, өкпе-бронх лимфа түйіндерінде көмір шаң-тозаңдарьшьщ жиналып қалу-ымен сипатталады. Кейінгі уақыттарға дейін өкпедегі антракозга байланысты өрістейтін склероз үрдісі көмір қүрамындағы крем­ний қостотығының мөлшеріне тәуелді деген үғым басым болатын. Қазіргі кезде (А.Е. Шкутин және т.б., 1979) осы өзгерістер басқа пневмослероздагыдай тек альвеола макрофагтарының күйреуіне ғана емес, өкпеде жиналып қалған тотықтану-гидролиздану өнімдерінің өкпе микроциркуляция арнасына жөне ауа-қан бөгеті қүрылымдарына тікелей әсеріне байланысты деген жаңа ғылыми деректер пайда болды. Осы екі фактор өкпе фибробластары көбеюінің және склероз үрдісі дамуының бірден-бір себептері бо-лады.


23 бөлім. Кәсіптік аурулар




Дата: 2018-12-28, просмотров: 363.