TIG ТШДЕРШЕН ДАМИТЫН ОДОНТОГЕНДІК
Поможем в ✍️ написании учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

ІСІКТЕР

Одонтогендік ісіктер — тістің өрбір тінінен — эмальден, ден-тиннен, цементтен немесе үшеуінен бірдей өседі.

Одонтогендік ісіктер де басқа ісікгердей қатерсіз жөне қатерлі түрлерге бөлінеді.

Амелобластома (синонимі — адамантинома, эпителиалды одон­тома) - тіс эмалінің жетілмеген эпителиінен өсіп шығатын қатерсіз ісік. Көбінесе 20 жастан 50 жасқа дейін кездесіп, төменгі азу тістерде көпке дейін байқалмай өсіп, кейіннен көлемі үлкейген кезде жақ сүйектерін зақымдайды. Рентген көрінісінде зақымданған сүйек-тер араның жеке немесе көп қуысты үясы сияқты болып көрінеді. Ісіктің өзі жүмсақ пышақпен оп-оңай кесіледі. Макроскопиялық көрінісі бойынша оның екі түрін ажыратады: 1) солидты (қатты-лау); 2) қистозды.

Амелобластомалардың 4-6 пайызы малигнизацияға үшырай-ды, ол одонтогендік карциносаркома деп аталады.

Операция жолымен алып тастағаннан кейін амелобластома-лар кейде қайта өсіп шығады.

Микроскоптьщ көрінісі бойьшша амелобластомалардың 5 түрін ажыратады: 1) фолликулярлы; 2) племорфты (тармақтанған); 3) акан-томатозды; 4) негізді (базадды-жасушалы); 5) түйіршікгі-жасушалы (гранулярлы-жасушалы).

Амелобластоманың солидты турі қаттылау немесе жүмсақтау, ақшыл-сүр немесе қоңыр-қызыл түсті түйін болып көрінеді. Кесіңдісін қарағанда бүл ісік маңайдағы тіндерден капсуламен шекараланған. Микроскоппен қараганда сопақ немесе домалақ эпителийлі ошақтар (комплекстер) арасьшда дәнекер тіннің тал-шықтары мен қан тамырлары көрінеді. Эпителийлі кешендердің шет жағы бір қабат цилиндр төрізді эпителиймен жиектеледі, бүл жасушалардың ядросы үлкен, хроматині мол, ал эпителийлі кешендердің ортасында жүлдыз тәрізді тармақтанған жасушалар көрінеді (219-сурет).

Кисталы адамантинома көбінесе көп қуысты болып көрінеді. Кисталардың қуысында ашық немесе қоңыр түсті сүйық, колло-идты зат болуы мүмкін. Кисталардың ішкі қабырғасы цилиндр тәрізді эпителиймен астарланған. Эпителийлі кешендер кистаара-лық талшьщты дәнекер тіндерде байқалады.

Одонтома тістің эпителиінен жөне талшықты дөнекер тіндерінен өскен қатерсіз ісік. Бүл ісік туа пайда болған ақауларға жатады, көбінесе жас адамдарда кездеседі. Ісік негізінен төменгі



650


Ж.Ахметов. Патологаялық анатомия


22 белім. Тіс-жақ жүйесі жөне ауыз қуысы...





651


 




 


 








Сурет. Адамантинома


220-сурет. Одонтомалық фиброма


 


жақтың азу тістері орнына өседі. Одонтомалардың қатты жөне жүмсақ түрлерін, микроскоптық қүрылымына қарап: қарапайым және күрделі түрлерін ажыратады. Одонтомалар тіс сауытынан немесе тіс түбірінен өседі. Одан басқа одонтомалық фибромалар да кездеседі (220-сурет).

Дентшома — көбінесе одонтогенді эпителиден, жетілмеген тал-шықты дөнекер ііндерден және солардьщ арасында өсетін жетілмеген (дисплазияға үшыраған) дентиннен қүралған қатерсіз ісік.

Дисплазияға үшыраған дентин микроскоптық көріністе жан-жаққа қалай болса солай орналасқан, көлемі де, пішіні де өртүрлі көрінетін массалар болып, бір жиегі эмальмен, басқа жағы цемен-тпен қапталып түрады. Рентгенде сүйектердің сорылып жүқарға-ны байқалады.

Цементома — қатерсіз ісік, морфологиялық қүрамы бойынша цементке үқсас көп қуыстардан, талшықты дәнекер тіндерден және қабат-қабат топталған цементикалдерден және цементобластардан түрады. Көбінесе үлкен, кіші азу тістердің орнында өседі.

Цементоманың бір түрі — алып цементома, көп түйінді болып өседі.

Одонтогендік фиброма — бүл ісік көптеген фибробласттар мен


дәнекер тін талшықтары және цементке үқсас толықтай жетілмеген қүрылымдардан түрады.

Амелобласттық фиброма - көбі одонтогендік эпителий топта-рынан жөне тіс емізіктеріне үқсас борпылдақ дәнекер тіннен қүра-лады. Бүл ісік жастарда және балаларда кездеседі. Малигнизацияға үшыраған одонтогендік ісіктер тістің эпителийлі және мезенхима-лы өнімдерінен дамуы мүмкін.





Дата: 2018-12-28, просмотров: 257.