Б. Тікелей емес: актилизе, стрептокиназа, целиаза, стрептодеказа, урокиназа
Поможем в ✍️ написании учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Стрептокиназада және оның аналогтары целиаза және урокиназа профибринолизиннің фибринолизинге өтуін күшейтеді. Жіті эмболияда және тромб түзілу қаупінде қолданылады. Стрептодеказа- стрептокиназаның әсері ұзартылған (48-72сағ дейін сақталады ) препараты.

Бет

Жанама әсері: аллергиялық реакциялар.

2.Антифибринолитикалық дәрілер-фибринолизинге кедергі жасайды.фибринолиздің ингибиторлары плазминогеннің активаторларын бөгейді және плазминнің әсерін тежейді, фибринолиздің белсенділігін және кининдік жүйені тежейді. Гемостатиктер-ұю жүйесінің табиғи компоненттері тромбопластиннің түзілуін белсендіреді.

Бұл препарттар фибринолизиннің түзілуін тежейді. Қанның фибринолинді белсенділігі жоғарлауымен байланысты қан кетулерде \бауыр ауруларында, жіті панкреатитте\, хирургиялық операциядағы қан кетулерді алдын алу үшін, жаппай қан құюда және фибринолитикалық дәрілердің мөлшерін асырғанда қолданылады. Тромбозға, эмболияға бейімділікте, бауыр қызметінің бұзылуында және жүктілікте қолдануға болмайды.

Фибринолиздің синтетикалық ингибиторлары: аминокапрон қышқылы, транексам қышқылы (циклокапрон), амбен (памба).

Acidum aminocapronicum-аминокапрон қышқылы: 5% 100 мл еріт флаконда шығарылып, к\т; 2,0-3,0 ұнт. ішке тәулігіне 3-5 рет белгіленеді.

Антиферментті препараттары: контрикал,гордокс-фибринолизиннің белсенділігін тежейді.

Conthrycal- контрикал;10 000 ӘБ флаконда шығарылып, нұсқауы бойынша к\т тамшылатып белгіленеді.

 

10.

ЗАТ АЛМАСУ ПРОЦЕСІН РЕТТЕЙТІН ДӘРІЛЕР

Гормонды және олардың синетикалық алмастырғыш және антагонисті препараттары

Гормондар ішкі секреция бездер бөлетін биологиялық белсенді заттар. Олар геостазды қалыпты жағдайда ұстауда, ағзаның әр түрлі қызметінің гормондық реттелуінде маңызды қызмет атқарады. Гормонды дәрілер негізінен ішкі секреция бездерінің жеткіліксіздігімен байланысты емес әртүрлі патологиялық жағдайларда (глюкокортикоидтарды, қабынуға және аллергияға қарсы дәрілер ретінде) белгіленеді. Сонымен, бездердің гипофункциясында гормонды, ал гиперфункциясында антигормонды (антагонист) дәрілер белгіленеді. Гормонды препараттарды сондай-ақ эндокринді емес ауруларда да қолданылады.

 

1. Гипофиз гормондарының препараттары

а) Гипофиздің алдынғы бөлігінің гормондарының препараттары

Гипофиздің  алдыңғы бөлігінің өнімін күшейтеді. Шеткерлі эндокриндік бездерді қуаттандырады. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті әсері бар.

Corticotropinum-кортикотропин (Б): 10; 20; 30;  және 40 ӘБ құрғақ зат- 2 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 1мл-ден тәулігіне 3-4 рет б /е; 0,9% 500 мл NaCl еріт. бірге тамшылатып к/т енгізіледі. Әсері, жанама әсері, қолдануға қарсы көрсеткіштері глюкокортикоидтарға ұқсас. АКТГ-ң өнімінің жетіспеушілігінде, бүйрек үсті безінің гипофункциясында, глюкокортикоидтарды доғарғаннан кейін қолданылады.

Somatotropinum-соматотропин:  2-4 ӘБ құрғақ зат флаконды шығарылып, 0,25% 2 мл новокан еріт. ерітіп, б/е; 1-2 мл аптасына 2-3 рет т/а енгізіледі. СТГ-ға (соматотропты гормон) сәйкес келеді. Дене салмағы мен бойды өсіреді. Гипофизарлы ергежейлік (карликовость) пен гипофизарлы ергежейлілікте (нанизм) қолданылады. Қатерлі ісікте қолдануға болмайды.

Өсу гормоны (СТГ)секрециясының ингибиторы гипоталамус гормоны сомастостатин болып табылады. Оның синтетикалық аналогы октреотид  (сандостатин) акромегалия мен карциноидты ісікте қолданылады.

Octreotidum-октреотид: 0,00005 және 0,0001амп. т/а енгізіледі.

Гонадотропты гормондарының препараттары:

Gonadotropinum menopausticum- менопаузалы гонадотропин (Б): 75 ӘБ флаконда-1 мл 0,9%  NaCl ерітіп, тәулігіне 1-2 мл-ден б/е енге енгізіледі.

Conadotropinum – хорионды гонадотропин (Б): 500; 1 000 және 2 000 ӘБ флакон құрамын еріткіште ерітіп, б/е енгізіледі. лютеинді (ЛГ) гормонға сәйкес келеді. Фолликулалардың жетілдіріп,сперматогенезді күшейтеді.

Екі препарат та әйелдердің, ерлердің жыныс бездерінің қызметі төмендеуінде, бедеулікте және жыныс ағзалары кеш дамуында қолданылады.

ФҚГ және ЛГ секрециясының ингибиторы даназол ( дановал, данол ) болып табылады. Акромегалиямен ауыратын науқастардың аденогипофизі жасушаларынан өсу гормондарының бөлініп шығуын тежеп, асқазан сөлі мен инсулиннің бөлінуін азайтады. Гонадотропты гормондарының бөлінуін азайтады. Бедеулікке алып келетін эндометриозды емдеуде, сүт бездерінің қатерсіз ісігінде және етеккір алды белгісінде қолданылады.                                                                                                                                                             

Lactinum-лактин; 100 және 200 ӘБ флакон құрамын 2-4 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, тәулігіне 1-2 мл-ден б/т енгізіледі. ЛТГ-ға (лактотропты гормон, пролактин) сәйкес келеді. Босанғаннан кейінгі лактацияны күшейту үшін және гипогалактияда (сүт бөлінуінің азаюы) қолданылады.

Пролактин секрециясының ингибиторы бромокриптин (парлодел) мен лизурид (лизенил) болып табылады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен соматотропты гормонының және пролактиннің секрециясын азайтады. Акромегалияда, гастро-энтеропанкреатиндік жүйенің эндокриндік ісінулерінде, сүт безінің қатерсіз ісігінде, етеккірдің бұзылуында және бедеулікте қолданылады.

б) Гипофиздің ортаңғы бөлігінің препараттары

 Іntermedinum-интермедин: 0,05 және 0,1 флаконда, 1-2 мл еріткіште ерітеді; көз тамшысы - 3 тамшыдан; 0,2-0,3 мл 3 күнде 1 рет көздің кілегей қабығының астына инъекциялау үшін белгіленеді. Көздің көру қабілетінің өткірлігін арттырып, қараңғыға бейімделуін жақсартады. Көздің торлы қабығының дегенеративті өзгеруінде, гемеролопияда, жоғарғы дәрежелі миопияда және т.б. қолданылады. Пигмент алмасуын реттейтін меланоформды гормонға сәйкес келеді.

в) Гипофиздің артқы бөлігінің препараттары

Окситоцин, питуитрин (<<Миометрияға әсер ететін дәрілер>> тақырыбына қараңыз) жатырдың бұлшық етін жиырады. Босанудың әлсіздігіне қолданылады.

Adiurecrinum-адиурекрин (құрғақ питуитрин) (Б): 5 мл флаконда (1 мл-де – 20 ӘБ бар)-2-3 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет қант диабетіне, энурезде, мұрын қуысына енгізу үшін белгіленеді. Гипертониялық ауруларда қолдануға болмайды. Себебі, құрамында ағзада сұйықтықты ұстап қалатын, АҚ жоғарылату қабілеті бар антидиуретикалық гормон вазопрессин бар

.

2. Қалқанша безі гермондарының препараттары (антитиреоидты дәрілер)

  Қалқанша безінің гипофункциясында кретинизм (балаларда ой-қимылының жеткіліксіздігі) және микседема (үлкен жастағы адамдарда семіздік, ісінулер, психикалық дамымаушылық) байқалады. Қалқанша безінің гормондары негізгі зат алмасуды реттеп, энергетикалық процесін күшейтеді, ұлпалардың жетілуін және өсуін күшейтіп, ұлпалардың оттегіге сұранысын жоғарылатады. Тиреоидты препараттар гипотиреозда, микседема, эндемиялық зобта, семіруде, кретинизмде, қалқанша безінің ісігінде қолданылады.

 Thyreoidinum- тиреоидин (Б): 0,05; 0,1 және 0,2 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігінде 1-2 рет тәуліктің бірінші жартысында тамақтан соң ішуге белгіленеді.

 L – Thyroxin – L – тироксин (Б): 0,0001 таб. шығарылып, 1-2 таб. белгіленеді.

Қиыстырылған препараттары: <<Тиреотом>>, <<Тиреокомб>>, <<Йодтирокс>>.

Жанама әсері: тахикардия, дене қызуының көтерілуі және терлеу байқалады. Тиреотоксикозда, қант диабетінде, Адиссон ауруында, едәуір азғындықта және коронарлы артерияның жеткіліксіздігінің ауыр түрінде қолдануға болмайды.

Эндемиялық (ауыз су мен тамақ өнімдерінің құрамында йодтың жеткіліксіздігінен туған) зобта (жемсау) йод препараттарын қолданады. Олар: калий йодиді – 0,0001 таблетка; йодбаланс, йодомарин, <<Антиструмин>> және т.б.

Қалқанша безінің гиперфункциясында (гипертиреоз, Базедов ауруы) қалқанша безі гермонының синтезін төмендететін антитиреоидты дәрілер қолданады. Антитиреоидтар – гормондардың синтезін азайтып, тироксиннің, трийодтирониннің негіздік алмасуын төмендетеді. Қалқанша безінің препараттары фосфор мен кальцийдің қаннан сүйек ұлпаларына өтуін қамтамасыз етеді. Антитиреоидты дәрілер уақытты шашыраңқы жемсауда қолданылады.

Mercazolilum – мерказолил (Б) : 0,005 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігінде 1-4 рет тамақтан соң белгіленеді.

Propiltiouracil – пропилтиоурацил (пропицил) (Б): 0,05 таб. шығарылып,2-6 таб. тәулігіне 3-6 рет тамақтан соң белгіленеді.

Жанама әсері: лейкопения. Екі препарат та жүктілікте, емізулі әйелдерге және айқын лейкопенияда қолдануға болмайды. Сонымен қатар йод препараттары: молекулалары және родиактивті йод (I131), калий йодиді.

Кальцитонин (тиреокальцитонин)- сүйекке кальцийдің жинақталып қалуына жағдай жасап, гипофосфатемиялық әсер көрсетеді.

Calcitrinum- кальцитрин (Б): ӘБ 10 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, остеопорозда, парадонтозда 0,25-0,5 мл-ден күнде б/е және т/а енгізіледі. Гипокальциемияда, жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды.

 

3. Қалқансерік безінің гормонды препаратты

Қалқансерік безінің гипофункциясында қандағы кальций құрамы төмендейді, үлкендерде тетания, ал балаларда спазмофилия (ес түсінен танумен жүретін қалтырау) байқалады. Жедел кезеңінде қалтырауға қарсы препараттар және кальцийдің препараттары тағайындалады.

Қалқансерік безінің гиперфункцисында қандағы Ca2+ ионының құрамы жоғарылап, ал сүйектерде азаяды, ол остеопорозаға (сүйек ұлпасының ыдырауы), сүйектің деформациясына және сынғыштыққа алып келеді. Ондай жағдайда кальцитонин қолданылады.

  Паратиреоидин (паратгормон) тиреокальцитониннің антагонисті болып табылады. Кальций мен фосфордың алмасуын реттейді.

Parathyreoidinum - паратиреоидин (Б): 1 мл амп. шығарылып, 1-2 мл күнде немесе күнара т/а, б/е, енгізіледі. гипокальциемияда, созылмалы гипопаратиреозда (тетанияны алдын алу үшін) қолданылады. Қандағы кальцийдің құрамы көбеюінде қолдануға болмайды.

4. Ұйқы безі гормондарының препараттары және ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер

Инсулин ұйқы безінің β- жасушаларында өндіріліп, жасушадағы анаболикалық процесін күшейтеді, көмірсу алмасуын реттеп, глюкозаның жасуша ішіне тасымалдауын және олардың ұлпалармен сіңірілуін қамтамасыз етіп, гликогенезді, май қышқылдарының және ақуыздың синтезделуін күшейтеді. Инсулин гормонының жеткіліксіздігінен қант диабетіне алып келеді.

Insulinum – инсулин (Б): 5 және 10 мл флаконда (1мл-де 40 немесе 80 ӘБ бар) - т/а, б/е, к/т, енгізіледі. міндетті түрде дәрігердің нұсқауымен мөлшерленеді. Гипогликемиялық әсер көрсетіп, қант диабетінде және гипергликемиялық комада қолданылады.

Әсері қысқа инсулиндер суда ериді, т/а, б/е, к/т енгізіледі. әсері 30 мин. басталып, 8 сағ, созылады.

а) Адам инсулиніне ұқсас инсулиндер (гендік инжинерия әдісімен алынған): актрапид НМ, актрапид ЧМ, инутрал ХМ, инсуман Рапид, хоморал - 40, хумулин Р Регуляр;

б ) Монокомпонентті (шошқаның ұйқы безінен алынған): актрапид МС, актрапид МК, инсулрап СПП, инутрал СПП, илетин II Регуляр;

в) Жоғары дәрежеде тазартылғын (шошқаның ұйқы безінен алынған): актрапид;

Инсулиннің депо-препараттары т/а, кейде б/е, енгізілетін суспензия болып табылады.

Әсері орташа инсулиндер (инсулинның суспензиялары) – әсері 30 мин. – 3 сағ. басталып, 14-24 сағ. созылады. Оларға: инсуман Базал, протафан НМ, исофан ХМ, хумулин Н НПХ жатады.

Әсері ұзақ инсулиндер (кристаллды цинк-инсулиннің суспензиялары) әсері 3-4 сағ. басталып, 24-28 сағ. созылады. Оларға: ультратард НМ, ультратарл ЧМ, хумулин У ультраленте жатады.

Инсулиндердің жанама әсері аллергиялық реакциялар, мөлшерін асырғанда гипогликемиялық кома (қандағы қанттың мөлшері төмендеуі) байқалуы мүмкін. Егер қант диабетін емдемеген жағдайда гипергликемиялық кома (қандағы қанттың мөлшері жоғарлауы) байқалады. Екі жағдайда өте қауіпті болып саналады.

                                                            

                      Ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер

35-40 жастан асқан науқастарда II типтегі қант диабетінде (инсулинге тәуелсіз) ауыз қуысы арқылы енгізілетін препараттар белгіленеді.

Сульфонилмочевина туындылары ұйқы безі жасушаларындағы, эндогенді инсулиннің синтезін және босап шығуын күшейтеді.

Butamidum- бутамид (орабет) (Б): 0,25 және 0,5 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігінде 1-3 рет 1 сағ. тамақтан алдын қабылдау қажет.

Glibenclamidum (манинил)- глибенкламид (Б): 0,005 таб. шығарылып, ½-1 таб. тәулігіне 1-2 рет аш қарынға және тамақтан 2 сағ. соң белгіленеді.

Букарбан, толазамид, хлорпропамид, глипизид (глюренорм) , гликлазид ( диабетон, предиан ) .

Бигуанидтер ұйқы безінен тыс әсер етеді, яғни инсулинге тәуелсіз глюкозаның ұлпаларға сіңірілуін күшейтеді. Липолизді күшейтіп, АІЖ-да глюкозаның сіңірілуін азайтады.

 Glibutidum – глибутид (адебит) (Б): 0,05 таб. тамақ үстінде қабылдау қажет.

Глиформин, фенформин, метформин, (сиофор), акарбоза (глюкобай).

5.Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттары

Бүйрек үсті безінің қыртысының қабатынан минералокортикоидтар, глюкокортикоидтар және жыныс гормондары деп аталатын өмір сүруге маңызды 40-қа жуық гормондар өндіріледі.

Глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтар кортикостероидтарға жатады. Ағзада холостериннен немесе ацетилкоэнзимнен синтезделеді. Бұл процесс гипофиздің АКТГ-мен реттелініп отырады. Кортикостероидтар синтетикалық жолмен алынады.

Минералокортикоидтар (альдостерон) ағзадан Na+, Cl- иондарының және судың жиналуы К+ иондарының шығарылуын күшейтеді. Ұлпалардың гидрофильділігін арттырып, АҚ жоғарылатады, сонымен бірге қанқа бұлшық еттерінің тонусы мен жұмысқа қабілеттілігін (сондықтан миастенияда, адинамияда қолданылады) жоғарылатады. Адиссон ауруында, гипокортицизмде, адинамияда, жалпы бұлшық ет әлсіздігіне және т.б. тағайындалады. Гипертониялық ауруда, ісінумен жүретін жүрек жеткіліксіздігінде, стенокардияда, атеросклерозда, нефритте, нефрозда және бауыр циррозында қолдануға болмайды.

Desoxyorticosteroni acetas- дезоксикортикостерон ацетаты (Б): 0,005 таблеткада шығарылып, күнде немесе күнара тіл астына; 0,5% 1 мл майлы ерітіндісін күнара 1-2 мл-ден б/е енгізіледі.

 Глюкокортикоидтар зат алмасудың барлық түріне әсер етеді:

- көмірсулар: қанда глюкозаның, ал бауыр мен бұлшық етте глюкогеннің мөлшерін жоғарылатады.

- белок: белок синтезін төмендетіп (антианаболикалық әсер), белок ыдырауын жылдамдатып, (катаболикалық әсер) және несеппен азоттың шығарылуын күшейтеді;

- май: бетте және тұлғаның жоғарғы жартысында майлардың жиналуы, иммундық жасушалар мен жаңа ұлпалардың қалпына келуін төмендуі.

- тұз-су: минералокортикоидтарға ұқсас;

- кальций алмасу; ішекте Cl2+ иондарының сіңірілуін төмендетіп, бүйрек эксекрециясын күшейтіп, сүйектердің деминерализациясын және остеопороз тудырады.

Глюкокортикоидтар қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және антитоксикалық әсері бар. Ревматизмде, ревматоидты артритте, радикулитте, коллагенозда, бронх демікпесінде, жіті панкреатитте, жіті лейкозда, экземада, геморройда, Адиссон ауруында, миастенияда, аллергиялық нейродермитте және басқа да тері ауруларында кеңінен қолданылады. Глюкокортикоидтарды шокты емдеу (жарақаттан кейінгі, операциялық, кардиогенді және т.б.) және алдын алу үшін белгілейді. Мүшелер мен ұлпалардың трансплатациясында (ауыстырып қондыру) және де әртүрлі аутоиммундық ауруларда қолданылады. Жанама әсері: кортикоидтарға тәуелділік, семіздік, гипокалиемия,остеопопроз және сүйектің патологиялық сынықта, жүйке және психикалық бұзылыстар (ұйқысыздық, эйфория және т.б.), иммунитеттің төмендеуі, инфекцияларға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі, стероидты пепсиндік жара (ішек және өңеш жарасы) және т.б. байқалуы мүмкін. Гипертониялық ауруларда, қан айналымының жеткіліксіздігінде, жіті эндокардитте, психозда, асқазан мен ұлтабардың жараларында, нефритте, остеопорозда, операциядан кейінгі кезеңде, туберкулездің белсенді түрінде, қант диабетінде, жүктілікте және Иценко-Кушинга ауруында қолдануға болмайды.

Hydrocortisoni acetas – гидрокортизон ацетаты (Б):  2,5% 2 мл суспензия амп. шығарылып, 0,2-0,3-1 мл – ден аптасына 1 рет буын қуысына;  1-2 мл тәулігіне 1-2 рет б/е; 0,5% көз жағылма; 1% дерматологиялық жағылма. Гидрокортизон және кортизон табиғи глюкокортикоидтарға жатады, ал қалғандары синтетикалық препараттар.

Prednisolonumпреднизолон (Б): 0.001 және 0.005 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 2-3 рет;  0,5% жағылма; 3% 1мл еріт. амп. -1-3 мл бояу, ал 250 мл  0,9% NaCl  еріт.тамшылатып к/т енгізіледі.

Dexamanethasonum – дексаметазон (дексазон) (Б): 0,0005 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақ үстінде немесе тамақтан соң; 0,1%  10 мл флакондағы суспензия, көз және құлақ тамшылары түрінде тағайындалады.

Triamcinolonum – триамцинолон (полькортолон, кеналог) (Б): 0,004 таб. шығарылып, ½ - 1таб. тәулігіне  1-4  рет белгіленеді.

  Синафлан (флуоцинолон ацетониді) және флуметазон пивалаты – жоғары қабынуға қарсы және қышымаға қарсы әсері бар, жергілікті қолданғанда нашар сіңірілетінпреднизолонның дифтортындысы. Бұлар тек жергілікті жағылма және крем түрінде микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындалады.

Жағылмалары: «Флуцинар», «Синалар», «Синалар-Н», «Лоринден», «Лоринден С», «Лекакортен», «Лекакортен-Н», «Дермозолон», «Целестодерм»,  «Гиоксизон», «Элоком», «Фторокорт», «Полькортолон», және т.б. аэрозолдар: «Полькортолон ТС», «Оксикорт» - сыртқа қолдануға арналған; Аэрозолдар: «Бекломет»(Кленил),  «Пульмикорт»(Бенакорт), «Ингакорт»(Флунизолид), «Серетид» - ингаляция үшін; суппозиторий түрінде  «Ультропрокт».

 

12. Иммундық жүйеге әсер ететін дәрілер

(иммуномодуляторлар)

Иммунитет кейбір ауру қоздырғыштарына қарсы тұратын ағзаның қорғаныш қасиеті. Микроорганизмдерді және олардың токсиндерин, вирустарын, табиғаты антиген заттары немесе мүше қондырымында ағзаның антигенге иммундық жауап реакциясы пайда болады.

Иммунитеттің 2 түрі бар: гуморальды (қанда БАЗ болады) және жасушалық (жоғарғы сезімталдықты төмендетеді). Ағзада кез келген антигенге ек түрі де пайда болады. Олардың пайда болуы лимфоциттердің түріне байланысты. Лимфоциттерді Т-лимфоциттер (тимусқа тәуелді) және В-лимфоциттер (тимусқа тәуелсіз) де ажыратылады. Т-лимфоциттер жасушалық, ал В-лимфоциттер гуморальды иммунитетті қамтамасыз етді. Гуморальды және жасушалық иммунитеттердің дамуында лимфоциттердің құрамы көбейеді.

Ағзаның иммундық күші төмендеуінде, яғни иммунитет төменде жағдайында иммуностимляторлар белгіленеді. Аллергиялық ауруларды емдеу үшін, мүшелер мен ұлпаларды бөгде ағзаға ауыстырып қондыруда, иммунитетті төмендететін, яғни иммунодепрессанттар белгіленеді.

 

       а) Иммуностимуляторлар (иммуноқуаттандырғыш дәрілер)

       Бұл топ препараттары жасушалық және гуморальды иммунитетті күшейтіп, имнотопшалық жағдайда қолданылады.

1. Жануарлардан алынған иммуностимляторлар.

а) Тимус препараттары: Тималин, тактивин (Т-активин), тимоптин, вилозен–Т-лимфоциттердің құрамын көбейтіп, жасушалық иммунитетті фагоцитозды, регенерация прцестерін күшейтеді. Ірі қара малдардың айырша безінен алынған сығынды препараттар. Созылмалы іріңді және қабыну процестерінде, созылмалы сепсисте, ұзақ уақыт созылатын микробтық, вирустық және саңырауқұлақ ауруларында, күйікте, ойық жараларында, онкологиялық ауруларының сәулелі химиотерапиясында, жарақаттан кейін және операциядан кейінгі жұқпалы асқынуларды алдын алуда қолданылады. Тималин (Тhymalinum): 0,01 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1 мл 0,9% NaCl еріт. ерітіп, б/е; ал тактивин мен тимоптин т/а енгізіледі. Вилозен жоғары тыныс жолдарының аллергиялық ауруларында (полиноз, ринит,синусит), жергілікті мұрынға тамшы немесе интраназальды ингаляция түрінде енгізіледі. Кей жағдайда тимус препараттары аллергиялық реакциялар тудырады.

б) Жілік майының препараттары: миелопид (В-активин) В-лимфоциттердің құрамын көбейтіп, гуморальды иммунитетті күшейтеді. Хирургиялық операциялардан, жарақаттардан, остеомиелиттен және басқа да патологиялық жағдайлардан кейінгі инфекциялардың асқынуларын алдын алу үшін қолданылады.

  2. Бактериялардан алынған иммуностимуляторлар

  Рибомунил және бронхо-мунал – жасушалық және гуморальды иммунитетті күшейтіп, интерферонның синтезін арттыратын, спецификалық емес иммуностимяторлар болып табылады. Құлақ, тамақ, мұрын және бронх-өкпе аппаратының созылмалы ауруларында және олардың қайталауын алдын алу үшін қолданылады. Рибомунил – 3 таб. таңертең аш қарынға, бронхо-мунал 1 капс. таңертең аш қарынға белгіленеді. Бұл препараттар микробқа қарсы терапияның тиімділігін күшейтеді.

Продигиозан және пирогенал – эндогенді интерферон өнімін қуаттандырып, ағзаның гиперэргиялық реакциясын тудыратын бактериялардан алынған липополисахаридті кешен. Жұқпалы ауруларды кешенді емдеуде қолданады. Қабыну экссудаттарын, патологиялық тыртықтарды, жаралардың жазылуына жағдай жасайды. Препараттар дене қызуы көтерілуін, қалтырау, бас ауыру және буын ауруларын шақырады. Мөлшерін жеке таңдауды қажет етеді.

Натрий нуклеинаты – лейкопоэз және Т- және В-лимфоциттердің әсерлесуін қуаттандырып, фагоцитоз бен регенерация процесінің белсенділігін күшейтетін, ашытқы гидролизінен алынады. Лейкопения, агранлоцитоз, созылмалы қабыну ауруларының кешенді емдеуінде қолданылады.

Имудон – кептірілген бактериялар мен саңырауқұлақтардың лиофизирленген қоспасы. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы қабыну ауруларында (афтозды стоматит, парадонтоз, гингивит, альвеолярлы пиорея және т.б.) ауыз қуысына салып соратын таблетка түрінде қолданылады. Фагоцитозды белсендіреді, иммунокомпетентті жасушалар санын арттыруға ықпал етеді, сілекейде лизоцимнің және интерферонның секреторлық А иммуноглобулиннің өндірілуін артырады.

ИРС-19 – лизоцим мен А типті иммуноглобулиннің құрамын жоғарылатып, фагоцитоздың белсенділігін арттыратын бактериялардың гидролизаты болып табылады. Құлақ, тама, мұрын – мүшелержәне тыныс алу мүшелерінің қабыну,жұқпалы ауруларын алдын алу және емдеу үшін интраназальды спрей түрінде тағайындалады.

  3. Рекомбинатты (гендік инженерия әдісімен алынған) иммуностимуляторлар.

  Филграстим (нейпоген) және молграмостим(лейкомакс) колоние қуаттандырғыш өсу факторы болып табылады. Олардың әсерінен діңгек жасушаларынан әртүрлі қан жасушалары түзіледі. Филграстим белсенді нейтрофилдердің өндірілуін, өсуін және қанға шығарылуын күшейтеді. Нейтрофил саны төмендеуімен байланысты, жұқпалы ауруларды емдеу үшін және туа пайда болған нейтропенияда антибактериальды терапиямен бірге тағайындалады. Молграмостим гранулоциттердің, Т- лимфоциттердің және моноциттердің өсуін күшейтіп, фагоцитозды белсендіреді. Сепсисте, лейкопенияда, ЖИТС мен ауыратын науқастарды емдеуде қолданылады.

Реаферон (альфа2 интерферон) және басқа да интерферондар вирусты инфекцияларда (гепатит және т.б.) және қатерлі ісікте (миелолейкоз, бүйрек өспесінде(рак) және т.б.) қолданылады.

  Ронколейкин және беталейкин іріңді хирургияда және онкологияда химио- және радиотерапиядан кейінқолданылады.

  4. Синтетикалық иммуностимуляторлар. Левамизол (декарис) және тимоген жасушалық иммунитетті күшейтеді. Левамизол ревматоидты артритте, кейбір созылмалы және қайталанатын жұқпалы ауруларда, ісік ауруларында қолданылады. Тимоген жіті және созылмалы жұқпалы аууларда, репаративті (қалпына келу) процестердің тежелуінде, операцияларда, ісіктердің сәулелі және химиотерапиясында қолданылады.

  Метилурацил және дибазол – антидене мен интерферонның синтезін күшейтіп, фагоцитоздың белсенділігін арттырады. Метилурацил лейкопенияның жеңіл түрінде, баяу жазылатын жараларда, күйгенде, сынықта, сондай-ақ асқазан мен ұлтабардң ойық жараларында, панкреатитте, гепатитте ұлпалардың регенерациясын (қалпына келуін) күшейту мақсатында қолданылады. Дибазол тұмау мен басқа да ТЖВЖ (ОРВИ) алдын алуүшін қолданылады.

  5. Иммуноглобулиндер.

   Адамның қалыпты иммунолобулині (интраглобин, сандоглобулин, октаган, пентаглобин) жұқпалы аурулар түрінде өтетін біріншілік және екіншілік иммунды тапшылықта орын басушы терапия ретінде қолданылады.

   Ағзаның қорғаныш қаиетін және зат алмасу процесін жақсарту арқылы иммунитеті қуаттандырғыш әсер ететін препараттары:

  - Өсімдіктекті препараттары: жень-шень тұндырмасы, аралия тұндырмасы, элеутнрококк тұндырмасы, қызғылт сезімот (алтын тамыр) сығындысы жалпы тонусты реттейтін әсері бар.

 - Витаминдер: аскорбин қышқылы, ретинол, а-токоферол, В және басқа тобының витаминдері – ағзаның резистенттілігін (қарсы тұру) күшейтеді. - -

- Пробиотиктер мен эубиотиктер: бифидумбактерин, лактобактерин, бификол және т. б. препараттары ішектің ұалыпты микрофлорасын ұалпына келтіре отырып, имунитетті жоғарлататын микробтыұ масса.

 

       б) Иммунодепрессивті дәрілер (Иммуносупрессорлар)

Бұл топ препараттары жасушалық иммунитетті тежеп, баяу типті гипериммундық реакцияларда, ауыр аутоиммундық ауруларда (спецификалық емес ревматоидты полиартритте, спецификалық емес тоқ ішек жарасында, жүйелі қызыл жегіде, ООЖ-сі мен бүйректің иммунды бұзылуында, созылмалы гепатитте) және мүшелердің ауыстырып қондырымында (бүйрек, жүрек, өкпе, бас ми) қолданылады. Иммунодепрессанттардың  әсер ету механизмі  антигенмен шақырылған иммунды жасушаларының кооперативті реакциялардың тежелуімен, Т- лимфоциттердің пролиферациясымен және олардың Т- киллерге, Т- супрессорға, Т- хелперге өзгеруінен, сондай-ақ ұлпалардың зақымдануынан төмендетуімен байланысты.

       1. Цитостатикалық дәрілер: азатиоприн (имуран), циклофосфан, метотрексат - иммунодепрессивті әсерінен басқа азатиоприннің ісікке қарсы белсенділігі (азиотопринде цитостатикалық белсенділігі төмен) басым. Цитостатиктер ДНҚ - ң және РНҚ- ң синтезін бұзып, жасушалардың, әсіресе тез бөлінетін жасушалар, көбінесе лимфоциттердің бөлінуін тежейді. Көбінесе аутоиммунды ауруларда қолданылады. Қан жасалуын бұзып АІЖ -ң жаралары, диспепсия, бауыр мен бүйректің зақымдалуын, жұқпалы аурулардың өршуін тудырып, концерогенді және тератогенді әсер көрсетеді.

       Azathioprinu - азатиоприн (А): 0,05 таб. шығарылып 1-2 таб. тәулігіне 2-3 рет (қанның құрамын үнемі бақылап отырып, науқас дәрігердің бақылауында болуы қажет) белгіленеді.

       2. Антибиотиктер: циклоспорин (сандиммун), такролимус (FK-506, програф)- мүшелердің ауыстырып қондырымында қолданылады(ішке және күре тамырға енгізіледі).

       Циклоспорин нефро-және гепатотоксикалық әсер етеді, ал такролимус нефро -және нейротоксикалық әсер етіп, АҚ-ң және қандағы қанттың мөлшерін жоғарылатады.

       3. Батриден - бүйректі ауыстырып қондырымында (глукокортикойдтармен, антибиотиктермен бірге) және созылмалы гломерулонефритте (0,1 таб.) қолданылады.

       4. Глюкокортикоидтар - преднизолон, дексаметазон және т.б. Т-лимфоциттердің пролиферациясын және В- лимфоциттермен кооперациясын тежеп, иммуноглобулиндердің синтезін төмендетеді.

Сонымен қатар күшті қабынуға қарсы әсері бар. Аутоиммундық аурулардыа қолданылады.

       5. Антилимфоцитарлы сары сулар: антилимфолин- Кr, АТГ- Фрезениус- құрамында иммунодепрессивті әсер ететін иммуноглобулині бар. Тек стационар жағыдайында антибиотиктермен және глюкокортикоидтармен бірге мүшелер мен ұлпалардың ауыстырып қондыруда қолданылады.

       6. Коллагеноздардың базисті терапиясындағы препараттары: хингамин (делагил, хлорохин) және гидроксихлорохин (плаквенил)-  малярияға қарсы препарат; алтын препараттары: кризанол (5% 2мл майлы суспензиясы ампулада шығарылып, аптасына 1рет б\е енгізіледі) ауранофин  (0,003 таб) ; пеницилламин (куперенил)-  "әлсіз иммунодепрессанттар", бұлар жасушалық және гуморальды иммунитетті төмендетіп, қабыну процесінің пролиферативті фазасымен төмендетеді. Әсері баяу басталып (10-12 аптадан соң) ұзаққа сақталады. Препаратты ұзақ қолданады (6ай), алтын препараттары мен пеницилламин улы болып келеді. Препараттарды көбінесе ревматоидты артритте қолданылады. Бұл препараттар қабыну процесінің жедел фазасында әсері тиімсіз.

 

13. Қатерлі ісікте қолданылатын дәрілер

(Бластомаға қарсы дәрілер)

       Бластомаға қарсы дәрілер қанның қатерлі ісік ауруларындағы (лейкоздар және т. б.) қатерлі ісік жасушалары (рак және т.б.) мен форменді элементтердің дамуын тоқтатуға қабілетті дәрілер. Қатерлі ісіктер үшін инфильтративті өсу мен метастаз тән. Қатерсіз ісікте бұл әсерлер байқалмайды. Қатерлі ісіктерді бластомаға қарсы дәрілермен емдеу "химиотерапия" деп аталады. Онкологиялық науқастарды емдеуде химиотерапиямен қатар хирургиялық ем және сәулелі терапиясы тағайындалады.

 

                   Бластомаға қарсы дәрілердің жіктелуі

Бластомаға қарсы дәрілік топтар мен оның препараттары Әсер ету механизімі Ісікке қарсы әсерінің спектрі
1. Цитотоксикалық дәрілер а) Алкилдеуші дәрілер: 1) Хлорэтиламиндер: циклофосфан, хлорбутин, допан, сарколизин; 2) Этиленминдер: тиофосфамид; 3)Нитрозомочевина туындылары: ломустин, кармустин, нитрозометлмочевина; 4) Метансульфон қышқылының туындылары: миелосан, миелобромол; б) Антиметаболиттер: 1) Фолий қышқылының антогонисттері: метотрексат; 2) Пурин антогонисттері: меркаптопурин, тиогуанин; 3) Пиримидин антагонисттері; фторурацил, фторафур, цитарабин (цитазар). в) Әр түрлі сентетикалық препараттары: 1) Платина қосылыстары: цисплатин, карбоплатин.   2) Триазен және гидразин туындылары: прокарбазин (натулан) декарбазин, проспидин.   г)Ісікке қарсы антибиотиктер: дактиномицин, рубомокцин , адриамицин (доксорубицин) фарморубицин, карминомицин, оливомицин, беломицин, брунеомицин, метомицин.   Д) Өсімдіктен алынған препараттары: 1) Алкалоидтар: колхамин демоколцин, омаин, винбластин ; 2) Подофиллотоксиндер: этопозид (вепезид), тенопизид(вумон)   ІІ. Гормондар және оның антагонисттері. а) Андрогендер:  тестостерон пропионаты, тестенат; б) Антиандрогендер:  флутамид, ципротерон (андрокур); в) Эстрогендер: синэстрол, фосфэстрол, этинилэстрадиол; г) Антиэстрогендер:  тамоксифен; д) Гестагендер: медроксипрогестерон (провера, фарлутал); е) Глюкокортикоидтар: гидрокортизон, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон.   ІІІ. Ферменттер L- аспарагиназа   Әр түрлі жасуша элементтерімен өзінің алкилді радикалдарымен қайтымсыз ковалентті байланыс түзеді (әсіресе ДНҚ тізбегіндегі гуанинді қалдықтармен), ол рак жасушаларының бөлінуін көбеюін тежеп, жойылуына алып келеді. Рак жасушалары дамуының әр түрлі фазаларына әсер етеді.   Табиғи метаболиттердің құрлысына ұқсас болғандықтан ісік жасушаларының жасушалық ферменттік процестерін бөгеу арқылы РНҚ және ДНҚ синтезін бұзады. Тек бөлінетін рак жасушаларына әсер етеді.   Платинді кешен ДНҚ- ға қосылып алкилдеуші агенттер тәрізді нуклеин қышқылдарының биосинтезін бұзады.   Алкилдеуші дәрілер тәрізді әсер етеді.   Циклді топтардың көмегімен ДНҚ мен РНҚ-ң жқп арасына қосылып, нуклеин қышқылдары тізбегінің бөлінуі мен ДНҚ синтезінің тежелуін тудырады.   Рак жасушаларының циклінің әр түрлі фазаларына әсер етеді. Түзілуін тежеп, бөлінуін тоқтатады. Тек бөлу фазасына әсер етеді.   Жыныс гормондары рак жасушаларын жоймайды, бірақ жасушалардың бөлінуін тежеп жіктейді, сонымен қатар жасуша қызметінің гуморальді реттелуінің бұзылуын біртіндеп қалпына келтіреді.     Глюкокортикоидтар ісік процесіне аз әсер етеді, бірақ цитостатиктердің әсерін күшейтіп жақсартады. Жасуша мембраналарының құрлымы үшін, ісік жасушаларына қажетті аспарагинді ыдыратады. Гемабластозда (созылмалы лейкемия, лимфагранулематоз, лимфосаркома, ретикулосаркома), кейбір топ препараттары миеломада, сүт бездерінің, аналық без рагында, семиномада, өкпе майда жасушалық рагында, тоқ ішек рагында тиімді.     Метотрексат - лейкемия, лимфома, өкпе сүт безі мен аналық без рагында қолданылады. Меркаптопурин - лейкемияда. Фторурацил- азқазанның тоқ және тік ішектің, сүт бездерінің рагында. Цитарабин- лейкемияда.   Цисплатин -ұрық безі қуық, аналық без, бас және мойын аймақтарының жалпақ жасушалық рагында, остеогенді саркомада. Карбоплатин - аналық без ісігінде. Прокорбазин - лимфогранулематозда.   Дакарбазин - меланомада. Дактиномицин - жатырдың хорионэпителиомасында, Вильмса ісігінде, Юинга ісігінде, лимфогранулематозда және т. б. Адриамицин- жедел лейкемия, жұмсақ ұлпа саркомасында , лимфосаркомада, және т. б. Колхамин - тері рагында. Винбластин- лимфогранулематозда, жатырдың хоринэпителиомасында және т. б. Винкрестин ісігінде және т. б.  Этопозид- өкпенің майда жасушалық рагында. Тенипозид - гемобластозда.   Жыныс гормондары гормонға тәуелді ісіктерде қолданылады. Андрогендер мен антиэстрогендер - сүт бездерінің рагында.   Эстрогендер мен антиандрогендер- қуық асты безінің рагында.   Гестагендер - жатыр рагында(эндометрия) Жіті және созылмалы лейкозда.     Жіті лимфобласты лейкемияда

 Бластомаға қарсы дәрілерді қолданғанда науқастардың 100%-де жанама әсерлер байқалады. Көбінесе лоқсу және құсу, қан жасалуы мен иммунитеттің тежелуі,АІЖ-ң шырышты қабықшасының зақымдалуы, цистит, гепатит, бүйректің зақымдалуы, гиперурекемия, алопеция, неврологиялық бұзылыстар, өкпе мен миокардтың зақымдануы, аллергиялық реакциялар, дене қызуының көтерілуі,инфекцияның байқалуы мен асқынуы, гормондардың қызметінің бұзылуы және т.б. байқалады.

Онкологиялық науқастарды емдеу арнайы емдеу мекемелерінде бластомаға қарсы дәрілерді белгілі бір кесте бойынша қиыстырып тағайындалады.       

14. Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің

Негізгі принциптері

       1.Удың қанға сіңірілуін тоқтату

       а ) Асқазанды шаю - жылы сумен, калий перманганатының ерітіндісімен, белсендірілген көмірдің суспензиясымен жүзеге асырылады, әсіресе ОЖЖ-н тежейтін заттармен уланғанда. Асқазанды зонд ( шолғы) арқылы шайған дұрыс. Қышқылдар және сілтілермен улағанда алдын ала наркотикалық анальгетиктер ( морфин және т.б.),спазмолитиктер ( атрофин және т.б.) енгізіледі, ал зондты вазелин немесе өсімдік майымен майлау қажет.

       б) Ішектегі уды шығару - тазалау клизмасының көмегімен жүргізіліп, ішке белсендірілген көмір ( сіңіргіш зат) мен тұзды іш жүргізетін ( магний сульфаты ) дәрілер беріледі. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда іш жүргізетін дәрілерді беруге болмайды.

       в) Токсинді заттардың тері мен шырышты қабыққа шашырағанда

- көп мөлшерде ағынды сумен шайып, мүмкін болса қышқылды сілтілермен ( натрий гидрокарбонат ерітіндісімен ) бейтараптау қажет.

       г) Токсинді заттың ағзаға өкпе арқылы түскенде - удан аластату, таза ауамен дем алуын қамтамасыз ету.

 

       2. Ағзадан удың шығарылуын жылдамдату. Табиғи әдістер:

       а) Форсирленген диурез - 1,5 - 2 л 0,9 % NaCl ерітіндісін қ/т енгізіп, сонан соң белсенді несеп айдаушы дәрілер (фуросемид, маннит ) енгізіледі. Форсирленген диурезді жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне, ми немесе өкпенің қауіпті ісігінде қолдануға болмайды.

       б) Егер заттар өкпеден бөлінетін болса, өкпенің гипервентиляциясын, карбогенмен ингаляциясын қамтамасыз ету қажет.

       Жасанды әдістер:

       а) перитонеальды диализ - іш қуысын электролитті ерітінділерімен шаю:

       б) гемодиализ - қанды "жасанды бүйрек " диализаторы арқылы өткізеді:

       в) гемосорбция - улар сорбенттерде адсорбцияланады ( мысалы, түйіршікті белсендірілген көмірде);

       г) қан құю.

       3. Сіңірілген удың әсерін басу. Улардың әсерін басу үшін антидот қолданылады, олар улармен химиялық немесе физикалық - химиялық әрекеттесетін заттар. Мысалы: белсендірілген көмір абсорбция әдісімен (физикалық - химиялық әрекеттесу ) әсер етеді. Темір препараттарымен уланғанда антидот ретінде дефероксамин: ауыр металл тұздарымен уланғанда унитиол: ФОҚ - мен уланғанда дипироксим мен изонитрозин: синил қышқылымен, цианидтермен уланғанда метилен көгі мен натрий нитриті: гепариннің мөлшерін асырғанда протамин сульфаты және т.б. қолданылады.

       Фармакологиялық антагонистер де кеңінен қолданылады. Мысалы, антихолинэстеразды дәрілермен уланғанда атропин, морфинмен уланғанда налоксон және т.б. қолданылады.

 

       4. Жедел уланудың симтоматикалық терапиясы. Спецификалық антидот болмаған жағдайда жедел улануға симтоматикалық ем жүргізудің айрықша маңызы бар. Әсіресе қан айналым мен тыныс алу жүйесін қадағалау қажет. Жүрек гликозидтерін, АҚ реттейтін дәрілер, оттегі терапиясы, тыныс алу стимуляторлары, қажетті жағдайда бронхолитиктер, тырысуға қарсы, анальгетикалық дәрілер қолданылады.Су - электролитті баланысты қадағалау қажет. Қажетті жағдайда реанимациялық шаралар жүргізіледі.

 

                       

15. ДӘРІ - ДӘРМЕКТІ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

      

     Тамақтан алдын

       1. Тәбет ашатын дәрілер ( ащылар және т.б.) - 20-30 мин. тамақ алдында.

       2. Құсық басатын дәрілер.

       3. Бырыстырғыш дәрілер.

       4. Өт айдаушы дәрілер.

       5.Антибиотиктер және басқада микробқа қарсы дәрілер.

       6.Бактериялық диареяға қарсы дәрілер - 20-30 мин. тамақ алдында.

       7.Анорексигенді дәрілер (немесе таңғы ас және түскі ас кезінде ).

       8. Жалпы тонусты реттейтін дәрілер.

       9. Витаминдер.

       10. Ауырсынуды басатын дәрілер (асқазан-ішек, бас ауруларына т.с.с. ).

           

      Тамақ үстінде

       1. Асқазан безі секрециясы төмендеуіндегі орынбасушы терапиядағы дәрілер .       

      2. Тітіркендіргіш әсері бар кейбір препараттар (бутадион, "реопирин ", ортофен, индометацин, кетопрофен, натрий вальпроаты және т.б. ).

       3. Таблетка түріндегі ферментті препараттар - шайнамай жұту керек ( немесе тамақтан кейін).

 

       Тамақтан кейін

       1. Тітіркендіргіш әсері бар препараттар (ацетилсалицил қышқылы: құрамында ацетилсалицил қышқылы, анальгин, бутадион, фенацетині бар препараттар: индометацин, ортофен, мефенам қышқылы, диоксибензой қышқылы және т.б.).

       2. Темір препараттары.

       3. Мышьяк препараттары.

       4. Йод препараттары.

       5. Хинин препараттары.

       6. Гипотензивті препараттар.

       7. Несеп айдаушы дәрілер.

       8. Туберкулезге қарсы дәрілер.

       9. Әртүрлі дәрілер (пентоксил, метилурацил, аллохол, апрессин, викалин, амизил, этазол, никотин қышқылы, хлоралгидрат және т.б.).

           

           

 

      Аш қарынға

       1. Пиперазиннен басқа, құрттарға қарсы дәрілер

       2. Тұзды іш айдаушы дәрілер.

       3. Минералды сулар.

       4. Майсана майы.

 

       Ұйықтар алдында

       1.Барлық ұйықтататын дәрілер.

       2.Іш қатудағы іш айдаушы дәрілер.

       3.Сульфаниламидті препараттар.

 

      Сызба бойынша

      1. Безгекке (малярия) қарсы препаратар.

      2. Антибиотиктер – сызба бойынша немесе тамақ алдында.

      3. Сульфаниламидті препараттар.

 

       Ескертулер

       1. ОЖЖ-ін қуаттандыратын барлық препараттарды - ұйқысыздықты туғызбау үшін, тек тәуліктің бірінші жартысында ( сағ. 16:00 ге дейін ) қабылдау қажет.

       2. Асқазан сөлінде бұзылатын пантокрин және гормонды препараттарды, ас содасы қосылған сумен қабылдау қажет.

       3. Гормонды препараттарды толық ерігенше жұтыну қимылдарын жасамай, тіл астында ұстау қажет.

       4. Құрттарға қарсы препараттарды қабылдағанда майлы тамақтарды қолданбаған жөн.

       5. В2 витаминін қабылдағанда белок тағамдарын - ірімшік, сүт, лобия және т.с.с. бірге қолдану қажет.

       6."В " тобының витаминдерин қабылдағанда тұзды тағамдарды қолданбаған жөн.

 

      

 

 

                                                              ӘДЕБИЕТТЕР

1. Харкевич Д.А Фармакология. -7-е изд. , перераб. И доп. – М.: « ГЭОТАР – МЕД», 2003.

2. Майский В.В., Муратов В.К. Фармакология с рецептурой. -3-е изд., перераб. И доп. – М.:»Медицина» 1986.

3. Кудрин А.Н. Фармакология: Учебник для студентов фарм. Институтов – М.: Медицина 1991.

4. Машковский М.Д. Лекарственные средства. В 2-х Т – 13 –е изд., перераб. И доп. – М.: « Медицина» 1997.

5. Курбат Н.М., Станкевич П.Б. Рецептурный справочник врача. – 3-е изд., стереотип. – Мн.: Выш.Шк., 1998.

6. Справочник Видаль: Лекарственные препараты в России – М.:OVPEE-АстраФармСервис, 2007.

7. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А. Фармакология с рецептурой. – СПб: Спец.Лит, 2000.

8. Справочник врача общей практики. /Бочков Н.П., насонова В.А. и др./ Палеева Н.Р. – М.: Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2002.

9. Курлович Л.Д. Основы фамакологии., Мн.: «Новое знание» , 2005.

10.  Кравчук М.И. Лекций по фармакологии. – Шымкент, 2005.

11.  Кравчук М.И. Дидактические материалы по фармакологии. – Шымкент, 2004.

12.  Кравчук М.И. Фармакологический словарь. – Шымкент, 2007.

13.  Фармакология практикумы. – Орманов Н.Ж., Шымкент, 2004.

14.  Орманов Н.Ж., Кудабаев А.К., Кадаеева М.С., Ибрагимова А.Г., Шымкент, 2003.

15.  Дәрілік құралдардың анықтамасы. – Орманов Н.Ж., Ибрагимова А.Г., Сырманова Н.Р., Пернебекова Р.К., Орманов Б.Н., Шымкент, 2007.

16.  Фармакология курсында игерілетін дәрілік құралдардың жіктелуі мен өмірге қажетті дәрілердің дозалары. – Н.Ж.Орманов, М.С.Кадеева. Г.Т.Абуова, Т.Н.Орманов, Б.Н.Орманов, С.С.Қыдыралиев, - Шымкент, 2006.

17.  Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров, 3-изд. Перераб. И доп., 2006.

18. Попандопуло П.Х. Общая рецептура, Шымкент, 2001.

19.  Кравчук М.И. Латинский язык. – Шымкент, 2007.

20.  Чернявский М.Н. Латинский язык и основы медицинской терминологий. – М.: Медицина, 1997.

21.  Чернявский М.Н. Латинский язык и основы фармацевтической терминологий. 3-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 1994.

22.  Муравьев И.А. Технология лекрственных форм. Учебник для учащихся фарм. Училищ. – М.: Медицина, 1998.

23.  Муравьева Д.А. Фармакогнозия. 3-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 1991.

24.  Большая медицинская энциклопедия: /В 30-ти Т./ АМН СССР/ Петровский Б.В. 3-е изд. М.: Советская энциклопедия. 1981.

25.  Государственная фармакопея СССР: Вып, 1. Общие методы анализа. /М3 СССР. – 11-Е изд., доп. – М.: Медицина, 1987.

26.  Государственная фармакопея СССР: Вып. 2. Общие методы анализа. Лекарственное растительное сырье /М3 СССР – 11-е изд.,доп.-м.: Медицина, 1989.

27.  №38 бұйрық 03.02.2005ж. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен « Правила выписывания рецептов и отпуска лекарственных средств по рецепту врача, за исключением содержащих наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры».

28.  № 173 бұйрық 07.04.2005ж. «Қазақстан Республикасында бақвлауда тұратвн, наркотикалық, психотропты заттарды және прекурсорларды медициналық мақсатта қолдану ережелерін бекіту туралы».

29.  «Шипагерлік баяны». Денсаулық журналы. №6,№7, 2002ж.

30.  «Фармация Казахстана» журналы.

31.  М.А. Алиев: Кто есть кто в медицине. – Алматы, 2000.

 

 

Терапевтикалық көрсеткіш

(өте кең тараған ауруларда қолданылатын дәрілік заттар)

 

 

Абсцессте

Антибиотиктер

Сульниламидті препараттар

Фторхинолондар

Фурацилин

Фурагин

Ферментті препараттар

Антисептикалық препараттар

 

Аллергиялық ауруларда

Преднизолон

Гидрокортизон

Дексаметазон

Димедрол

дипразин

Супрастин

Диазолин

Кетотифен

Кромолин-натрий

Адреналин-гидрохлодиді

Эфедрин-гидрохлодиді

Кальций хлодиді

Кальций глюконаты

Пенициллиназа

Рутин (витамин Р)

Ангинада

Пенициллин тобының тобының антибиотиктері

Эритромици

Олеандомицин

Цефазолин

Тетрациклиндер

Сульфаниланидті препараттар

Фурацилин

Сутек асқын тотығы

Люголь ертіндісі

Йодинол

Амебты дизентерияда

Тетрациклиндер

Мономицин

Хиниофон

Хлорхинальдон

Метронидазол

Тинидазол

Анемияда

Құрамында темірі бар препараттар

Цинокобаламин

Фолий қышқылы

Коамид

Аскорбин қышқылы

Пиридоксин гидрохлориді

Рибофлавин

Артериялық гипотензияда

Мезатон

Алреналин

Норадреналин

Эфедрин

Камфора

Кордиамин

Женьшень тұндырмасы

Элеутерококк сығындысы

Аралий тұндырмасы

Дезоксикортикостерон

Асқазан, ішек және қуықтың атониясында

Прозерин

Ацеклидин

Галантамин

Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында

Алмагель

Висмуттың негіздік нитраты

«викалин» таблеткасы

«викаир» таблеткасы

Алюминий гидрототығы

Магний тотығы

Гастал

Де-нол

Сукральфат

Фосфалюгель

Анестезин

Пирензепин

Атропин

Платифиллин

Циметидин

Ранитидин

Фамотидин

Омепразол

Амоксициллин

Кларитромицин

Доксициклин

Мизопростол

Метоклопрамид 

Метилурацил

Анаболикалық стероидтар

Сульпирид

Сибазон

Бактериальды дизентерияда

Левомицетин

Тетрациклиндер

Ампициллин

Сульгин

Фталазол

Фтазин

Фторхинолондар

Фуразолидон

Фурацилин

Хлорхинальдон

Интестопан

Бас айналғанда (әуе және теңіз ауруларында)

Скополамин

«Аэрон» таблеткасы

Тиэтилперзин

Валидол

Ментол

Боткин ауыруында

Вирусты гепатитке қараңыз

Бронхиальды демікпе

Изадрин

Сальбутамол

Орципреналин

Фенотерол

Тербуталин

Астмопент

Эфедрин

Адреналин

Атропин

Ипратропиум бромиді (атровент)

Тровентол

Беродуал

Эуфиллин

Теофиллин

Преднизолон

Дексаметазон

Гидрокортизон

Димедрол

Диазолин

Кетотифен

Кромолин-натрий

Папаверин

Но-шпа

Ацетилцистеин

Амброксол

Бромгексин

Бронхитте

Антибиотиктер

Сульфаниламидті препараттар

Кристаллды трисин

Кристаллды химотрипсин

Термопсис шөбі

Мия тамыры

Мүсәтір-әніс тамшысы

Амброксол

Бромгексин

Бруцеллезде (сарыпта)

Стрептомицин тобының антибиотиктері

Левомицетин

Тетрациклиндер

Бүйректің тас ауруында

Аллопуринол

Этамид

Магурлит

Цистенал

Ависан

Уролесан

Фитолизин

Вирусты гепатитте

Реаферон

Рибамидил

Легалон(карсил)

«Гепабене! Капсуласы

«ЛИВ-52» таблеткасы

Эссенцииал

Никотин қышқылы

Рибофлавин

Преднизолон

Вирусты конъюнктивитте

Идоксуридин

Полудан

Оксолин

Теброфен

Гингивитте

Түймедақ гүлі

Ромазулон

Танин

Емен қабығы

Шәйқұрай шөбі

Метронидазол

Гиперацидті гастритте

Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасына қараңыз

Дата: 2019-02-25, просмотров: 1569.