Суппозиторийлер-Suppositoria
Поможем в ✍️ написании учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

(Суппозиторий-Nom.sing.Suppositorium Acc.sing.

Suppositorium Acc.pl.Suppositoria)

Суппозиторийлер- бөлме температурасында қатты, дене температурасында балқитын қуыстарға енгізуге арналған мөлшерге бөлінген жұмсақ дәрілік түр.

Суппозиторийлер тік ішекке (ректальды) – suppositoria rectalia, қынапқа арналған (вагинальды) – suppositoria vaginalia және таяқшалар – bacilli деп ажыратылады. Тік ішекке арналған суппозиторийлер жергілікті және резорбтивті әсер етеді. Суппозиторийлердің ұшы үшкір, пішіні конус немесе цилиндр тәріздес, салмағы 1,1-4,0 дейін болады. Қынапты суппозиторийлер жергілікті әсер етіп, салмағы 1,5-6,0 дейін болады. Суппозиторийлердің пішіні шар тәріздес, тұқым тәріздес немесе ұшы дөңгелек тығыз болып келеді. Суппозиторийлердің негізі ретінде какао майы пайдалынады. Өндірісте суппозиторийлер дайындалатын негіз ретінде желатин-глицеринді және сабынды-глицеринді негіздер кеңінен пайдалынады. Қазіргі таңда суппозиторийлер фармацевтикалық өндірістерде дайын түрінде шығарылады.

Фармацевтикалық өндірістерде шығарылатын суппозиторийлерге, басқа да официнальды дәрілік түрлер сияқты рецепте дәрілік түрдің аты атау септігінің жекеше түрінде (Suppositorium Nom.sing.) cum (менен) етістігінен соң, табыс септігінің жекеше түрінде дәрілік заттың аты (Abl.sing.) оның мөлшері жазылады. Жазылымда D.t.d. N. … мен сигнатурасы көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

Құрамында 0,2 ихтиолы (Ichtyolum) бар 10 официнальды тік ішек суппозиторийіне жазыңыз. 1 суппозиторийден таңертең және түнге белгілеңіз.

Rp.: Suppositorium cum Ichtyolo 0,2

   D.t.d. N. 10

   S. 1 суппозиторийден таңертең және түнде.

Кей жағдайда күрделі құрамды суппозиторийлер коммерциялық атауға ие, Мысалы, «Анузол», «Бетиол» және т.б. суппозиторийлер. Бұл суппозиторийлерге жазылым дәрілік түрдің аты табыс септігінің көпше түрінде (Abl.pl.Suppositoria) көрсетіліп суппозиторийдің (Nom.sing) аты оның санымен шектеледі. Мұндай рецепте дәрілік заттың мөлшері көрсетілмейді.

Рецепт үлгісі

«Бетиолдың» (“Bethiolum”) 10 суппозиторийіне жазыңыз. 1суппозиторийден күніне 2 рет белгілеңіз.

Rp.: Suppositoria “Bethiolum” N.10

   D.S. 1 суппозиторийден күніне 2 рет

 

Тік ішек пен қынапты суппозиторийлерге рецепт жазғанда барлық ингредиенттердің атауы мен мөлшері жазылады. Рецепте негіздің мөлшері көрсетілмейді. Мұндай жағдайда форма түзгіш заттың аты, ал оның мөлшерінің орнына q.s (quantim satis – қажетті мөлшерде) деп жазылады.

Рецепт үлгісі

Құрамында 0,02 промедолы (Promedolum) бар 6 тік ішек суппозиторийіне жазыңыз. Ауырсынуда 1 суппозиторийлерден белгілеңіз.

Rp.: Promedoli 0,02

   Olei Cacao q.s.

    M.f.suppositorim rectale

    D.t.d. N.6

   S. Ауырсынуда 1 суппозиторийден

 

Жапсырмалар-Emplastra

(Жапсырма-Nom.sing. Emplastrum, Gen.sing.Emplastri)

Жапсырмалар (пластыр – теріге тартатын жабысқақ таңғыш) – дене температурасында жұмсарып, теріге жабысу қасиеті бар жұқа қабатты майысқақ масса. Агрегаттық күйіне қарай қатты және сұйық жапсырмалар деп ажыратылады. Қатты жапсырмалар бөлме температурасында консистенциясы тығыз, ал дене температурасында жұмсарады. Сұйық жапсырмалар (тері желімі) теріде еріткіш буланғаннан соң пленка түзетін ұшқыш сұйықтықтар.

Медициналық тәжірибеде қолданылатын жапсырмалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады. Жапсырмалар рецепте қысқартылған түрінде жазылады.

Рецепт үлгісі

Жай қорғасын жапсырмасының (Emplastrum Plumbi simplex) 50,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған жеріне жылытып, дәкемен қою үшін.

 Rp.: Emplastri Plumbi simplicis 50,0

  D.S. Терінің зақымдалған жеріне жылытып, дәкемен қою үшін.

 

3. Сұйық дәрілік түрлер

Сұйық дәрілік түрлерге: ерітінділер, шырыштар, эмульсиялар, суспензиялар, тұнба мен қайнатпалар, тұндырмалар, сығындылар, микстуралар және линименттер жатады.

Ерітінділер – Solutiones

(Ерітінді – Nom.sing. Solutio, Gen.sing.Solutionis )

Ерітінді деп қатты дәрілік затты еріту немесе сұйық дәрілік затты еріткішпен араластыру жолымен алынатын сұйық дәрілік түрді айтамыз. Ерітінді дәрілік зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш ретінде жиі дистилденген су (Aqua destillata), кейде 70%, 90%, 95% этил спирті (Spiritus aethylicus 70%, 90%, 95%), глицерин (Glycerinum) мен сұйық майлар: вазелин, зәйтүн, шабдалы (Oleum Vaselini, Oleum Olivarum, Oleum Persicorum) майлары пайдаланылады. Осыған сәйкес сулы, спиртті, глицеринді және майлы ерітінділер болып ажыратылады. Нағыз ерітінділер әр уақытта мөлдір, әрі майда бөлшектер мен тұнбалардан тазартылған, мөлдір болуы тиіс. Ерітінділер сыртқы тәнге және ішу үшін, сонымен қатар егу (инъекцияға) үшін де қолданылады.

 

Сыртқы тәнге арналған ерітінділер

Сыртқы тәнге арналған ерітінділерге шаюға, жууға арналған ерітінділер көз, құлақ, және мұрын тамшылары жатады. Тамшыларды 5-10 мл түрінде, ал басқа мақсатта қолданылатын ерітінділер 50-100 мл түрінде дайындайды.

Ерітінділер рецепте қысқартылған және толық түрінде жазылады. Өндіріс жағдайында немесе дәріхана жағдайында еріткіш ретінде сулы, майлы және спиртті ерітінді қолданылып, рецепте қысқартылған түрі қолданылады.

Сулы ерітінділерге рецепт жазуда Rp.: (Ал:) белгілеуінен соң дәрілік түрдің атауын ілік септігінің жекеше түрінде – Solutionis (ерітіндісінен), дәрілік заттың атауы (ілік септігінің жекеше түрінде, бас әріппен қысқартылусыз), ерітіндінің концентрациясы мен (сызықша арқылы) мөлшері (миллилитр немесе грамда) жазылады. Соңынан D.S. (Босат. Белгіле.) көрсетіледі.

Ерітіндінің концентрациясын қысқартылған жазылымда үш әдіспен белгілеуге болады:

 1.Пайыз бойынша (%);

 2. Қатынасы бойынша (1:1500);

 3. Салмақ-көлемдік қатынасы түрінде (0,6-200мл);

 

Рецепт үлгісі

0,02% фурацилиннің (Feracilinum) сулы ерітіндісінің 500мл жазыңыз.

Жараны жуу үшін белгілеңіз.

Пайызбен көрсетілген ерітіндінің концентрациясы

Rp.: Solutionis Furacilini 0,02%-500ml

   D.S. Жараны жуу үшін

 

Салмақ-көлемдік қатынасы түрінде ерітіндінің концентрациясы

Rp.: Solutionis Furacilini 0,02%-500ml

   D.S. Жараны жуу үшін

Майлы немесе спиртті ерітінділерге рецепт жазуда дәрілік түрдің атауы (Solutionis), ілік септігінде дәрілік заттың атынан соң oleosae (майлы) немесе spirituosae (спиртті) деп көрсетіліп, концентрациясы мен ерітіндінің мөлшері көрсетіледі. Соңынан D.S. көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

1. 100 мл 10% камфораның (Camphora) майлы ерітіндісіне жазыңыз. Буын аймағын сүрту үшін белгілеңіз.

Rp.: Solutionis Camphorae oleosae 10%-100ml

   D.S.Буын аймағына сүрту үшін.

 

2. 50мл 1% бриллиантты жасылдың (Viride nitens) спиртті ерітіндісіне жазыңыз. Терінің зақымдалғанаймағын сүрту үшін белгілеңіз.

Rp.: Solutionis Viridis nitentis spirituosae 1%-100ml

   D.S.Терінің зақымдалған аймағын сүрту үшін.

 

Ерітінді дайындау барысында қандай да бір сұйық май немесе спирттің белгілі концентрациясын еріткіш ретінде қолданғанда жазылымның толық түрінде жазылады. Ол кезде еритін зат, оның мөлшері бөлек жазылып, ал келесі қатарда еріткіш және оның мөлшері көрсетіледі. Соңынан M.D.S. (Misce. Da. Signa. –Араластыр. Босат. Белгіле.) деп жазылады.

Рецепт үлгісі

50 мл вазелин майында дайындалған 10% анестезин (Anaesthesinum) ерітіндісіне жазыңыз.

Есептеу:   10,0-100мл

                   Х – 50мл

                   Х=500/100=5,0

                  Rp.: Anaesthesini 5,0

                         Olei Vaselini ad 50 ml

                          M.D.S.Жара бетіне жағуға.

“ad” – «дейін» деген мағына береді. Ол жазылымның толық түрінде жазылып, ерітілетін дәрілік затқа еріткішті ерітіндінің жалпы мөлшеріне дейін қосылатынын көрсетеді.

Көз тамшылары ретінде (Guttae ophthalmicae) дәрілік заттың сулы немесе майлы ерітінділері пайдаланылады. Бұл дәрілерге рецепт сыртқы тәнге арналған ерітінділерге рецепт жазу ережелеріне ұқсас жазылады. Конъюнктиваға 1-2 тамшыдан тамызу үшін белгіленеді.

Официнальды ерітінділердің концентрациялары көрсетілмей (тек ерітіндінің атауы мен оның мөлшері көрсетіледі) жазылады.

Рецепт үлгісі

100 мл сутегі асқын тотығының официнальды ерітіндісіне (Solutio Hydrogenii peroxydi dilutae) жазыңыз. Шаю үшін (1 стакан суға 1 ас қасық ерітінді) белгілеңіз.

Rp.: Solutionis Hydrogenii pexoxydi dilutae 100 ml

   D.S. 1 ас қасығын 1 стакан суда ерітіп, шаю үшін

 

Ішуге арналған ерітінділер

Ішуге арналған ерітінділерді 5-15 мл мөлшерінде (мөлшерленген стаканмен немесе шай, орта, ас қасықпен) сондай-ақ тамшы түрінде белгілеп, қолданар алдында су немесе сүтпен (майлы ерітінділер) араластырып тағайындайды.

1 шай қасықта 5мл, 1 орта қасығында – 10мл, ал 1 ас қасықта 15 мл сулы ерітінді болады. 1 мл сулы ерітінді 20 тамшыға тең.

Ерітіндіге рецепт жазғанда дәрілік заттың жалпы мөлшерін немесе концентрациясын, ерітіндінің жалпы көлемін және мөлшерлеу (қасық, тамшы және т.б.) әдісін білу керек.

 

Рецепт жазу үшін  1) Ерітіндінің концентрациясын

                                   2) Ерітіндінің жалпы мөлшерлерін анықтау қажет

 

Рецепт үлгісі

1. Бір реттік мөлшері 1,0 кальций хлоридінің (Calcii chloridum) ерітіндісін 12 рет ішуге жазыңыз. Ас қасықпен (15 мл) 4 күн бойына күніне 3 рет ішу үшін белгілеңіз.

Жазылымның қысқартылған түрі:

Rp.: Solutionis Calcii chloride 12.0-180ml

 

Жазылымның толық түрі:

Есептеу: 1,0 х 12,0=12,0

           15 ml х 12=180ml

 Rp.: Solutionis Calcii chloride 12.0

    Aquae destillatae ad 180 ml

    Misce. Da. Signa. 1 ас қасықтан күніне 4 рет

 

 Рецепт үлгісі

 2. Мөлшері 0,001 атропин сульфаты (Atropini sulfas) ерітіндісін 20 рет қабылдау үшін       10 тамшыдан күніне 3 рет ішу үшін белгілеңіз.

 Жазылымның қысқартылған түрі:

 Rp.: Solutionis Atropini sulfatis 0.02%-10 ml

    D.S.10 тамшыдан күніне 3 рет

Жазылымның толық түрі:

Есептеу: 0,001 х 20=0,02

           10 тамшы х 20=200 тамшы

           1 мл-20 тамшы

           Х-200 тамшы

           Х-200х1/20=10 мл

Rp.: Atropini sulfatis 0,02

   Aquae destillatae 10 ml

   Misce. Da. Signa. 10 тамшыдан күніне 4 рет ішуге.

 

Шырыштар – Mucilagines

(Шырыш – Nom. sing. Mucilago, Gen.sing Mucilaginis )

Шырыштар – жабысқақ әсері бар, тұтқыр сұйықтық болып табылатын жоғарғы молекулалық қосылысты ерітінділерге жатады.

Шырыштар өсімдік текті кілегейлі заттарды еріту жолымен (мысалы, шайырлар) немесе өсімдік шикізаттарынан (зығыр тұқымының шырышы, жалбызтікен тамырынан алынған шырыш) кілегейлі заттарды тұндыру тәсілімен алынатын сұйық дәрілік түр. Көбінесе шабдалы шайырының шырышы (Mucilago Gummi Armeniacae), аравий шайыры (Mucilago Gummi arabici), жалбызтікен тамырының шырышы (Mucilago radicis Althaeae) және крахмал шырышы (Mucilago Amyli) қолданылады.

Барлық шырыштар официнальд, сондықтан жазылымда шырыш атауы мен оның мөлшері көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

Құрамы 1,5 хлоралгидраттан (Chloralum hydratum) және 50 мл крахмал шырышы (Mucilago Amyli) мен судан бірдей мөлшеріндегі микстураға жазыңыз. Бір реттік клизмаға белгілеңіз.

Rp.: Chlorali hydrate 1,5

   Mucilaginis Amyli

   Aquae destillatae āā 25 ml

   M.D.S. Бір реттік клизма үшін.

Шырыштар тітіркендіргіш әсер ететін дәрілік заттармен бірге бырыстырғыш дәрілік зат ретінде қолданылады. Шырыштармен бірге спиртті препараттарды, қышқылдар мен сілтілерді белгілеуге болмайды, себебі олар шырыштың тұтқырлығын өзгертуі мүмкін.

 

Суспензиялар – Suspensiones

(Суспензия – Nom.sing. Suspensio, Gen.sing.Suspensionis )

Суспензиялар – ұсақ майдаланған қатты дәрілік заттардың қандай да бір сұйықтықтағы қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түр.

Суспензиялар дисперсті ортадан (су, өсімдік майы, глицерин және т.б.) және дисперсті фазадан (берілген сұйықтықта мүлдем ерімейтін, қатты дәрілік заттың бөлшектері) тұратын дисперсті жүйе.

Суспензиялар ішке, сыртқы тәнге немесе бұлшық етке белгіленеді.

Суспензияның дисперсті ортасы су болған жағдайда рецепт қысқартылған түрде жазылады. Жазылымның қысқартылған түрі дәрілік түрдің атауы – Suspensionis (суспензия) сөзімен басталып, әрі қарай дәрілік заттың атауы, суспензияның мөлшері, қолдану тәсілі мен жиілігі, сонымен қатар «Қолданар алдында шайқаңыз!» деп көрсетілуі тиіс.

Рецепт үлгісі

10 мл 0,5% гидрокортизон ацетаты (Hydrocortisoni acetas) бар суспензияға жазыңыз. 2 тамшыдан күніне 4 рет көзге тамызу үшін белгілеңіз. Қолданар алдында шайқаңыз.

Rp.: Suspensionis Hydrocortisoni acetasis 0,5%-10 ml

   D.S. 2 тамшыдан күніне 4 рет көзге тамызуға

  Қолданар алдында шайқаңыз.

Кейбір сыртқы тәнге және ішуге арналған суспензиялар официнальды, яғни фармацевтикалық өндірістерде дайын күйінде шығарылады. Мұндай суспензиялар тек қысқартылған түрде жазылады, суспензияның концентрациясы (әртүрлі концентрацияда шығарылған суспензиялардан басқалар) көрсетілмейді.

Рецепт үлгісі

100 мл гризеофульвин (Griseofulvinum) суспензиясына жазыңыз. 1 орта қасықтан күніне 3 рет белгілеңіз. Қолданар алдында шайқаңыз.

Rp.: Suspensionis Griseofulvini 100 ml

   D.S.1 орта қасықтан күніне 3 рет

   Қолданар алдында шайқаңыз.

 

Ішуге арналған эмульсиялар

Emulsa ad usum internum

(Эмульсия-Nom.sing.Emulsum, Gen.sing.Emulsi)

Эмульсиялар – бір –бірінде ерімейтін сұйықтықтардан тұратын (май мен су) сұйық дәрілік түр. Эмульсияның сырт көрінісі сүт тәрізді болады. Эмульсияны дайындау әдісіне байланысты майлы (Emulsa oleosa) және тұқымды (Emulsa seminalia) деп ажыратылады. Майлы эмульсиялар сұйық майлардан: майсана (Oleum Ricini), бадам (Oleum Amygdalarum) және балық майынан (Oleum jecoris) және т.б. дайындалады. Май мен судан эмульсия түзілу үшін, майда тамшы пайда болғанша майдан эмульсия түзу қажет. Осы мақсатта майды арнайы зат – эмульгатормен араластырады. Эмульгатор ретінде шайырлар; мысалы, шабдалы шайыры (Gummi Armeniacae), сонымен қоса желатоза (Gelatosa) қолданылады. Эмульсия түзу үшін 2 бөлік май, 1 бөлік эмульгатор және 17 бөлік су алу қажет. Егер рецепте майдың мөлшері көрсетілмесе, онда 10 бөлік майдан 100 бөлік эмульсия қажет болса, 20 мл май, 10,0 желатоза және 170 мл су алу қажет. Майлы ерітінділер жазылымның қысқартылған және толық түрінде жазылады.

Жазылымның қысқартылған түрінде рецепте дәрілік түрден Emulsi (Эмульсиялар) сөзінен соң майдың аты, мөлшері (сызықша арқылы) және эмульсияның жалпы көлемі көрсетіледі.

Жазылымның толық түрінде майдың, эмульгатор мен судың мөлшерлері бөлек-бөлек жазылады. Одан соң M.f. emulsum (Misce ut fiat emulsum – Эмульсия түзілгенше араластыр.) деп көрсетіледі. D.S. сөзімен латын бөлімі аяқталады.

Рецепт үлгісі

30 мл балық майынан (Oleum jecoris) тұратын 200 мл эмульсияға жазыңыз. Ас қасықпен күніне 2 рет ішуге.

Жазылымның қысқартылған түрі

Rp.: Emulsi olei jecoris 30 ml-200 ml

   D.S.Ас қасықпен күніне 2 рет ішуге

Жазылымның толық түрі

Rp.: Olei jecoris 30 ml

  Gelatosae 15,0

  Aquae destillatae ad 200 ml

  M.f. emulsum

 D.S.Ас қасықпен күніне 2 рет ішуге

 

Эмульсияның құрамында әртүрлі дәрілік заттар болуы мүмкін. Егер эмульсияның ингредиенттері стандартты болса (2:1:17), онда концентрациясын көрсетпей тек қана эмульсияның жалпы көлемі көрсетіледі. Тұқымды эмульсиялар тәтті бадам, жер жаңғақ, асқабақ тұқымдарынан және т.б. сумен ысқылау арқылы дайындалады. Мұндай тұқымдардың құрамында жай және эмульгирлеуші қасиеттері бар белок текті шырышты заттары бар. Тұқымды эмульсиялардың концентрациясы (тұқым мөлшері мен жалпы эмульсия көлемнің қатынасы) 1:10 тең. Тұқымды эмульсиялар сирек қолданылады.

 

Тұнбалар мен қайнатпалар – infusa et Decocta

(Тұнба-Nom.sing.infusum, Gen.sing.infusi;

Қайнатпа-Nom.sing.Decoctum, Gen.sing.Decocti)

Тұнбалар мен қайнатпалар – дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын сулы сығынды болып табылатын сұйық дәрілік түр.

Тұнбалар өсімдіктердің жұмсақ жер бетіндегі бөліктерінен жапырағы, гүлі, шөбінен дайындалады. Қайнатпаларды әдетте қатты тығыз өсімдік бөліктерінен: қабықшадан, тамыры мен тамырсабағынан, кейде жапырақтарынан (мысалы, аюжидек жапырағы) дайындайды.

Тұнбалар мен қайнатпалар дәріхана жағдайында науқасқа босатар алдында дайындалады. Тез бұзылуына байланысты салқын жерде сақталып, 3-4 күн ішуге ғана дайындалады. Тұнба мен қайнатпа рецепте тек қысқартылған түрінде жазылады.

Жазылымда дәрілік түрдің атауы ілік септігінің жекеше түрінде Infusi (Тұнба), Decocti (қайнатпа) деп көрсетіп, дәрі дайындалатын өсімдік атауы (бас әріппен), өсімдік шикізатының мөлшері және тұнба мен қайнатпаның жалпы мөлшеріне қатынасы сызықша арқылы жазылады. Соңынан D.S. (Бер. Белгіле.) көрсетіледі. Сигнатурасында тұнба немесе қайнатпаның бір рет қолданылатын мөлшері, қолдану әдісі және жиілігі көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

0,6 термопсис шөбі (herba Thermopsidis) тұнбасының 180 мл жазыңыз. 1 ас қасықтан күніне 3 рет белгілеңіз.

Rp.: Infusi herbae Thermopsidis 0,6-180 ml

   D.S. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.

 

МФ-да қатынас түріндегі тұнба мен қайнатпалардың концентрациясының тізімі көрсетілген.

Рецепт үлгісі

1:30 жалынгүл шөбінің (herba Adonidis Vernalis) тұнбасын 3 күнге жазыңыз. 1 ас қасықтан күніне 4 рет белгілеңіз.

Есептеу:

1 ас қасық = 15 мл                1-30 мл

15 мл х 4 рет = 60 мл            х – 180 мл

60 мл х 3 күн = 180 мл          х=180/30 = 6,0

Rp.: Infusi herbae Adonidis vernalis 6,0 – 180 ml

  D.S. 1 ас қасықтан күніне 4 рет.

 

Кейде рецепте дәрілік шикізаттың мөлшері көрсетілмеуі мүмкін. Ондай жағдайда 1:10 қатынасы бойынша есептейді.

Рецепт үлгісі

Емен қабығының (cortex Quercus) қайнатпасының 200 мл жазыңыз. Шаюға белгілеңіз.

Rp.: Decocti corticis Quercus 200 ml

  D.S. Шаю үшін.

Дәріханада 200 мл қайнатпа дайындау үшін 20,0 емен қабығын алады.

 

Тұндырмалар – Tinct u rae

(Тұндырма - Nom. sing. Tinctura, Gen. sing. Tincturae)

Тұндырмалар - әртүрлі өсімдіктерді спиртте тұндыру арқылы алынатын мөлдір сұйықтықтар. Барлық тұндырмалар (барлығы фармацевтикалық өндірістерде дайындалады) официнальды, тұнбалар мен қайнатпаларға қарағанда тұрақты дәрілік түр болып табылады. Тұндырмалар тығындалып жабылған шыны ыдыста, қалыпты бөлме температурасында қараңғы жерде ұзақ сақталынады.

Тұндырмалар официнальды болғандықтан, рецепте өсімдік бөлігі мен тұндырманың концентрациясы көрсетілмейді. Рецепте дәрілік түрдің атауы Tincturae (Тұндырмалар), одан соң өсімдіктің атауы мен тұндырманың мөлшері көрсетіледі. Тұндырмаларды тамшымен мөлшерлейді, тұндырманың белсенділігіне қарай тамшы

5-тен 30-ға дейін белгіленеді. Осыған байланысты тұндырманың мөлшері 5-30 мл құрайды.

тұндырманың белсенділігіне қарай тамшы 5 тен 30-ға дейін белгіленеді. Осыған байланысты тұндырманың мөлшері 5-30 мл құрайды.

Рецепт үлгісі

25 мл шүйгіншөп (Vаіегіаnа) тұндырмасын 25 тамшыдан күніне 3 - 4 рет қабылдауға жазып беріңіз.

Rр.: Тіnсturае Vаlеrіаnае 25 ml

   D.S. 25 тамшыдан күніне 3-4 рет.

Күрделі тұндырмалар жай тұндырмалар сияқты, тек қана барлық ингредиенттер жазылғаннан кейін Міысе (Араластыр) сөзі көрсетіледі.

Сығындылар – Ехtracta

(Сығынды - Nom. sing. Ехtractum, Сеn. sing. Ехtrасtі)

Сығындылар -өсімдік шикізатынан спирттің көмегімен алынатын қоюланған сығынды. Консистенциясына қарай сұйық, қою және құрғақ деп бөлінеді. Сұйық сығындылар (Ехtractum fluidum) боялған сұйықтық, қою сығындылар (extractum spissum)- құрамында ылғалдылығы 25% дейін болатын тұтқыр масса, құрғақ сығындылар (Ехtractum siccum)- құрамында ылғалдығы 5% дейін болатын сусымалы масса. Сұйық сығындыларды алу үшін экстрагент ретінде этил спиртін (көбінесе 70%), ал қою сығындылар үшін - су (хлороформ, аммиак ерітіндісін қосып), этил спирті, эфир қолданылады. Құрғақ сығындыларды қою сығындыларды кептіру жолымен алады.

Барлық сығындылар официнальды және өндіріс жағдайында дайындалады. Жазылымда дәрілік түрдің атауы Extracti (Сығындылар) өсімдік атауы мен сығынды түрі - fluidi (сұйық), spissi (қою), sіссі (құрғақ) міндетті түрде көрсетіледі. Сонан соң сығындының мөлшері көрсетіледі. Соңынан D.S. көрсетіледі. Сұйық сығындылар тамшымен мөлшерленеді.

Рецепт үлгісі

20 мл итшомырт (Frangula) сұйық сығындысының 20 тамшыдан күніне 3 рет ішуге жазып беріңіз.

Rр.: Ехtracti Ғrangulae fluidi 20 ml

   D.S. 20 тамшыдан күніне 3 рет.

Қою және құрғақ сығындылар капсула, ұнтақ, таблетка, суппозиторий, пилюла құрамына кіреді.

Жаңа галенді препараттар

Жаңа галенді препараттар өсімдік шикізатынан алынатын балассты

заттардан толық тазартылған сұйық дәрілік түр. Сондықтан бұл заттарды тек қана ішуге ғана емес, егу үшін де қолданады. Жаңа галенді препараттар фабрика мен завод жағдайында дайындалады. Әр жаңа галенді препарат арнайы атауға ие. Жаңа галенді препараттарды егуге ампулада, ішуге арналған препараттар флаконда шығарылады. Бұл препараттар официнальды болғандықтан, рецепте тек атауы мен мөлшері көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

15 мл адонизидтің (Аdonisidum) жаңа галенді препаратына жазыңыз. 15 тамшыдан күніне 3 рет белгілеңіз.

Rр.: Аdonisidi 15 ml

   D.S. 15 тамшыдан күніне 3 рет.

 

Микстуралар - Міхturae

Микстуралар - әртүрлі сұйық негіздеріне (суда, спиртте, глициринде, өсімдік майлары және т.б.) бірнеше қатты заттарды немесе көптеген сұйықтықтарды (ерітінділер, тұнбалар, қайнатпалар, тұндырмалар, сығындылар және т.б.) араластырып алатын сұйық дәрілік түр. Микстуралардың құрамында 3 немесе одан да көп ингредиенттер бар. Микстуралар мөлдір, лайлы және де тұнбалы болуы мүмкін. Тұнбалы микстураларды қолданар алдында шайқау қажет. Ондай микстуралар Міхturae agitandae (шайқауды қажет ететін микстуралар) атауына ие. Микстуралар көбінесе ішке, кейде сыртқа белгіленеді.

Микстуралар рецепте толық түрінде жазылады. Көбінесе микстураны жартылай қысқартылған түрінде жазады. Бұл жағдайда ингредиенттердің бір бөлігі қысқартылып, бұлар ерітінділер, тұнба, қайнатпа, тұндырма т.б. келтіріледі, қалған ингредиентер толық жазылады.

Рецепт үлгісі

1. Құрамы 0,015 кодеин фосфаты (Соdeini phosphas) мен 0,5 калий бромидінен (Каlii bromidum) тұратын 180 мл микстураны 12 рет қабылдауға жазыңыз. 1 ас қасықтан күніне 3 реттен белгілеңіз.

 Жазылымның толық түрі:

 Rр.: Codeini phosphatis  0,18

   Каlіі bromіdі 6,0

    Аquae destillatae аd 180 ml

    М.D.S. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.

 Жазылымның жартылай қысқартылған түрі:

 Rр.: Codeini phosphatis  0,18

   Solutionis Каlіі bromіdі 6,0-180 ml

   М.D.S. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.

 2. Мөлшері 0,05 термопсис (Тһеrmopsis) тұнбасы, 0,25 натрий бромидінен (Natrii   bromidum) тұратын микстураны 12 рет қабылдауға жазып беріңіз. Ас қасықпен күніне   3 рет ішуге.

 Есептеу: 0,05 х 12 = 0,6

           0,25 х 12 = 3,0

           15 мл х 12 = 180 мл

Rр.: Infusi herbae Thermopsidis 0,6 -180ml

Natrii bromidi 3,0

    Міsсе. Dа. Signa. Ас қасықтан күніне 3 рет ішуге.

Линименттер - Linimenta

(Линименттер – Nom.sing. Linimentum, Gen. s ing . Linimenti)

Линименттер - қою сұйықтықтар түріндегі біртектес қоспадан тұратын сыртқы тәнге қолдануға арналған дәрілік түр. Негізі сұйық өсімдік, вазелин майы және т.б. заттар болып табылатын сұйық жағылмалар.

Магистральды линименттер рецепте толық түрінде жазылады. Рецепте линименттің ингредиенттерінің атауы, оның мөлшері, М.f. linimentum (Міsce ut fiat linimentum - Линимент түзілгенше араластыр) және D.S. көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

20 мл хлороформ (Сhloroformium) мен 40 мл меңдуана майынан (ОІеum Hyoscyami) тұратын линиментке жазыңыз. Зақымдалған буын аймағына жағу үшін белгілеңіз.

Rр.: Сhloroformii 20 ml

   ОІеі Hyoscyami 40 ml

   M.f.linimentum

   D.S.Зақымдалған буын аймағына жағуға.

Официнальды линименггер рецепте қысқартылған түрде жазылады.

Рецепт үлгісі

5% синтомицин официнальды линиментінің (Linimentum Synthomycini 5%) 25 мл жазыңыз, Зақымдалған теріге жағу үшін.

Rр.: Linimentum Synthomycini 5% - 25 ml

   D.S. Зақымдалған теріге жағу үшін.

Басқа да сұйық дәрілік түрлерге: медициналық майлар, өсімдік шырындары, сұйық органопрепараттар және дәрілік сироптар жатады.

Медициналық майлар - дәрілік өсімдіктердің майлы сығындылары. Мысалы, меңдуана майы (ОІеит Нуоscyami), итмурын майы (ОІеum Rosae), шырғанақ майы (ОІеum Ніррорһеае).

Дәрілік препарат өсімдік шырындарының 85 бөлігін және 95% этил спирті мен 0,3% хлорэтанның (консервант ретінде) 15 бөлігін араластыру жолымен алынады. Дәрілік препарат ретінде қолданылатын бірнеше шырындар бар. Атап айтсақ, жолжелкен шырыны (Succus plantaginis), каланхоэ (Succus kalanchoes), алоэ шырыны (Suссus АІоёs) және т.б. жатады.

Сұйық органопрепараттар - ірі қара мал улпаларынан алынатын официнальды суйық сығындылар. Ондай препараттарға: паратиреоидин (Parathyreoidinum) - қара малдардың қалқансерік безінен алынған сірінді, питуитрин (Ріtuitrinum) - қара малдардың гипофиздің артқы бөлігінен алынатын сірінді (ӘБ мөлшерленеді).

Дәрілік сироптар - дәрілік өсімдік сығындысы мен қант сиропының қоспасы. Мысалы, жалбызтікен сиропы (Sirupus АІthаеае) 2 бөлік жалбызтікен тамырының құрғақ сығындысы мен 98 бөлік қант сиропынан турады.

Инъекцияға (егуге) арналған дәрілік түрлер

Дәрілік заттарды парентеральды енгізу инъекция жолымен жүзеге асады: тері астына, бұлшық етке, күре тамырға, артерия ішіне, субарахнойдальды және т.б.

Инъекция арқылы әртүрлі дәрілік заттарды тері астына - көбінесе сулы ерітінділер; булшық етке - сулы және майлы ерітінділер, сондай-ақ суспензиялар; күре тамырға - тек сулы ерітінділер енгізіледі.

Кейбір ерітінділер мен суспензияларды қолданар алдында ерітіп енгізеді. Ампуладағы немесе флакондағы қурғақ (ұнтақ түрінде) түрдегі инъекцияға арналған дәрілік заттарды алдын ала ерітіп немесе араластырып алады. Инъекциялық ерітіндіге еріткіш ретінде көбінесе инъекцияға арналған су, кейбір өсімдік майлары, кейде суйылған этил спиртін (33 % дейін) пайдаланады. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер (рго injectionibus) залалсыздандырылған, турақты, апирогенді (дене қызуын көтермеуі қажет); механикалық қоспалардан тазартылған болуы тиіс. Медициналық тәжірибеде инъекцияға арналған дәрілік түрлер фармацевтикалық өндірістерде көбінесе ампулада және флаконда шығарылады. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер дәріханаларда сирек дайындалады. Дәріханада инъекцияға арналған ерітінді тығындалып жабылған 5-1000 мл шыны қутыларда шығарылады. Қуты этикеткасына «Залалсыздандырылған» деп жазылады.

Рецепте ампуладағы құрғақ дәрілік заттарға (ұнтақ): дөрілік заттың атауы, бір ампуладағы мөлшерін көрсетеді, одан соң D.t.d.N… in ampullis (.., ампулада осындай мөлшерде босат) және S. жазылады. Сигнатурада дәріні еріту, енгізу жолы мен инъекция уақыты көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

005 винкристин (Vincristinum) препаратының 6 ампуласына жазыңыз. Құты құрамын 5 мл залалсыздандырылған натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен ерітіп, 0,005 аптасына 1 рет енгізіңіз.

Rр.: Vincristini 0,005

   Dа tales doses N.6 іn аmpullis

   Sіgnа. Құты құрамында 5 мл 0,9% NaСl изотонды еріт. ерітіп, аптасына 1 рет енгізіңіз.

Ампуладағы ерітінділер мен суспензияларға рецепте дәрілік түрдің аты: Solutionis… (Ерітіндісін...), Suspensionis… (Суспензиясын,..), дәрілік заттың аты, концентрациясы мен мөлшері, содан соң D.t.d. N…in ampullis  (... ампулада осындай мөлшерде босат) және S. көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

1.40% 50 мл глюкоза (Glucosum) ерітіндісінің 10 ампуласына жазыңыз. 50 мл күре тамырға енгізу үшін белгілеңіз.

Rр.: Solutionis Glucosi 40% - 50ml

  D.t.d. N.10 іn ampullis

  S. 50 мл күре тамырға енгізу үшін.

2.2,5% 1 мл дезоксикортикостерон триметилацетаты (Desoxycorticosteroni trimethylacetas) суспензиясының 6 ампуласына жазыңыз. 1 мл 2 аптада 1 рет б/е енгізу үшін белгілеңіз. Қолданар алдында шайқаңыз.

Rр.: Suspensionis Desoxycorticosteroni trimethylacetas 2,5% -1 ml

   D.t.d.. N. 6 іn аmpullis

   S. 1 мл 2 аптада 1 рет б/е енгізу үшін. Қолданар алдында шайқаңыз.

Өндірістерде дайындалатын арнайы атауға ие жаңа галенді препараттарға, сұйық органопрепараттарға; дәрілік заттардың ерітіндісіне рецепте

Rр.: сөзінен соң препараттың аты және оның мөлшері, D.t.d. N... іn аmpullis және S. көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

 1 мл жаңа галенді дигален-нео (Digalen-neo) препаратының 10 ампуласына жазыңыз. 1 мл күніне 1 реттері астына енгізу үшін белгілеңіз.

Rр,: Digalen-neo 1 ml

   D.t.d. N.10 іn аmpullis

   S. 1 мл күніне 1 рет тері астына енгізу үшін.

 1 мл (5 ӘБ) сүйық органопрепарат питуитриннің (Pituitrinum)

12 ампуласына жазыңыз. 1 мл күніне 1 рет тері астына енгізу үшін.

Rр.: Рituitrini 1 ml (5 ӘБ)

   D.t.d.. N.10 іn аmpullis

5. 1 мл күніне 1 рет тері астына енгізу үшін.

3. 1 мл кордиаминнің (Соrdiaminum - 25 % никотин қышқылының диэтиламид ерітіндісі) 10 ампуласына жазыңыз. 1 мл күніне 2 рет тері астына енгізу үшін белгілеңіз.

Rр.: Соrdiamini 1 ml

   D.t.d. N.10 іn аmpullis

   S. 1 мл-ден күніне 2 рет тері астына енгізу үшін.

Көптеген инъекцияға арналған дәрілік түрлер (ұнтақтар, ерітінділер, суспензиялар және т.б.) флаконда шығарылады. Флаконда қолданудың артықшылығы қолданар апдында асептикалық жағдайда дәрілік затты ерітіп, препараттың залалсыздығын сақтай отырып, бірнеше рет қабылдауға мүмкіндік береді.

Флакондағы дәрілік затқа рецепт ампуладағы дәрілік заттарға рецепт жазу ережелеріне ұқсас жазылады. Айырмашылығы D.t.d. N... соң ештеңе жазылмайды. («Флакон» сөзі еш жерде көрсетілмейді).

Рецепт үлгісі

1. 500 000 ӘБ бензилпенициллин натрий тұзының (Веzylpenicillinum - natrium) 12 флаконына жазыңыз, 500 000 ӘБ тәулігіне 4 рет бұлшық етке белгілеңіз. Алдын ала құты құрамын 0,5 % 2 мл новокаин еріт. ерітіп, енгізу үшін белгілеңіз.

Rр.: Веzylpenicillini - nаtriі 500 000 ӘБ

   D.t.d. N.12

5. Құты құрамын 0,5% 5 мл новокаин ерітіндісімен ерітіп, 500 000 ӘБ тәулігіне 4 рет б/е енгізу үшін.

2. 2,5 % 5 мл гидрокортизон ацетаты (Hydrocortisoni acetas) суспензиясының 6 флаконына жазыңыз. 5 мл аптасына 1 рет зақымдалған буын қуысына енгізу үшін белгілеңіз.

Rр.: Suspensionis  Hydrocortisoni acetas 2,5 % - 5 ml

   D.t.d. N.6

S. 5 мл зақымдалған буын қуысына аптасына 1 рет.

3.5 мл (1 мл-де 40 ӘБ) инсулиннің (Insulinum) 6 флаконына жазыңыз. 0,5 мл (20 ӘБ) күніне 2 рет тері астына енгізу үшін белгілеңіз.

Rр.: Insulini 5 ml (1 мл 40 ӘБ)

  D.t.d. N.6

  S. 0,5 мл-ден (20 ӘБ) күніне 2 рет тері астына.

Дәріхана жағдайында дайындалатын инъекцияға арнаяған дәрілік түрлерге (көбінесе ерітінділерде) міндетті түрде рецепте дәрілік заттың залалсыздандырылғандығы керсетіледі. Рецепте дәрілік запың атауынан соң Sterillisetur!

(Залалсыздандырылсын!) сөзі жазылады. Егер дәрі бірнеше ингредиенттерден тұрса, барлық дөрілік заттардың атауларынан соң, M. Sterillisetur! D.S.көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

0,9 % 500 мл залалсыздандырылған изотонды натрий хлоридінің (Solutio Natrii chloride isotonica 0,9 %) изотонды ерітіндісіне жазыңыз. Тері астына тамшылатып енгізу үшін белгілеңіз,

Rр.: Solutio Natrii chloride isotonica 0,9 % - 500ml

   Sterillisetur!

   D.S. Тамшылатып тері астына енгізу үшін.

Әртүрлі дөрілік түрлер

Көз қабықшалары мен аэрозольдер жаңа дәрілік түрлер болып табылады, сонда да қазіргі медициналық тәжірибеде өте кеңінен қолданылады,

Көз қабықшалары – Membranulae ophtalmicae (көз пленкалары – Nom. sing. Membranulae ophtalmicae s. s. LаmеІІае Асс, sіng, Membranulae ophtalmicas. s. Lamellas). Көз қабықшалары - белгілі бір мөлшердегі және құрамындағы дәрілік заттардың көз сұйықтықтығында еритін, өлшемі 9 х 4,5 х 0,35 мм залалсыздандырылған көз пленкасы. Тығындалып жабылған флакондағы пленкаларды 1 жылға дейін сақтауға болады. Кез конъюнктивасына қойылған қабықша көз жасы сұйықтығында суланып, полимердің еруіне алып келеді, Конъюнктивальды қуысқа енгізілген көз қабықшасының құрамындағы дәрілік заттың емдік концентрациясы 24 тәулік және одан да көп уақыт сақтапады. Көз қабықшаларының көз тамшыларынан артықшылықтары: дәрілік заттың нақты мөлшерленуі, препараттың емдік концентрациясының ұзақ сақталуы, тұрақтылығы және залалсыздығы оңай сақталады. Қазіргі таңда медициналық тәжірибеде қолданылатын көз қабықшаларының (Membranulae ophtalmicae) құрамы: пилокарпин гидрохлоридімен (сит Ріlосаrріnі һуdrосһlоridо), атропин сульфатымен (сит Аtropini sulfate), флоренальмен (сит Ғlorenalo), сульфапиридазин- натриймен (сит Sulfapyridazinum-natrio), неомицин сульфатымен (сит Neomicini sulfate), дикаинмен (сит Dicaino) және т.б. шығарылады.

Көз қабықшалары рецепте қысқартылған түрде жазылады:

Рецепт үлгісі

Құрамында пилокарпин гидрохлориді бар ( Membranulae ophtalmicae сит Ріlосаrріnі һуdrосһlоridо) 30 көз пленкасына жазыңыз. 1 пленкадан қабақтың төменгі жағына тәулігіне күн сайын 1 рет белгілеу үшін.

Rр.: Membranulae ophtalmicae сит Ріlосаrріnі һуdrосһlоridо N.30

   D.S. 1 пленкадан қабақтың теменгі жағына күніне 1 рет.

Аэрозольдер – Аеrosola

(Аэрозоль – Nom.sing. Aerosolum, Асс. sing. Аеrosolum)

Аэрозольдер - дисперсті ортасы ауа, газ немесе газдардың қоспасы, ал дисперсті фазасы қатты және сүйық заттардан түратын өлшемі 1 мкм-ден аспайтын аэродисперсті жүйе. Медициналық тәжірибеде үшқыш сүйықтық буы мен қатты дәрілік заттардан түратын азрозольдер қолданылады. Медициналықтәжірибеде аэрозольдерді ингаляциялау үшін немесе сырт тәнге қолданады. Ингаляциялауга арналған аэрозольдер өкпе мен жогаргы тыныс жолдарының ауруларында (бронхиальды демікпе, бронхит және т.б.) қолданылады. Бұндай препараттарға «Эфатин», «Камфомен» және т.б. жатады,

Аэрозольдер рецепте қысқартылған түрде жазылады:

Рецепт үлгісі

«Эфатин» аэрозолының (Аеrosolum «Ерһtinum») 1 қорабына жазыңыз. Тәулігіне 3 рет ингаляция үшін.

Rр.: Аеrosolum «Ерһtinum» N.1

   D.S. Тәулігіне 3 рет ингаляция үшін.

Аэрозольды препараттарды сырт тәнге ерітінді, линимент, көбік, пластикалық қабықша және т.б. түрінде пайдаланады. Ондай аэрозольдер дерматологияда, хирургияда, гинекологияда қолданылады.

 

 

Дәрілік түрлер

Сұйық

Микстуралар
Жаңа галенді препараттар
Сығындылар
Тұндырмалар
Қайнатпалар
Тұнбалар
Эмульсиялар
Суспензиялар
Шырыштар
Ерітінділер

Жұмсақ

Линименттер
Суппозиторийлер
Пасталар
Жағылмалар

Қатты

Капсулалар
Ұнтақтар
Дражелер
Таблеткалар

 

ІІІ ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ

 

Жалпы фармакология дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын, сондай-ақ оларға әсер ететін факторларды және дәрілердің жанама және улы әсерлерінің жалпы заңдылықтарын оқытады.

 

Дәрілік заттардың фармакокинетикасы

Ағзаға дәрілерді енгізу жолдары

І.Энтеральды енгізу жолдары (асқазан ішек жолдары (АІЖ) арқылы).

а) Пероральды енгізу жолы-дәрілік заттарды ауыз қуысы арқылы енгізу (per-арқылы, os-ауыз). Басқа енгізу жолдарына қарағанда ең қарапайым және ыңғайлы әдіс (әсері 30-60 мин.соң басталады) болып табылады. Кейбір препараттар (Мысалы, бензилпенициллин, эритромицин, адреналин г/х) асқазан сөлі, тұз қышқылы ферменттерінің әсерінен бұзылып, нашар сіңіріледі. АІЖ-да сіңіріліп болған соң, бауырдан қан айналым жүйесіне түседі. Науқастың ес-түссіз жағдайында және үздіксіз құсуда бұл әдіс тиімсіз.

б) Сублингвальды (sub lingua-тіл астына) және трансбуккальды (ұртқа) енгізу жолы. Бұл жолмен тек белсенді заттар сіңіріледі. (Мысалы, нитроглицерин). Бауырдан тыс, тіл астындағы майда қан тамырларына сіңіріліп (әсері 1-3 мин.соң басталады), одан ірі қан тамырларға өтеді, қан тамырларды кеңейтіп, жүректі оттегімен қамтамасыз етіп, жүректің жұмысын жеңілдетеді.

в) Тік ішекке енгізу жолы – (per rectumтік ішек арқылы) бұл жолмен суппозиторийлер, дәрілік клизмалар және жағылмалар енгізіледі. Ауыз қуысы арқылы енгізу жолына қарағанда әсері (әсері 15-30 мин.басталады) тезірек. Тік ішектен дозаның 50% бауырға соқпай төменгі қуыс вена жүйесіне түседі, ал 50% қақпалық көктамырға түсіп, бір бөлігі бауырда инактивацияланады (белсенділігі төмендейді). Ректальды жолдың кемшілігі: тік ішектің дәрілерге тітіркендіргіш әсеріне (проктит тудыру қаупі) сезімталдығы, сіңіру бетінің ауданының аздығы, шырышты қабықшамен дәрінің жанасу уақытының аздығы, сондай-ақ емдеу клизмалары үшін ерітіндінің көлемінің аз болуы (50-100 мл), ем-шараларды жұмыс уақытында, жол жүргенде енгізудің ыңғайсыздығы.

ІІ. Парентеральды енгізу жолы (АІЖ-нан тыс)

а) Тері астына (т/а) енгізу жолы. Әсері 5-15 минуттан соң басталады. Тек сулы, кейде майлы ерітінділер енгізіледі. Суспензияларды, тітіркендіргіш заттарды және гипертонды ерітінділерді енгізуге болмайды.

б) Бұлшық етке (б/е) енгізу жолы. Толық сіңіріліп, тез әсер көрсетеді. Сулы, майлы ерітінділер мен суспензияларды енгізуге болады. Тері астына енгізу жолына қарағанда әсері тезірек басталады.

 в) Күре тамырға (к/т) енгізу жолы. Әсері өте тез. Барлық концентрациясы қанға түседі. Тек сулы ерітінділер енгізіледі. Энтеральды енгізу жолына қарағанда әсері 5-10 есе артық. Кейбір препараттарда, мысалы, наркозға арналған дәрілерді енгізгенде әсері иненің ұшын енгізуден бастап ес-түссіз күйге келтіреді.

г) Субарахнойдальды енгізу жолы. Subarachnoidea-мидың (торлы) қабығына енгізіледі. Кей заттар гематоэнцефальды кедергілерден өте алмай қалады. Бұл енгізу жолымен дәрілерді жұқпалы ауруларда (менингитте) тікелей мидың торлы қабығына енгізеді. Бұл жолмен енгізілетін дәрілерге қойылатын талап залалсыздандырылған болуы тиіс.

д) Ингаляциялық енгізу жолы (inhalatio-дем алу). Газ тәрізді, сұйық ұшқыш заттар (наркозға арналған), аэрозоль және эфир майларының булары енгізіледі. Сондай-ақ жергілікті әсер ету мақсатында глюкокортикоидтарды, бронхолитиктерді, жергілікті анестетиктерді, антибиотиктердің аэрозольдарын, гистаминге қарсы препарат – кромолин натрий (интал) ұнтақтары қолданылады. Тыныс алу мүшелерінің ауруларында (бронхиальды демікпеде) қолданылады.

Басқа да перентеральды енгізу жолдарына: артерия ішіне, жүрек ішіне, сүйекке, тері ішіне, интраназальды, конъюктивальды, кеудеге, плевраға және буынға енгізу жатады.

 

 Дәрілік заттардың сіңірілу механизмдері

Кейбір заттардың сіңірілуі (адсорбция) – асқазанда өтеді, бірақ көбінесе дәрі- дәрмектер аш ішекте сіңіріледі.

Дәрілердің сіңірілуі. Сіңірілу дегеніміз дәрілердің жасушалардың липопротеиндік плазмалық мембранасы арқылы өтуі. Ішектегі кедергі бір қабат эпителийден тұрады, тері бетінен сіңірілгенде дәрі бірнеше жасушалық қабаттардан өтеді. Мембрана арқылы тасымалданудың механизмдері:

Пассивті диффузия, белсенді транспорт, пиноцитоз.

Жай диффузия жолымен липофильді дәрілік заттар сіңіріледі. Дәрілік заттардың липидте ерігіштігі күшейген сайын жасуша мембранасы оңай өтіп, тез сіңіріледі. Дәрілердің концентрациясының градиенті бойынша, концентрациясы жоғары аймақтан төмен аймаққа қарай өтіп, энергия жұмсалуын қажет етпейді. Қосылыстардың липофильділігі молекулалардың иондалу дәрежесіне байланысты. Бейтарап молекулалар (қанға тез сіңіріледі) иондар мен полярлы молекулаларға қарағанда липофильді болып келеді. Мысалы, тиопентал мен барбиталдың химиялық құрылысы ұқсас, ал концентрациясы мен шығарылуы түрі бірдей. Бірақ сіңірілу дәрежесі әр түрлі, яғни тиопентал липофильді, барбиталға қарағанда тез сіңіріледі. Дәрілік заттардың сіңірілуі сутектік көрсеткіш (рН) ортаға байланысты. Ортаның рН жоғарылау қышқылдардың диссоциациялануына алып келеді. Мысалы, амидопирин асқазан сөлінің орта есеппен рН=1,5 тең болғанда, толық диссоциацияланған болады. Сондықтан ас үстінде немесе астан соң қабылдағанда асқазаннан қанға мүлдем сіңірілмей, асқазан сөлінің рН=7 тең болғанда ғана жақсы сіңіріледі. Сондықтан амидопиринді аш қарынға қабылдағанда жақсы сіңіріледі.  Липидте ерімейтін дәрілік заттар биологиялық мембранадан нашар өтеді. Олар біртіндеп жасуша ішіне жасуша мембранасының саңылаулары арқылы фильтрация жолымен өтіп, гидростатикалық және осмостық қысымға тәуелді болады. Бұл жолмен кейбір сұйықтықтар (0,4 нм), иондар және майда гидрофильді молекулалар (мочевина) жеңіл өтеді. Белсенді транспорт –дәрілердің концентрациясының градиентіне қарсы, концентрациясы төмен аймақтан жоғары аймаққа өтіп, энергия жұмсалуын қажет етеді. Бұл жолмен суда еритін гидрофильді полярлы молекулалар (бейорганикалық иондар, қант, аминқышқылдар және пиримидин негіздері) жеңіл өтеді. Пиноцитоз жолымен жасуша мембранасында көпіршік түзіліп, инвагинацияланады. Көпіршікке дәрілік заттар мен сұйықтықтар еніп, ол көпіршік мембрананың қарсы бетіне өтіп, сол жасуша ішінде көпіршіктен дәрілік заттар мен сұйықтықтар босап шығып сіңіріледі.

Сіңірілудің маңызды сипаттамасы биосіңімділік. Биосіңімділік деп препараттың алғашқы мөлшеріне байланысты өзгерілмеген заттың мөлшерін көрсетеді. Биосіңімділік дәрілердің физико-химиялық ерекшеліктеріне, дәрілік түрлеріне және оның дайындалу технологиясына, енгізу жолдарына, қан айналымының жылдамдығына, сіңіретін беттің ауданына тәуелді. Дәрілік заттарды энтеральді жолмен енгізгенде биосіңімділігі төмен, ал парентеральді жолмен енгізгенде биосіңімділігі жоғары болады. Мысалы, күре тамырға енгізгінде биосіңімділік 100% деп алынады.

Дәрілік заттардың ағзада таралуы. Дәрілер қанға сіңірілгеннен кейін немесе тікелей қанға енгізілгеннен кейін ағзаның сулы фазасында – қанда, жасуша сыртындағы және жасуша ішіндегі (дене салмағының 70%) суда таралады. Ересектерге қарағанда балаларда судың ағзада көп болуынан кейбір дәрілердің таралу көлемі артады, оларға: Жүрек гликозиді-дигоксин, холиноблокаторлар – атропин, антибиотиктер – аминогликозидтер, сондықтан оларды үлкендердің дозасымен салыстырғанда 1 кг салмаққа артық мөлшерде белгіленеді. Ағза сусызданған жағдайда дәрілердің таралу көлемі азаяды және олардың концентрациялары өседі, фармакологиялық әсері күшейеді.

Күре тамырға енгізгенде дәрілердің басым концентрациясы қанмен жақсы жабдықталған мүшелерде – бас миында, жүректе, бауырда, бүйректе, өкпеде, эндокринді безде пайда болады. 6-10 минут өткеннен соң дәрілер қанмен жабдықталуы аз мүшелер – қаңқа бұлшық еттерінде, май ұлпаларында таралады. Ішке, бұлшық етке және тері астына енгізгенде сіңірілуі мен таралуы қатар жүреді.

Дәрілердің таралуына биологиялық кедергілер тосқауыл болуы мүмкін. Ол: капилляр қабырғасы, жасуша мембраналары, гематоэнцефальды және нематоофтальмалдық кедергілер. Капиллярлар – дәрілер үшін оңай өткізгіш. Липидте еритін заттар эндотелий және базальды мембраналар арқылы диффузияланады, ал суда еритін заттар капилляр қабырғаның 0,2% беткейін алып тұратын кең саңылаулар арқылы диффузияланады.

Дәрілік заттардың биотрансформациясы – тотығу-тотықсыздану, гидролиз және конъюгация жолымен жүреді. Биотрансформация процесі бауырдың микросомальды ферменттерінің әсерінен өзгереді. Кейбір препараттар (фенобарбитал, рифампицин, гризеофульвин) бауыр ферменттерінің белсенділігін жоғарылатады, ол басқа препараттардың әсерінің әлсіруіне алып келеді. Кейбір препараттар (фуразолидон, метронидазол) бауыр ферменттерінің белсенділігін төмендетеді, ол басқа бірге қолданылған препараттардың әсерінің күшеуіне алып келеді.

Шығарылу жолдары. Дәрілік заттар ағзадан бүйрек, бездер арқылы, ал ұшқыш заттар - өкпе арқылы шығарылады. Газ тәрізді және ұшқыш заттар (Мысалы, ингаляциялық наркозга арналған дәрілер) өкпемен шығарылады.

Кейбір препараттар сілекей бездерімен (йодидтер), асқазан бездерімен (хинин, никотин), ішек бездерімен (органикалық қышқылдар) және жас бездерімен (рафампицин) шығарылады. Кейбір заттар (ұйықтататын дәрілер, анальгетиктер, этил спирті, никотин) лактация кезінде сүт бездерімен шығарылып, сүтпен бала ағзасына түсіп, оған жағымсыз әсер көрсету мүмкін.

 

Дәрілік заттардың фармакодинамикасы

Фармакологиялық әсер ағзаға дәрілік заттардың әсер етуі нәтижесінен болатын мүшелер мен жүйелер қызметіндегі өзгерістер: жүрек жиырылуының өзгеруі, бронхтың кеңеюі, артериялық қысымның (АҚ) көтерілуі немесе төмендеуі, ауырсынуды сездірмеу, дене қызуының төмендеуі және т.б. өзгерулер.

Әсер ету механизмі деп дәрілік заттің фармакологиялық әсер тудыруын айтамыз. Кейбір препараттар арнайы рецепторлармен өзара әрекеттесіп, химиялық қосылыстарға түседі. Кейбіреулері жасуша мембранасының өткізгіштігін өзгертеді және т.б.

 

Дәрілік заттардың әсерінің түрлері

Басты (негізгі) әсер деп – препараттың керекті ем үшін қолданылуы.

Жанама әсер асқынуға алып келетін дәрілік заттың қажет емес әсері. Заттың қолданған жерде пайда болған әсерін жергілікті әсер дейміз. Мысалы, бүркеуші заттар шырышты қабықты бүркеп, афферентті жүйкелердің қозуын азайтады. Заттың сіңіріліп жалпы қан айналымға, одан кейін ұлпаларға түскеннен кейін басталған әсерін резорбтивті әсер деп аталады. Жергілікті және резорбтивті дәрілік заттардың әсері тікелей немесе рефлекторлы болуы мүмкін. Тікелей әсер заттардың ұлпалармен қосылған жерінде пайда болады. Рефлекторлы әсерде заттар экстеро-немесе интерорецепторларға әсер етіп, сол арқылы мүше қызметін өзгертеді. Мысалы, лобелин гидрохлориді коротидті шумақтағы орналасқан хеморецепторларды қоздыру нәтижесінде рефлекторлы түрде тыныс алу орталығын қуаттандырады, тыныстың көлемін және жиілігін жоғарылатады. Қосымша әсер бір мүшеге әсер ете отырып келесі мүшенің қызметін өзгертуі. Зат әсерлесетін субстраттардың белсенді макромолекула топшаларын рецептор дейміз.

Дәрілік терапияның түрлері

Этиотропты терапия – аурудың себептерін жоюға бағытталған. Патогенетикалық терапия – ауру процесін қысқартуға және асқынуларды болдырмауға бағытталған. Мысалы, артериялық гипертензияда антигипертензивті дәрілер, жүрек жеткіліксіздігінде жүрек гликозидтері, ревматизмде қабынуға қарсы дәрілер белгіленеді. Симптоматикалық терапия – аурудың жеке белгілерін жоюға бағытталған. Орын басу терапиясы – ағзаға гормондар, ферменттер жетіспеушілігінен туатын ауруларға қарсы қолданылатын терапия. Ол кезде гормондар, оның аналогтары және ферменттік препараттар қолданылады. Профилактикалық терапия алдын алу мақсатына бағытталған. Мысалы, антисептиктер, дезинфекциялық және вирусқа қарсы дәрілер.

 

Дәрілік заттардың мөлшері

Мөлшер – бір реттік қабылдауға арналған препараттың мөлшері. Жоғарғы реттік мөлшер (ВРД) – асырғанда уытты әсер көрсететін, 1 қабылдауға арналған мөлшері. Жоғарғы тәуліктік мөлшер (ВСД) асырғанда уытты әсер көрсететін, 1 тәулікке арналған мөлшер. Орташа терапевтикалық мөлшер, жоғарғы реттік мөлшердің ½ немесе ¼ бөлігі.

 

Дәріге әсер ететін факторлар

Жасы. Кейбір препараттарға орта жастағы адамдарға қарағанда, балалар (18 жасқа дейін) мен үлкен жастағы адамдардың (60 жастан жоғары) ағзасысезімтал келеді. МФ Х-да әртүрлі жастағы балалрға улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың ЖРМ, ЖТМ кестеде көрсетілген үлкендердің мөлшерінің 1/24-1/12; 1 жастағы балалрға 1/12, 12 жастағы -1/8; 4 жастағы-1/6; 6жастағы-1/2, 7жас-1/3, 14жас-1/2; 18жас-2/3-тең. Үлкен жастағы адамдарға ОЖЖ-не әсер ететін дәрілер, жүрек гликозидтері, диуретиктер ересектер мөлшерінің ½; улы және наркотикалық және күшті әсер ететін дәрілер ересектер мөлшерінің 2/3 құрайды.

Дене салмағы салмақ жоғарылаған сайын, мөлшер де жоғарылайды аурудың 1 кг мөлшеріне есептейді. Жынысы, кейбір заттарға (никотин, алкоголь) әйелдерге қарағанда еркектер сезімтал келеді.

Патологиялық жағдайы. Патологиялық жағдайда препарат күшті әсер етеді. Мысалы, дененің жоғары қызуын аспирин түсіреді, ал қалыпты жағдайда дене қызуына әсер етпейді.

 

Дәрілерді қайта қабылдағандағы болатын әсерлер

Үйренгіштік-дәріні қайта қабылдағанда әсердің әлсіреуі. Тахифилаксия-бірнеше сағат ішінде, жылдам пайда болған дәріге үйренгіштік. Дәріге тәуелділік-эйфория тудыратын, дәріні қайта қабылдағысы келетін жағдай. Эйфорияда қанағаттану сезімі, көңіл күйдің жақсаруы, галлюцинация, жұмысқа қабілеттіліктің артуы және де ауырсынудың төмендеуі байқалады. Абстиненция-дәріге тәуелділік тудыратын дәріні қабылдауды доғарған жағдайды айтамыз. Жанама әсерлер терапевті мөлшерде байқалуы мүмкін. Аллергиялық емес жанама әсерлер әрбір дәрі-дәрмекке арнайы тән мөлшерге байланысты, олар спецификалық антагонистерімен жойылады.

           

Дәрілерді қиыстырып қабылдағанда болатын әсерлер

Әрбір науқасқа дәрігер дәрі-дәрмек тағайындағанда 4-10-ға жуығын белгілейді. Негізгі ауруды емдеуге арналған дәрілерден басқа, жалпы ағзаны күшейтетін, негізгі аурудың асқынуын емдеу және алдын алатын дәрілер т.с.с. дәрілерді қиыстырып қолданғанда: синергизм, антагонизм, антидотизм байқалуы мүмкін. Синергизм-бір дәрі екінші бір дәрінің әсерін күшейтуі. Антагонизм-бір дәрі екінші бір дәрінің әсерін әлсіретуі. Антидотизм-егер антагонизм химиялық(қандағы дәрілердің химиялық әсерлесуі нәтижесінде активсіз өнімдер түзуі) немесе физикалық(қанға сіңірілуінің және резорбтивті әсерінің азаюы) байланысты негізделсе.

Дәрілік заттардың улы әсері

Дәрілер тұқым қуалаушылыққа әсер етуі мүмкін. Дәрілерді жүктілік кезінде әсіресе жүктіліктің алғашқы 12 аптасында қабылдағанда, туылғаннан кейін әртүрлі кемтарлыққа алып келетін әсері тератогенді әсер дейміз. Жүктіліктің 12 аптасына дейінгі дәрілердің ұрық дамуының бұзылысына алып келмейтін әсерін эмбриотоксикалық әсер дейміз. Ал 12 аптадан кейінгі кездегі ұрыққа фармакологиялық заттар ұрықтың кемтарлығын тудырмайтын әсерін фетотоксикалық әсер дейді.

 

                          ІV. Жеке Фармакология

Микробқа, вирусқа және қарапайымдыларға қарсы дәрілер

Бұл дәрілер адамның жұқпалы ауруларын алдын алу және емдеу үшін қолданылады. Микробқа қарсы әсері бар дәрілер 2 топқа бөлінеді. Бірінші топқа әсері таңдамалы емес препараттар жатады. Олар көптеген микроорганизмдерге түбегейлі әсер етеді. Оларға: антисептиктер мен дезинфекциялық (зарарсыздандыратын) дәрілер жатады. Екінші топқа әсері таңдамалы химиотерапевтикалық дәрілер жатады. Бұл топ микроорганизмдердің белгілі бір түріне әсер етуінің жоғарғы терапевтік кеңдігіне ие.

1.Антисептикалық және дезинфекциялық заттар.Антисептиктер(anti-қарсы,septicas -шіру)-тері,шырышты қабат,жарақат,күйік және дене қуыстарын өңдеуге арналған заттар.Дезинфекциялық заттар (des- теріс,inticire-зақымдаймын)-қоршаған ортаны(бөлмені,кйімді,науқас кутіміндегі заттарды, аспаптарды) зарарсыздандыруға арналған заттар. Көптеген антисептиктер өте жоғары концентрацияларында зарарсыздындыратын зат ретінде қолданылады. Антисептиктер мен дезинфекциялық дәрілердің микроорганизмдерге,қарапайымдыларға және саңырауқұлақтарға қарсы әсерінің спектрі кең, әсерінің латентті кезеңі аз,белсенділігі жоғары, соның ішінде биологиялық субстарттың қатынасында әсерінің спектрі кең. Препараттар химиялық тұрақты және бағасы жағынан тиімді болуы тиіс. Антисептиктерге қойылатын негізгі талап:ұлпаларға жергілікті тітіркендіргіш әсерінің болмауы, жағылған жерінде сіңірілуі, аллергиялық жағдайды және улылығы төмен болуы. Зарарсыздандыратын дәрілер өңделетін заттарды( түстің өзгеруі,металлдардың коррозиясы)зақымдамайтын,жағымсыз иісі болмауы қажет.Әртүрлі антисептиктер мен зарарсыздандыратын заттардың әсер ету механизмдері бірдей емес және ақуыз денатурациясымен цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігінің бузылуымен микроорганизмдер өмірі үшін маңызды ферменттерді тежеуімен байланысты.

2.Химиотерапевтикалық дәрілер адам ағзасындағы жуқпалы ауру қоздырғыштарының тіршілігін жояды.

Микробқа қарсы дәрілердің табиғатына және мөлшеріне қарай қоздырғыштарға бактерицидті(микроорганизмдерді жояды:cido- өлтіру)немесе бактериостатикалық( өсуін тоқтату) әсер көрсетуі мүмкін.

А. Антисептикалық және дезинфекциялық заттар

1.Құрамында галогені бар антисептиктердің құрамында микроб жасушасының протоплазмасын денатурациялайтын және жоятын белсенді галогендер: хлор немесе йоды бар.

Chloraminum B-хлорамин Б: бос хлорды бөлетін ұнтақ, 1,5-2% еріт.-жараны жууға, тампон, салфеткаларды ылғалдауға; 0,25-0,5% еріт.-қолды өңдеуде және бейметалл құралдарды зарарсыздандыру үшін (металл құралдарын өңдеуге болмайды-хлор металлды тотықтырады); 1-5% еріт.-науқасты күтуге арналған заттар мен қолданған заттарын зарарсыздандыру үшін қолданылады.

       Chlorhexidini bigluconas-хлоргексидин биглюконаты (абацил, гибискраб, манусан)-20% 500мл еріт. флаконда; 0,5%-сулы спиртті еріт.-операциялық алаңды өңдеу үшін; 0,5% сулы еріт.-жара мен күйіктерді өңдеу үшін; 0,5% спиртті немесе 1% сулы еріт.-қолды зарарсыздандыру үшін, құрал жабдықтарды залалсыздандыру үшін, 0,1% сулы еріт.- жалпы зарарсыздандыру үшін; 0,02-0,05% еріт.-қуық жолдарын жууға, венерологиялық ауруларды алдын алу үшін қолданылады. Хлоргексидин микробқа қарсы және фунгицидті(саңырауқұлақтарға қарсы) әсер көрсетеді. Қолдың терісінің құрғауын, қышыма және дерматит тудырады. Хлорқұрамды заттар жағымсыз иісті жоятын әсері бар.

Solutio lodi spirituosa(Б)-йодтың спиртті ерітіндісі: 5%-10,15 және 20мл еріт. флаконда және 5%-1мл еріт. амп. – операциялық алаңды, хирургтің қолын, жарақат жанын өңдеу үшін қолданылады. Күшті тітіркендіргіш әсер көрсетіп, терінің химиялық күйігін тудыруы мүмкін. Люголь ерітіндісі (калий йодының сулы ерітіндісіндегі йод еріт.) жұтқыншақ пен көмейдің қабынуында шырышты қабатқа жағу үшін қолданылады.

Йодоформ (йодинол, йодовидон, йодонат)-йодтың жоғары молекулалы беттік белсенді заттармен («йод тасымалдаушы») кешенді қосылыстары. Бұл препараттар суда ериді (йод суда ерімейді), белсенділігі жоғары, теріні тітіркендірмейді, аллергиялық реакциялар тудырмай, бояу іздерін де қалдырмайды. Ауыз бен мұрын-жұтқыншақ шырыштарын өңдеуге және жарақат, күйік, ойық жараларды емдеу үшін қолданылады.

Iodopovidon-йодоповидон(бетадин, йодовидон, повидон-йод): 10% 30мл, 100мл және 500мл еріт. флаконда- операциялық алаңды, жарақатты, жараны, күйікті өңдеу үшін; 1% 100мл еріт. флаконда-тамақты шаюға, 1%-20,0 жағылмасы-зақымданған жерге жұқалап тәулігіне 3 рет жағуға, 0,2супп.- қынапқа тәулігіне 1 рет ұйықтар алдында енгізіледі.

Iodinolum- (Б)-йодинол: 100мл флаконда шығарылып, жарақат, жара, күйіктерді емдеу үшін тәулігіне 1-2 рет таңады; таңдай мен тамақты шаюға (әр 2-3 күн сайын) қолданылады. Құлаққа, мұрынға тамызады.

2. Тотықтырғыштар-микроб жасушасының ферменттік жүйесінің және протоплазма ақуызының тотығу-тотықсыздану процестерін бұзатын атомарлық(калий перманганаты) және молекулярлық (сутегі асқын тотығы) оттегінің бөлінуінен ыдырайды. Атомарлық оттегі бөліп, көпіршік түзуіне байланысты жараны механикалық тазалап, қан кетуді тоқтатады, бірақ әсері қысқа және әлсіз. Бактерицидті әсер етеді. Екі препараттың да жағымсыз иіс кетіретін (иіссіздендіретін) әсері бар.

Kalii permaganas-калий перманганаты: ұнтақ; 0,01-0,1% еріт.- тамақты шаюға, қуыс мүшелерін жууға, морфин, фосфат, алкалоидтармен уланғанда асқазанды шаюға, 0,1-0,5% еріт.-жараны жууға, 2-5% еріт.- жараны, күйік беттерін жағу үшін қолданады, ал жоғары концентрацияда күйдіргіш әсер көрсетеді.

Solutio Hydrogenii peroxydi diluta-сұйытылған сутегі асқын тотығы (3%) ерітіндісі, жарақатты жууға, ангина мен стоматитте шаю үшін (1 ас қасығын 1 стакан сумен) қолданады.

Пергидроль-қоюланған сутегі асқын тотығының ерітіндісі (27,1-31%) (Б): еріт. күшті күйдіргіш әсері бар, олар 3% ерітінді дайындау үшін қолданады.

Гидроперит: 1,5 таб. 1-2 таб. стакан суда ерітіп, ауыз бен тамақты шаю үшін.

3. Ауыр металлдардың қосылыстары ферменттердің инактивациясына, зат алмасуының бұзылуына және микроб жасушасының өсуі тоқталуына алып келетін микроорганизм ферменттерінің сульфгидрильді (SH-тобы) топтарын байланыстыру қасиетіне ие. Ауыр металл қосылыстарын жергілікті қолданғанда микроорганизм жасушасының ақуызын коагуляциялап (тұндырып, металл альбуминаттарын түзеді) бактерицидтік әсер көрсетеді. Ауыр металл препараттарының концентрациясы мен қасиетіне байланысты бырыстырғыш, тітіркендіргіш және күйдіргіш әсер көрсетуі мүмкін.

Hydrargyri dichloridum-сынап дихлориді (сулема) (А): өте улы зат болғандықтан, тәжірибеде қолданылмайды. Науқас күтіміндегі заттарды, киімдерін зарарсыздандыруда қолданылуы мүмкін. 0,5 және 1,0 ұнт.пен таб.-1:500 (0,2%) және 1:1000 (0,1%) еріт. дайындау үшін қолданылады.Жұмыс барысында келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет: резеңке қолғап пен респираторды қолдану, ыдыс сыртын «У!» деген таңбамен белгілеп, дәрілік затты эозинмен қызғылт түске бояп, тек медицина қыззметкеріне босатады. Сулема тері және шырышты қабықшадан тез сіңіп, күшті улану тудырады. АІЖ-ң шырышына тітіркендіргіш және күйдіргіш әсерінен ауызға металл дәмінің кетуі, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу және іштің қан аралас өтуі, сілекей ағуы байқалады. ОЖЖ-не бастапқы қозуы тежелуімен өтіп, жүрек жеткіліксіздігі, коллапс, нефропатия («сулема бүйрегі») тудырады. Жәрдем: ішкі шикі жұмыртқа ақуызы мен сүт (сынап иондарының ақуызбен байланыстыру үшін) беріп, ақырын асқазанды шаю, белсендірілген көмір мен тұзды іш айдайтын дәрілер (магний сульфаты) беру, форсиленген диурез жасау, қажетті жағдайда гемодиализ және перитонеальді диализ жасау қажет. Металлдармен уланғанда антидот ретінде унитиол (Unithiolum) беріледі: 5% 5-10 мл еріт. б/е; тетацин-кальций мен натрий тиосульфатын к/т енгізіледі.

       Hydrargyri oxydum flavum-сынаптың сары тотығы (Б): 2% офиц. көз жағылмасы түрінде коньюнктивитті емдеуде қолданылады.

Argenti nitras-күміс нитраты (А): 0,25-2% ерітіндісі антисептикалық және бырыстырғыш дәрілік зат ретінде шырышты қабатты сүрту үшін; 2% еріт. трахомада-көз тамшылары түрінде; 1-2% жағылма; 2-10% ерітіндісі мен ляпс қарындашы-эрозияға, жараға, сүйелдерге қарсы күйдіргіш дәрілік зат ретінде қолданылады.

Күмістің коллоидты ерітінділері-протаргол және колларгол-шырышты қабықшаларға жағуға, көз тамшылары түрінде, қуыс мүшелерін шаю үшін (уретрите,циститте) белгіленеді. Күміс тұздарымен уланғанда асқазанды NaCl 1-2% еріт. (AgCl) шайып, іш жүргізетін-майсана майы беріледі.

Zinci sulfas –мырыш сульфаты (Б): 0,25-0,5% еріт. бор қышқылымен коньюнктивитте көз тамшысы түрінде; 0,1-0,5% еріт. – дымқылдау үшін қолданылады.

Zinci oxydum-мырыш тотығы: сеппе, жағылма, пасталар құрамына кіріп (бырыстырғыш, кептіргіш, антисептикалық)-дерматитте, жараларда және дене күлдіреуінде қолданылады.

Cupri sulfas-мыс сульфаты (Б): 0.25% ерітіндісін-коньюнктивитте, уретрит пен вагинитте жуу үшін қолданылады.

Висмуттың органикалық қосылыстары: ксероформ мен дерматол-бырыстырғыш антисептикалық кептіргіш әсер етіп, экзема мен дерматитте сеппе және жағылма түрінде қолданылады.

 

 

4.Альдегидтер мен спирттер (алифатты қатардың қосылыстары) микроб жасушасының протоплазмасын сусыздандырып, ақуызды коагуляциялап (ұйытып), микроорганизмдерді жояды.

Spiritus aethylicus-этил спирті (Б): 95% спирт хирургиялық инструменттерді дезинфекциялау үшін, 70% спирт операциялық алаңды және хирургтардың қолын жуу үшін, 40% спирт компресс жасау үшін тағайындалады.

Solutio Formaldehydi- формальдегид ерітіндісі(официнальды 7%

 Ерітіндісі формалин деп аталады): -күшті антисептикалық,илеуіш және иіссіздендіретін әсері бар.0,5% ерітіндісі қурал жабдықтарды (металдық) зарарсыздандыру үшін 0,5% - 1 % ерітіндісі аяқ тершеңдігінде аяқ терісін жуу үшін қолданылады.Формальдегид ерітіндісі вакциналар,сарысулар мен анатомиялық препараттарды консервілеу үшін қолданылады.

Гексаметилентетрамин (уротрапин)-бактериостатикалық әсері ұлпалардың қабынуы кезінде қышқыл ортада формальдегидтің түзілуінен ыдырауымен байланысты Ішке және к/т( 40% еріт.)несеп шығару жолдарының жұқпалы ауруларында (қолданылуы шектеулі) қолданылады.

5. Фенол және оның туындылары.Әсер ету механизмі жағынан дегидрогеназалардың ферментативті белсенділігін бөгеп ақуыз денатурациясын тудырады.

Phenoium purum-таза фенол (карбол қышқылы): 3-5 % еріт.зарарсыздандыру үшін, сонымен қатар металл құралдарын өңдеу үшін (бактериялардың вегатативті түріне әсер етіп, спораларға әсер етпейді), 3% глицеринді ерітіндісі, құлақ тамшысы жылы күйінде қолданылады. Фенолдың күшті тітіркендіргіш және күйдіргіш әсерінен тері мен шырышты қабықшаға тез сіңіп, улы (бас айналу, тыныс алудың бұзылуы, әлсіздік, тырысу, коллапс) әсер көрсетеді.

Резорцин: 2-5% сулы және спиртті ерітіндісін, тері және саңырауқұлақ ауруларында; 5-20% жағылма түрінде белгіленеді.

Қайыңның қарамайы-антисептикалық, инсектицидті және жергілікті тітіркендіргіш әсер көрсетеді. Вишневский линиментінің құрамына кіріп, іріңді жараларды емдеу үшін қолданылады; Вилькинсон жағылмасының құрамына кіріп, қышыма,экзема, жараларды емдеу үшін қолданылады.

Ichthyolum-ихтиол: антисептикалық, қабынуға қарсы және жергілікті жансыздандыратын әсері бар. 10%-20% жағылма түрінде тілме қабынуында, күйікте, экземада және басқа да тері ауруларында қолданылады. Құрамында 0,2 ихтиолы бар суппозиторий, кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларында қолданылады.

6.Нитрофуран туындылары. Furacillinum-фурацилин(Б): әсер ету механизмі: ақуыздың синтезін бұзып, хелаттар түзеді (металдармен қосылса), протоплазмада тотығу процестерін күшейтеді, адамға улылығы төмен, грамм-оң, грамм-теріс микроорганизмдер мен қарапайымдарға әсері күшті. Жергілікті қолданғанда тітіркендіргіш әсері жоқ және ұлпалардың регенерациясын тездетеді. 0,02% (1:5000) сулы ерітіндісі ауыз бен тамақтың қабынуларында, дененің қуыс мүшелерін жуу үшін қолданылады; еріт. көз тамшылары түрінде, 0,066% (1:1500) спиртті ерітіндісі созылмалы іріңді отитте қолданылады. 0,2% жағылма, 0,02 таб. (1 таб. ½ стакан жылы сумен) шаю үшін, 0,1 таб. бактериалды дизентерияны емдеу үшін ішке белгіленеді.

7. Бояғыштар-грамм-оң кокктарға әсер етеді, улы емес, ұлпаларды тітіркендірмейді.

Viride nitens- бриллиантты жасыл: 1-2% , сулы және спиртті еріт. операциядан кейінгі жіпті, жырықта жарықтарды өңдеу үшін,терінің іріңді зақымдалуында (пиодермия)және көз қабағының қабыну ауруларында (блефарит) қолданылады.

Aethacridini Iactas- этакридин лактаты (риванол)(Б); 0,05-0,2 % еріт.-жарақатты,қуыстарды жууға,күйіктерді емдеу, шаю үшін сыртқа қолданылады. 0,1% спиртті еріт.1% жағылма, 5-10% пастасы, 25% сеппесі белгіленеді.

Methylenum coeruleum-метилен көгі:0,02% сулы ерітіндісі - қуықты;

жууға 1-3% спиртті ерітіндісі сыртқа қолданылады.Метилен көгі цианидтермен, көміртегі тотығымен күкіртті сутегімен (хромосмон препараты) жәненитриттермен уланғанда антидот болып табылады.

8. Қышқылдар мен сілтілер-микроб жасушасының протоплазмасының ақуызын денатурациялайды.

 Acidim boricum- бор қышқылы: антисептикалық белсенділігі төмен,3% спиртті еріт.жіті және созылмалы отитте қулақ тамшысы ретінде қолданылады;2-4% сулы еріт.көз ылғалдағышы ретінде, кейде ауыз бен тамақты шаю үшін;10% глицерин еріт.тері бөртпесінде кольпитте;5% жағылмасы битшеңтікте қолданылады.

Салицил қыщқылы: кератолитикалық әсер ететін спиртті ерітінді жағылма паста сеппе түрінде шығарылып күс суйықтықтары мен күс лейкопластырының(Салипод) құрамына кіреді.

Бензой қышқылы; фунгицидтті зат (саңырауқұлақтарға қарсы) ретінде сыртқа қолданылады

Soiufio Ammonii caustici 10%-аммиактың 10% ерітіндісі(мүсәтір спирті); сілтілік қасиеті болғандықтан жуғыш әсері бар,сондықтан хирургтар қолдарын Спасокукоцкий Кочергин әдісімен жуу ушін қолданылады(0,5% еріт.Есінен танған адамның тыныс алуын қалпына келтіру үшін тітіркендіргіш зат ретінде қолданады.Әсер ету механизмі; микроб жасушасының қабықшасының өткізгіштігін бұзады.

9. Детергенттер.Жуғыш қасиеті мен микробқа қарсы белсенділігі жоғары болып табылатын беттік белсенді заттар.Хирургиялық құрал жабдықтарды, операциялық алаң мен хирургтың қолын өңдеуге, бөлме мен науқастың кутіміндегі заттарын зарарсыздандыру үшін қолданылады. Ақуыз концентрациясы жоғары ортада (ауру бөлінділері, ірің) әсер етпейді. Детергенттердің тітіркендіргіш әсері жоқ және улылығы төмен. Катионды детергенттердің антибактериальды белсенділігі анағұрлым жоғары.

Церигель, дегмицид-медицина қызметкерінің қолын өңдеу үшін белгіленеді.

Роккал- қол мен құрал жабдықтарды (0,1% еріт.) операциялық аймақты өңдеу және сыртқы тәнді зарарсыздандыруға(0,1% еріт.) жарақаттарды өңдеуде(0,025% еріт.) қолданылады.

Мирамистин-жыныс мүшелеріндегі венерологиялық ауруларды (0,01% еріт.) алдын алу үшін қолданылады.

Анионды детергенттер- белсенділігі төмен (катиондылармен сыйымсыз жасыл сабын теріні тазалау үшін қолданылады.

Антибактериальды табиғи препараттар.

Әсер ету механизмі:бактериостатикалық және бактериоцидті әсер көрсетеді.

              

Антисептикалық және дезинфекциялық заттар

Химиялық тобы  Препараттары
1.Құрамында галогені бар қосылыстар Құрамында хлоры бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконаты Йодты: Йодтың спиртті ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, йодоповидон(бетадин), йодинол, йодонат, йодопирон
2.Тотықтыр-ғыштар Сутегі асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты
3. Ауыр металл тұздары Сынап: сынап дихлориді(сулема), сынаптың сары тотығы Күміс: күміс нитраты, протаргол, колларгол Мырыш: мырыш сульфаты, мырыш тотығы Мыс: мыс сульфаты Висмут: ксероформ, дерматол
4.Альдегидтер мен спирттер Формальдегид, гексаметилентетрамин (уротропин) Этил спирті
5.Фенол және оның туындылары Таза фенол ( карбол қышқылы), резорцин, қайыңның қарамайы, ихтиол
6. Нитрофуран туындылары Фурацилин
7. Бояғыштар Бриллиантты жасыл, метилен көгі, этакридин лактаты (риванол)
8. Қышқылдар мен сілтілер Қышқылдар: бор, салицил Сілтілер: аммиак ерітіндісі
9.Детергенттер Церигель, дегмицид, роккал, жасыл сабын
10. Табиғи препараттар Тұнбалар, тұндырмалар және басқа да препараттар: календуланың, жапон сафорасының, түймедақ гүлінің (ромазулан), шалфейдің (сальвин), эвкалипттің (хлорофиллипт, эвкалипт майы), шайқурай (новоиманин), сарымсақ, пияз және т.б.; антисептикалық өсімдік жинақтары: эктерицид, лизоцим, бализ-2

Б.Химиотерапевтикалық дәрілер.

Жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу ушін қолданылатын инфекция қоздырғыштарына әсер ететін препараттарды химиотерапевтикалық дәрілерге жатқызамыз. Химиотерапевтикалық дәрілердің негізін қалаушы неміс ғалымы П.Эрлих,ХХ ғасырдың басында мышьяктың бірнеше қосылыстарын синтездеп,оларды мерезде,кейбір қарапайымдыларға қарсы препарат ретінде қолданған Кейіннен сульфаниламидті препараттар(Домагк 1932 ж.) мен антибиотиктер алынған(А Флеминг,1929 ж.),ал 1940 ж.Флори мен Чейн пенициллиннің таза түрін апған.

Химиотерапевтикалық дәрілердің құрылысына қарай жұқпалы аурулардыңқоздырғышына таңдамалы әсеріне қарай төмендегіше топтарға жіктейміз:

1.Антибиотиктер.

2.Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер.

3.Туберкулезге қарсы дәрілер.

4.Спирохетозға қарсы(сифилислке қарсы) дәрілер.

 5. Саңырауқулақтарға қарсы дәрілер.

6. Вирусқа қарсы дәрілер.

7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер.

8.Құрттарға қарсы( гельминтке қарсы) дәрілер.

Жұқпалы ауруларды толық емдеу үшін химиотерапияның негізгі принциптеріне сүйену қажет:

1.    Қоздырғышқа қарсы сезімталдығы жоғары препаратты таңдау;

2.    Емді дер кезінде бастау;

3.    Енгізу арасындағы дәл уақыт аралығын сақтай отырып препараттың тиімді мөлшерін қабылдау,

4.    Ауру белгілері жойылғанша және 2-3 күн артығымен (толық бактериологиялық айыққанша) емдеу.

5.   Қиыстырылған ем қабылдау,

6.Қажетті жағдайда алдын алу үшін емдеу кестесін қайталау;

                           

Антибиотиктер

Антибиотиктер-әртүрлі микроорганизмдердің өмір сүру қабілетін жоюға бағытталған микробтан, өсімдіктен, жануарлардан алынған заттар немесе оның синтетикалық аналогтары. Медицинада антибиотиктер ереше орын алады. Антибиотиктер жайлы ғылым қарқынды дамып келе жатыр. Медициналық тәжірибеде әр жылы жаңа антибиотиктер ашылуда, зерттелуде, енгізілуде. Антибиотиктерді игерушілердің қатарында микробиологтар, фармакологтар, биохимиктер және барлық медицина мамандары бар. Анибиотиктерді биологиялық тегіне қарай микробқа қарсы әсерінің механизміне қарай және химиялық құрылысына қарай жіктелуі.

І.Микробқа қарсы әсер ету спектріне қарай жіктелуі:

1.   Тек грамм (+) микроорганизмдерге әсер ететін антибиотиктер: бензилпеницилиндер, макролидтер.

2.   Тек грамм (-) микроорганизмге әсер ететін антибиотиктер: полимиксиндер, азтреонамдар.

3. Кең спектрлі (грамм (+) және грамм (-) әсер ететін) антибиотиктер: цефалоспориндер, тетрациклиндер, аминогликозидтер, левомицетиндер.

4.Саңырауқұлақтарға таңдамалы әсер ететін антибиотиктер: нистатин, леворин, амфотерицин В, гризеофульвин.

 

2. Әсер ету механизміне қарай жіктелуі:

1. Бактерицидті әсер ететін антибиотиктер:

а) Жасуша қабықшасының синтезін бұзатын: пенициллиндер, цефалоспориндер және басқа да β-лактамдар.

б) Цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзатын: полимиксиндер, саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктер.

2. Бактериостатикалық әсер ететін антибиотиктер:

а)Ақуыздың жасуша ішілік синтезін бұзатын: тетрациклиндер, макролидтер, аминогликозидтер (бактерицидті әсер көрсетеді), левомицетин, линкомицин.

б)Нуклеин қышқылының (РНҚ) синтезін бұзатын: рифампицин, гризеофульвин.

 

3. Химиялық құрылысына қарай жіктелуі:

1. Бета-лактамды антибиотиктер.

а) Пенициллиндер.

б) Цефалоспориндер.

в) Басқа да β-лактамды антибиотиктер.

2. Макролидтер.

3. Тетрациклиндер.

4. Левомицетин тобы (хлорамфеникол).

5. Аминогликозидтер.

6.Полимиксиндер.

       Антибиотиктер негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді. Негізгі-тиімділігі жоғары, улылығы төмен, емдеуді осылардан бастайды. Қосымша антибиотиктер-улылығы жоғары, негізгі антибиотиктер әсер етпеген жағдайда белгіленеді.

1.Бета-лактамды антибиотиктер

Әсер ету механизмі микроорганизмдердің жасуша қабырғасындағы синтезін жойып, бактерицидті әсер етеді.

 а) Пенициллиндер

 1. Табиғи пенициллиндер

 Әсер ету спектрі: грамм (+) микроорганизмдерге: стафилококктар(пенициллиназа (пенициллиндердің β-лактамды сақинасын бұзатын фермент) өндірмейтін); стрептококктар, пневмококктар; дифтерия коринобактериялары, сібір жарасының таяқшалары; анаэробты спора түзгіш таяқшалар (газды гангрена, тырысқақ, ботулизм клостридиялары); гармм(-) микроорганизмдерге: (гонококктар, менингококктар, спирохеталар); кейбір саңырауқұлақтар (актиномицеттер). Пенициллиндер микроорганизмдердің вегетативті түріне ғана әсер етеді, ал спора түрінде әсер етпейді.

Қолдану көрсеткіштері: пневмония, бронхит, ангина, дифтерия, тілме қабынуы, жұмсақ ұлпалардың іріңді инфекцияларына (абсцесс, флегмона, жара инфекциялары); отоларингологиялық, акушер-гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде іріңді қабыну ауруларында, сепсистік эндокардит, іріңді плеврит, перитонит, сепсис, остеомиелит, менингит, гонорея, бленнорея, мерез, сібір жарасы, көздің қабыну аурулары, актиномикоз және басқа да пенициллинге сезімтал микрофлоралардан туған жұқпалы аурулар. Жанама әсері: әртүрлі дәрежедегі аллергиялық реакциялар. Қарсы көрсеткіштер: пенициллинге жоғары сезімталдық, аллергиялық (бронхиальды демікпесі, сенна қызбасында, есек жем т.б.) аурулар.

а) Әсері қысқа препараттар (3-4 сағ.). Benzylpenicillinum-natrium-бензилпенициллин натрий тұзы (Б): 250 000, 500 000 және 1 000 000 ӘБ құрғақ зат флаконда-әр 4-6 сағ. сайын б/е, құрамын 1-3мл инъекцияға арналған залалсызданған суда, натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен немесе 0,5% новокаин ерітіндісімен(пеницилиннің новокаин тұзы түзіліп, ол анағұрлым ұзақ әсер етуін, ерітінді 1 тәулікке жарамды болуын қамтамасыз етеді; бензилпенициллиннің новокаин тұзының кристалдануынан пайда болған тұнба, ерітіндіні б/е енгізуге кедергі болмайды) ерітеді. Күре тамырға баяу 1 000 000-2 000 000 ӘБ (5-10мл инъекцияға арналған суда немесе натрий хлоридінің изотонды ерітіндісінде ерітеді), 2 000 000-5 000 000 ӘБ тамшылатып (100-200 мл 0,9% NaCl еріт. немесе 5% глюкоза еріт.) тәулігіне 1-2 рет үйлестіріп б/е енгізіледі. Препаратты қажетті жағдайда эндолюмбальды, қуыстарға, сүйек ішіне, ингаляциялық түрде енгізіп; құлақ, көз, мұрын тамшылары түрінде, инфильтраттарды жою үшін қолданады. Ішке қолданбайды, себебі асқазан сөліндегі тұз қышқылының әсерінен бұзылады.

Benzylpenicillinum-kalium-бензилпенициллин калий тұзы (Б): натрий тұзына ұқсас, препарат тек б/е және т/а енгізіледі. Аэрозоль және көз тамшылары түрінде жергілікті қолданылады. Күре тамырға және эндолюмбальді енгізуге болмайды, себебі калий иондары тырысу және жүрек қызметін тежеуіне алып келеді. Препарат күшті тітіркендіргіш әсер көрсетеді.

Phenoxymethylpenicillinum-феноксиметилпенициллин (Клиацил, Фау-пенициллин) (Б): 0,1 және 0,25 таб. тәулігіне 4-6 рет тамақтан 1/2-1 сағат бұрын қабылдау қажет. Бензилпенициллиннен айырмашылығы қышқылға тұрақты яғни асқазан сөлінің тұз қышқылында бұзылмайды, АІЖ-да жақсы сіңіріледі. Орта дәрежелі инфекцияларда қолданылады. Жүрек айну, құсу, іш өту байқалуы мүмкін.

б) Әсері ұзақ препараттар. Bicillinum-1-бициллин-1 (экстенциллин, бензатин) (Б): 300 000, 600 000 ӘБ құрғақ зат флаконда-аптасына 1 рет; 1 200 000 және 2 400 000 ӘБ-2 аптада 1 рет енгізу қажет. Енгізер алдында флакон құрамын инъекцияға арналған суда немесе 0,9% NaCl ерітіндісімен араластырғанда суспензия түзіледі, сондықтан тек бұлшық етке енгізіледі. Препарат ревматизмді алдын алу және емдеу үшін, мерезді емдеу үшін қолданылады.

2. Жартылай синтетикалық пенициллиндер.

Oxacillinum-natrium-оксациллин натрий тұзы (Б): 0,25 және 0,5 таб. және 0,25 капс.-1-2 таб.(капс.)тәулігіне 4-6 рет тамақтан 1сағ. алдын немесе тамақтан соң 2-3 сағ. соң қабылдау қажет. 0,25 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып, тәулігіне 4-6 рет б/е; флакон құрамын арнайы ерітіндіде (инъекцияға арналған суда) ерітеді; 5-10мл 0,9% NaCl еріт. ерітіп к/т баяу ағынмен, 250 мл 0,9% NaCl еріт. немесе 5% глюкоза еріт. ерітіп тамшылатып (1-2 сағ. бойы) к/т енгізіледі. Оксациллин пенициллиназаға тұрақты, бензилпеницилиннен айырмашылығы пенициллинтүзгіш стафилококктармен шақырылған инфекцияларда қолданылады, сонымен қатар қышқылға тұрақты. 

 Ампициллин тригидраты –

Табл шығарылады, 2 таб тәулігіне 2-6 рет тамақтың алдын –ала 250 мл 0,9% шығарылады.

Ампициллин натрий тұзы

 Na Cl ертіндісімен - тамшылатып енгізіледі. Ампициллинің микробтарға қарсы әсерінің спектрі кең. Бензилпенициллин белсенділік көрсететін қоздырғыштарғ қоса, ампициллин грамм (-) микроорганизмдерге: сальмонелла ( іш сүзегі , паратиф , сальмонелез қоздырғыштары ); шигелла( дезинтерия қоздырғыштары); ішек таяқшалары ( эшерехиоз қоздырғыштары ), протей , Фридлендер таяқшалары ( пневмания клебсиелласы); инфлюэнция таяқшаларына әсер етеді. Ампициллин қышқылға тұрақты , бірақ пенициллиназа әсерінен жойылады. Аралас инфекцияларда тиімді , бірақ ұзақ емдеу кезінде суперинфекция шақыру мүмкін. Кандидамикозды алдын алу үшін нистатинді немесе леворинді бірге қолдану тиімді.

 Ampioxum - ампиокс (Б): 0,25 капс шығарылып , 2-4 капс тәулігіне 4 рет тамақтан 1 сағ. бұрын белгіленеді.

Ampioxum - natrium - ампиокс - натрий (Б): 0.2 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып , 3-4 рет тәулігіне б/е , флакон құрамын 2-5 мл арнайы еріткіште ерітіп ,5-10 мл баяу ағынмен к/т ; 100-200 мл 0,9% NaCl ертіндісімен тамшылатып енгізіледі.

Ампиокс - оксацаллин мен ампициллиннің қиыстырылған препараты. Препараттарды қиыстыру арқылы әсер ету спектірн кеңейтіп, әр препараттың әсерін күшейтуге мүмкіндік береді.

Амоксициллин ( хиконцил, гоноформ) - ампициллинге ұқсас , АІЖ - да жақсы сіңіріліп ішке (1,0 таб.; 0,25 және 0,5 капс ) белгіленеді.

Уназин (сулациллин)- құрамында ампициллинмен сульбактамы (0,75; 1,5 және 3,0 құрғақ зат флаконда-б/е және к/т; 0,375-тәулігіне 2 рет) бар.

" Амоксиклав" ("аугментин") - құрамында амоксициллин және клавулон қышқылы (официн .таб. -тәулігіне 4 рет тамақ үстінде ) бар.

Сульбактам мен клавулон қышқылы пенициллиназаның ингибиторы , пеницилинді инактивациядан қорғайды.

Карбенициллин - әсер ету спектрі ампициллинге ұқсас, сонымен қатар ол көкіріңді таяқшаға, протейдің барлық түрлеріне әсер етеді, бірақ стафилококктарға әсер етпейді.

Тикарциллин, азлоциллин ( секуропен) және пиперациллин (Испен) карбенициллинге ұқсас, көкіріңді таяқшаларға қарсы антибиотиктерге.

б) Цефалоспориндер

Цефалоспориндер химиялық құрылысы жағынан пенициллиндерге ұқсас , кең спектрлі , бактерицидті әсері бар, пенициллиназға тұрақты атибиотиктер . Әсер ету     спектріне байланысты 4 буыны бар.

Цефалоспориндердің І буыны : цефалоридин (цепорин ), цефалексин (цепорекс), цефазолин (кефзол, цефамизин), цефалотин (кефлин) .

Әсер ету спектрі ампициллиндерге ұқсас, бірақ пенициллиназа түзгіш стафилакокктарға әсер етеді, грмм (+) микроорганимдерге сезімталдығы жоғары, грамм(-) микроорганизмдерге сезімталдығы төмен. Қолдану көрсеткіштері: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, пневмания , септицемия, эндокардит, терінің жұмсақ ұлпалардың және сүйіктердің ірңді инфекциялары, несеп жолдарының инфекциялары , хирургиялық инфекцялар және т.б.

Cefazolin - цефазалин (Б) : 0,25; 0,5; 1,0; 2,0 және 4,0 құрғақ зат флаконда шығарылып ,2-3 мл иньекцияға арналған суда, немесе 0,9 % NaCl ертіндісі немесе 0,5% новокаин ертіндісімен ерітіп, тәулігіне 2-4 рет б/е; 10 мл к/т баяу ағынмен, 100-200 мл 0,9% NaCl еріт. тамшылатып енгізіледі.

Cefalexinum - цефалексин (Б): 0.25 капс.; 0.5 таб. шығарылып, тәулігіне 4 рет белгіленеді.

Цефалоспориндердің ІІ буыны: цефуроксим (кетоцеф, зинацеф), цефамандол (мандол), цефаклор (цеклор) - әсер ету спектрі: І- буын препараттарына ұқсас, бірақ грамм (-) микроорганизм қоздырғыштарына әсер ету күшті. Қолдану көрсеткіштері : жоғарғы тыныс жолдары мен бронх-өкпе инфекциялары ; урогенитальді инфекциялар, өт жолдары, сүйек , буын инфекциялары , отит, синусит, менингит, септицемия, перитонит және т.б.

Cefuroxim-цефуроксим (Б): 0,75 және 1,5 құрғақ зат флакогда шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.

Цефуроксим - аксетил- 0,25 таб тәулігіне 2 рет белгіленеді.

Цефалоспориндердің ІІІ буыны: цефатоксин(клафоран), цефтазидим ( мироцеф, фортум), цефтриаксон ( лонгацеф, роцефин, лендацин), цефоперазон ( цефобид). Әсер ету спектрі: грамм (-) микрофлораларға әсері кеңірек, бірақ Ә-буын препараттарына қарағанда грамм (+) микроорганизмдерге әсері әлсіздеу. Цефтазидим мен цефаперазон көкірің таяқшасына , цефотаксим мен цефтриаксон анаэробтарға әсер етеді. Қолдану көрсеткіштері : пневмания , эндокардит, урологиялық және құлақ, тамақ, мұрын инфекциялары , менингит, сепсис, перотонит, жұмсақ ұлпа, сүйек, буын инфекциялары және т.б. Барлық препараттары парентеральды енгізіледі.

Cefotaxim-цефотаксим (Б): 0,5; 1,0 және 2,0 құрғақ зат флаконда шығарылып, 2 мл иньекцияға арналған суда ерітіп тәулігіне 2-4 рет - б/е; баяу және тамшылатып к/т еңгізіледі.

Ceftriaxon- цефтриаксон (Б) : 1,0 құрғақ зат флаконда 2-3 мл еріткіште ерітіп (1%   лидокаин еріт.) тәулігіне 1-2 рет б/е енгізіледі.

Цефалоспориндердің IV буыны: цефепим ( максипим ), цефпиром (кейтен), цефметзол- ұлпаларға тез сіңіп, - лактамаз әсеріне тұрақты. Әсер ету спектрі: грамм(+), грамм(-) микроорганимзерге белсенділігі бірдей, анаэробтарға қарсы белсенділігі жоғары, көкіріңді таяқшаларға әсер етіп, бактероидтарға әсер етпейді.        Қолдану көрсеткіштері: сепсис, әр түрлі ауыр госпитальды және аралас  инфекцияларда. Жанама әсері: барлық цефалоспориндер аллергиялық реаякциялар( пенициллиндермен қиыспалы сенсизбилизация ( сезімталдықтың артуы) тудыруы мүмкін), бүйрек қызметінің бұзылуы, дисбактериоз, суперинфекция , әшке қабылдағанда - деспепсия жергілікті тітіркендіргіш әсер ( инфильтрат, флебит) тетурам тәрізді әсерлер байқалуы мүмін . Қарсы көрсеткіштері: осы топтығ кез-келген препараттарна аллергия болуы мүмкін , бүйрек,бауыр ауруларында ,жүктілік кезінде абайлап қолдану қажет.

  в) Басқа да β- лактамды антибиотиктер

1. Карбапенемдер (І буыны: имипенем, "тиенам", "примаксин", ІІ буыны: меропенем). Әсер ету спектрі кең : грамм(+) жіне (-) аэробты және анаэробты бактерияларға , сонымен қатар көкіріңді таяқшаға әсер етеді. Қолдану көрсеткіштері : қоздырғышы анықталмаған көбінесе аралас, әр түрлә ауыр инфекциялар, аралас инфекциялар, - лактамазаға тұрақты басқа антибиотиктердің әсері болмаған жағдайда қолданылатын резервтегі антибиотиктерге жатады.   Жанама әсері: аллергия , дисбактериоз, суперинфекция, (кандидоз) , енгізілген жерде тітіркендіргіш әсері, қан құрамының өзгеруі. Қарсы көрсеткіштері : пеницилиндерге аллергиясы болган р

"Tienam"-"тиенам": 0,25 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып, арнайы еріткіште ерітіп, тәулігіне 2-4 рет к/т және б/е енгізіледі. Имипенемді бұзатын бүйрек дигитропептидаза ферментінің ингибиотры болып табылатын имипенем және циластатиннің ұиыстырылған препараты.

Меропенем (меронем)- дигидропептидазаға анағұрлым тұрақты.

2.Монобактамдар (Азтреонам (Азактам)). Әсер ету механизмі: микроағзалардың жасуша мембранасының биосинтезін тежиді, В лактамазаларға тұрақтылығы жоғары.   Әсер ету спектрі: грамм(-) аэробтар( сальмонелла, шигелла, протей, ішек таяқшалары ,клебсиелла, серрация, гонококктар ,менингококктар, көкіріңді таяқшалар). Пенициллиназа әсерінен жойылмайды. Қолдану көрсеткіштері : аурухана ішілік ауыр инфекцияда: несеп шығару жолдарының ауыр инфекциялары , перотонит, сепсис, бронх- өкпе инфекциялары , жұмсақ ұлпа инфекциялары, операциядан кейінгі қиындықтар, кейде менингикте қолданылады. Жанама әсері: улылығы төмен; аллергия, суперинфекция, флебит, жүрек айну, диарея, қан ұюының бұзылуы және гипотоксикалық әсер көрсету мүмкін.

Aztreonam - азтреонам ( азактам) - 0,5 және 1,0 құрғақ зат флаконда шығарылып , тәулігіне 2-4 рет б/е және к/т енгізіледі.

Макролидтер

Әсер ету механизмі: рибосомдық деңгейіндегі ақуыздың жасуша ішілік синтезін бұзып, бактеростатикалық әсер етеді. Микробқа қарсы әсер ету спектіріне байланысты микролидтер 3 буынға бөлінеді:

  Макролидтердің І буыны: эритромицин, олеандомицин. Әсер ету спектрі: бензилпенецилиндерге ұқсас, микоплазма, легионелла, коклюш қоздырғыштарына сезімталдығы жоғары. Қолдану көрсеткіштері: бензилпенецилиннің қолдану көрсеткіштеріне ұқсас , сонымен бірге легионела және марокселламен шақырылған хламидальды , микоплазмалық және бөліктік (крупозды) пневманияда қолданылады. Макролидтер резервтегі антибиотиктер, оларды пенецилиндерге аллергия және тұрақсыздығында қолданылады. Көбінесе жеңіл инфекцияларда ішке ,күре тамырға сирек тағайындалады; эритромицин жағылмасын жарақат, күйік,безеу,жара,терінің ірінді қабынуында жағу үшін; Трахома,блефарит,коньюнктифитте кқз жағылмасы түрінде тағайындалады. макролиттерге микроорганизмдердің тұрақтылығы тез пайда болады. Жанама әсері: макролиттердің улылығы төмен,диспесия, аллергия,гипатотоксикалық әсер көрсетуі мүмкін. Қарсы көрсеткіштері: жеке көтере алмаушылық, бауырдың қызметінің бұзылуының ауыр түрінде.

Erythromycinum- эритромицин(Б): 0,1 және 0,25 таб. шығарылып 1-2 таб. тәулігіне 4-6 рет тамақтан 1 сағ. бұрын белгіленеді, 1% жағылмасы бар.                 Erythromycini phophas- эритромицин фосфаты(Б): 0,1 және0,2 құрғақ зат флаконда шығарылып, тәулігіне 1-2 рет к/т енгізіледі.

Олеандомицин- белсенділігі төмен, "Олететрин" таблетккасының құрамында олеандомицин мен тетрациклин бар.

Макролиттердің екі буыны: спирамицин (ровамицин), рокситромицин(рулид),кларитромицин(клацид), мидекамицин(макропен),джозамицин(вильпрафен). Әсер ету спектрі: бірінші буын препараттарына қарағанда спектрі кеңірек. 1 және 2 буын препараттарына энтерококктар, шигеллалар,сальмонеллалар,ішек және демофилді таякшалар,бактеройдтар,кампилобактерлер, листериалар, гарднереллалар және кейбір микобактериялар сезімтал келеді. Спирамицин мен кларитромицин Helicobacter pylory-re жоғары белсенділік(асқазан мен ұлтабардың жараларын туғызуға жағдай жасап,асқазанның пилорикалық бөлігін зақымдайтын геликобактериялар) көрсетеді. Спирамицин мен рокситромицинге токсоплазмалар сезімтал келеді. Қолдану көрсеткіштері: 1 буын препараттарына ұқсас, сонымен қатар энтерит, колит,холецистит,асқазан мен ұлтабардың жаралары(кларитромицин,спирамицин) токсоплазмос(спирамицин,рокситромицин).

Жанама әсері мен қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай.

Spiramycin-спирамицин(Б): 3000000 ХБ таб. шығарылып 1-2 таб. тәулігіне 3 рет белгіленеді.

Roxithromycin-рокситромитцин(Б): 0,15таб. шығарылып 1таб тәулігіне 2 рет тамақтан бұрын белгіленеді.

макролиттердің 3 буыны: азитромицин(сумамед)- химиялық құрылысы жағынан азалиттерге жатады. Әсер ету спектірі:хламидий мен микоплазмаларға қарсы жоғарғы белсенділік көрсетеді. Қолдану көрсеткіштері:ангина, отит,синусинт, бронхит, пневмония,урогениталды инфекция(несеп жыныс жолының хламидиозы мен трихомониязы), тері мен тері асты кличаткасы инфекциялары. Жанама әсері мен қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай.

  Azitromycin-азитромицин(Б):0,5таб.;0,125 және 0,125капс; бірінші күні 0,5 тәулігіне бір рет, 2-5 күндері 0,25 тәулігіне 1 рет тамақтан 1 сағ. бұрын немесе 2сағ. сон белгілінеді.

 Ескерту: азитромициннің қаннан жартылай шығару уақыты 48сағ. жоғары.

Линкозамидтер: линкомицин,клиндамицин(далацин С):микропқа қарсы әсер ету спектрі бойынша макролиттерге ұқсас; негізінен грамм(+) микроорганизмдерге; анаэроптарға әсіресе клиндамициннің белсенділігі жоғары; микоплазма мен бактериоттарға әсер етеді. Ауыр анеропты инфекцияларға: сепсис, сепсистік эндокартид, сепсестик артритте, остеомиелитте, отитте, құрсақ қуысы мен кіші жамбас мүшелерінің инфекцияларында, пневномияда, жұмсақ ұлпа инфекцияларында, токсоплазмозда(клиндамицин) қолданылыды. Линкозамиттерге тұрақтылық баяу пайда болады. Бұлар резерфтегі антибиотиктер болып табылады. оларды басқа препараттарға аллергия немесе тұрақтылық жағдай да қолданады. Жанама әсері: диспепсия және псевдомембранозды колит, аллергия, бауыр қызметінің бұзылуы, ликопения байқалуы мүмкін.

Тетрациклиндер.

Әсер ету механизмі:рибосомдық деңгейінде ақуыз синтезн бұзып бактериостатикалық әсер етеді.

Табиғи: тетрацклин,окситетрациклин(террамицин)-әсері қысқа 6-8сағ.

Жартылай синтетикалық: метациклин(рондомицин),докситсиклин(вибрамицин), минациклин(миноцин)- әсері ұзақ 12-24сағат

Әсер ету спектрі кен: грамм(+)және грамм(-) бактериялар,спирохета,рикетсия,хламидия,микоплазма,омеба. Тетрациклиндер жасуша ішіндн орналасқан микроорганизмдерге қарсы әсер етеді. Оларға протей,көк ірінді таяқшалары, көбінесе саңырау құлақтар, ұсақ вирустар, бактериодтар тұрақты. Грамм (-) ішек микроорганизмдері метациклин мен доксициклинге тұрақты. Тетрациклиндерге екіншілік резистенттік баяу дамиды, бірақ моноцикленнен басқа осы топтың барлық препараттарына резистенттік қиылыспалы болып келеді. Қолдану көрсеткіштері: тетрациклендер - улы антибиотиктер , сондықтан оларды өазіргі кезде аз қолданады. Тетрациклендерді негізінен микроорганизмдердің басқа топ препараттарына тұрақтылығы жоғарға болғанда қолданады. Олар резервтегі антибиотиктер болып табылады. Тетрациклендерді өте қауіпті инфекцияларда: тырысқақ ( холера) , оба, сібір жарасы, бруцеллез, туляремия, борреллиоз, реккетсиоз, бқртпе сүзегі, даұты ұызба, Ку-қызба ( доксициклин, моноциклин) ; остеомиелитте, инфекциялық артритте; хламидия, микоплазма, трепонма жіне гонококк қоздырғыштарымен шақырылған урогенетальды инфекцияларда; микоплазмалық пневмонияда ; трахомада; тері және жұмсақ ұлпа инфекцияларында (моноциклин- теріге және жұмсақ ұлпаларға жақсы сіңеді); бактериялды және амебті дезинтерияда; асқазанның жара ауруларында( доксициклин- Halicobacter pylory-ге әсер етеді) қолданылады. Жанама әсері: диспепсия , тітіркендіргіш әсер, гепотоксикалық әсер, аллергия, дисбактериоз ( суперинфекция , кандидамикозды алдын алу үшін нистатин қолданылады), энтероколит, фотосенсибилизация, тіс және сүйек дамуының бұзылуы ( тетрациклендер кальций тұздарымен кешенді қосылыстар түзіп , тәспен сүйекте жиналып, ол тістің өсуін тежейді, кеш шығады,қарайып, кариеске бейімді болады); катаболикалық әсер, иммунитеттің төмендеуі, қан жасалуының тежелуі , теротогендік әсер, ал моноциклинде вестибулярлық бұзылыстар байқалады. Қарсы көрсеткіштері: жоғары сезімталдықта , санырауөқлақ ауруларында, жүктілікте, 12 жасқа дейінгі балаларға; бауыр,б.йрек ауруларында, және лейкопенияда абайлап қолдану керек.

Tetcyclinum-тетрациклин (Б): 0,05;0,1 және 0,25 таб. шығарылып , тәулігіне 3-4 рет тамақ үстінде немесе тамақтан кейін ; 1% көз жағылмасы , 3% дермотологиялық жағылмасы бар.

Окситетрациклин- сыртқа жағылма түрінде "Гиоксизон" , аэрозольдер " Оксициклозоль"," Оксикорт".

Metacyclini hydrochloridum- метациклин гидрохлориді(Б) : 0,15 және 0,3 таб.- 0,3 тәулігіне 2 рет тамақ үстінде немесе кейін.

Doxycylini hydrochloridum- доксициклин гидрохлориді (Б): 0,1 капс. шығарылып, 1 капс. тәулігіне 1 рет тамақтан соң; 0,1 құррғақ зат флакон құрамын 0,9% NaClерітіп. тәулігіне 1-2 рет к/т тамшылатып еңгізіледі.

Дата: 2019-02-25, просмотров: 2945.