Тыныс алу орталығын тікелей белсендірілетін дәрілер Бұл препараттар сопақша ми орталықтарын және бас миының қыртысы астындағы түзілулерін белсендіреді. | Тынысты рефлекторлы түрде қуаттандыратын дәрілер Бұл топтағы дәрілер Синокаротидті зонадағы Н- холинорецепторларды қуаттандырып, одан афференті импульстардың сопақша миға түсуін және тыныс алу орталығының белсенділігін жоғарылатады. | Аралас әсерлі дәрілер Бұл топтағы дәрілердің орталыққа әсері каротидті шумақтағы хеморецепторлеріне қуаттандырушы әсерімен толықтырылады. |
Этимизол Кофеин натрий бензоаты Камфора (немесе сульфокамфокаин) Бемегрид | Цититон Лобелин гидрохлориді | Кардиомин Карбоген (5%СО2+95%О2) көмірқышқыл тыныс алудың физиологиялық стимуляторы. |
Тынысты қуаттандыратын дәрілер- наркотикалық анальгетиктермен, көміртегі тотығымен жеңіл уланғанда, жаңа туған нәрестенің асфексиясында, наркоздан кейінгі кезеңдегі өкпеге дем берудің қажетті деңгейін қалпына келтіру үшін қолданылады. Тынысты қуаттандыратын дәрілердің әсері қысқа, ал қайта қабылдағанда тыныс алу қызметінің төмендеуі мен қалтыраулар тудыруына байланысты аз қолдананды, сондықтан гипоксиялық жағдайда жасанды дем беруге тура келеді.
2. Жөтелді басатын дәрілер
Жөтелді басатын дәрілердің жіктелуі
Орталыққа әсер ететін дәрілер (сопақша мида орналасқан жөтел орталығының негізгі түйіндерін тежейді) | Әсері шеткерлік дәрілер (жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабықшаларына жансыздандырғыш, бронхолитикалық және қабынуға қарсы әсерімен байланысты) |
а) Наркотикалық препараттары: Кодеин (метилморфин) Этилморфин (дионин) б) Бейнаркотикалық препараттары: Глауцин гидрохлориді (глаувент) Тусупрекс (окселадин, пакселадин) | Либексин Битиодин Бутамират цитраты (синекод) |
Жөтелді басатын дәрілер жіті және созылмалы бронхитте, жөтелді басу немесе төмендету үшін, демікпе жағдайында және бронхопневмонияда қолданылады. Жөтелді басатын дәрілерді жөтелді толық басу үшін емес, ауырсыну, ұйқысыздық, қан кету мен бронхоспазм тудыратын жөтелді басу үшін белгілейді.
Орталыққа әсер ететін дәрілер медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады.
Наркотикалық жөтелге қарсы дәрілердің (кодеин, этилморфин) жөтелге қарсы күшті және әлсіз ауырған жерді басатын әсерлері бар.
Жанама әсері: тыныс алу орталығын тежейді, тыныс алу көлемін төмендетіп, бронх тонусының төмендеуі, жыбырлатқыш эпителий белсенділігінің төмендеуі, ұйқы келуі, іш қатуы және дәріге тәуелділік байқалуы мүмкін.
Ал бейнаркотикалық анальгетиктерде мұндай жанама әсерлер байқалмайды. Кодеин мен этилморфинді 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Codeini phosphas- кодеин фостфаты (Б): 0,01-0,02 ұнт: бірнеше қиылыстырылған препараттардың құрамына кіреді; Бахтерев микстурасы (құрамында; Жалынгүл шөбінің тұнбасы, натрий бромиді, және кодеин); Кодтерпин таб.(кодеин+қақырық түсіретін (NaHCO3 және терипнгидраты)) және т.б. дәрілері бар.
Этилморфин гидрохлориді морфиннен алынған синтетикалық препарат. Жөтел орталығын таңдамалы тежеп, дәріге тәуелділік тудырмайтын бейнаркотикалық анальгетиктер; глауцин гидрохлориді және тусупрекс. Глауцин өсімдіктен алынған алкалоид, ал тусупрекс синтетикалық жолмен алынған препарат. Глауцин бас айналуын, жүрек айнуын тудыруы мүмкін.
Glaucini hydrochloridum- глауцин гидрохлориді (Б); 0,05таб 1таб тәулігіне 2-3 рет белгіленеді.
Tusuprex – тусупрекс 0,01 және 0,02 таб шығарылып, 1-2 таб. 3-4 рет белгіленеді.
Әсері шеткерлік жөтелге либексин жатады. Ол ОЖЖне әсер етпейді. Либексин дәріге тәуелділік тудырмайды, сол себептен бейнареотикалық жөтелге қарсы дәрілерге жатқызамыз.
Libexinum- либексин (Б) 0,1таб- 1таб тәулігіне 2-4 рет.
Қиыстырылған препараттары:
Broncholytinum- бронхолитин (Б); 125мл (глауцин гидрохлориді+эфедрин гидрохлориді+шалфей майы +лимон қышқылы )-1 ас қасықтан тәулігіне 3-4 рет тәулігіне белгіленеді.
Stoptussin-стоптуссин (бутамират цитраты+гуафензин)-10мл флаконда, 30-40 тамшыдан 100 мл сұйықтықпен (су, шай және т.б.) күніне 3 рет тамақтан соң белгіленеді.
Қақырық түсіретін дәрілер
Бұл дәрілер бронх шырышының секрециясын күшейтіп,қақырықтың жөтелмен бөлінуін жеңілдетеді. Қақырық түсіретін дәрілер жыбырлатқыш эпителий белсенділігі мен бронх бұлшық етінің жиырылуын күшейтіп,қақырықтың түсуіне алып келеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып қабынған шырышты бүркеп, сыртқы тітіркендіргіштен қорғайды да, ол қабыну процесінің төмендеуіне алып келеді.
Қақырық түсіретін дәрілер қабынумен жүретін бронх\өкпе ауруларын, бронхиалды обструкция синдромын кешенді емдеу үшін қолданылады.
Қақырық түсіретін дәрілерді өкпе туберкулеззінің ашық түрінде, өкпеден қан кетуде, ОЖЖ\ң жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында, асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруларында қолдануға болмайды.
Herba Thermopsidis –термопсис шөбі (Б): 0,5-200 мл тұнбасы –1 ас қасықтан тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.
Liquor Ammonii anisatus-мүсәтір әніс тамшысы: 25мл флаконда–10-15 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.
Trypsinum crystallisatum- кристалды трипсин:0,01 құрғақ зат флаконда – 2-3 мл 0,9% NaCl еріт. ерітіп,ингаляциялау үшін белгіленеді.
Acetylcysteinum-ацетилцистеин (Б): 20% 5 мл және 10 мл еріт. амп -2-5 мл\ден тәулігіне 3-4 рет ингаляция үшін (15-20мин); жай инстиляция түрінде трахеяға 1мл-ден әр сағат сайын ; 0,1 таб және 0,2 капс. 2 таб. (1капс) тәулігіне 2-3 рет 10% 2 және 3 мл еріт. амп. Шығарылып б\е; 5% 10 мл еріт. амп. – тәулігіне 2 рет к\т тағайындалады.
Қақырық түсіретін дәрілердің жіктелуі
Қақырық түсіретін дәрілер\ Муколиттер | ||
Әсері рефлекторлы Бұл дәрілердің құрамында алколоидтармен бірге өсімдік сапонинднрі бар. Дәрілер ішке қабылданғанда асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Бұл кезде рефлекторлы түрде бронх бездерінің секрециясы жоғарлайды, жыбырлығыш эпителийлердің белсенділігі жоғардайды да, бронх бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып, тұқырланып жөтелмен бөлінуі жеңілденеді. Тамақтан ½ сағ. Бұрын белгіленеді. Термопсистің тамыры (тұнба, құрғақ сығынды) Дәрілік жалбыз тікеннің тамыры (тұнба, сығынды, мукалтин препараты) Мия тамыры (сы,ынды, кеуде элексирі, Доктор Мом) Киікоттың тамыры (қайнатпа) Өгейшөптің жапырағы (тұнба) Терпингидрат Натрий бензоаты | Тікелей әсерлі Тікелей әсер ететін препараттар ішекте сіңіріліп, бронх шырышында белсенді бөлініп, бронх бездеріне тікелей әсер етіп және олардың секрециясын күшейтеді. Ол қақырықтың сұйығырақ болып, жөтелмен бөлінуін күшейтеді. Na(K)I NaHCo3 Аммоний хлориді Кәдімгі әніс жемісі (тұнба,әніс майы, мүсәтір әніс тамшысы). Тасшөп (тұнба, сұйық сығынды, пертуссин препараты) Аңдыз тамырымен тамыр сабағы (қайнатпа) Жұпаргүл шөбі (тұнба) Қарағайдың бүршігі (қайнатпа) | Бұл препараттардың протеолитикалық әсері бар (қақырықтың, ақуыз бен басқа да млекулалардың ыдыратып және оның тұрақтылығын төмендетеді (сұйығырақ)). Интратрахеальды енгізгенде (ингаляциялық) бронхтың дренажды қызметін күшейтіп, қабынуға қарсы әсер көрсетеді. а) ферментті препараттары: Кристалды трипсин Кристалды химотрипсин Рибонуклеаза Дизоксирибонуклеаза б) синтетикалық препарттары: Ацетилцистеин (мукосольвин) Амброксол гидрохлориді (амбробене, лазальван) Бромгексин (сольвин) |
Амп. -2-5 мл-ден тәулігіне 3-4 рет ингаляция үшін(15-20 мин); жай инстиляция түрінде трахеяға 1мл-ден әр сағат сайын; 0,1таб. және 0,2 капс. - 2 таб. 2-3 рет; 10% 2және 3 мл еріт. амп. шығарылып б/е; 5% 10 мл еріт. амп. - тәулігіне 2 рет к/т қайнатылады.
Ambroxini hydrochloridum-амброксол гидрохлориді: 0,03 таб.- 1таб. тәулігіне 2 рет тамақтан соң; сироп; ингаляцияға арналған еріт.түрінде шығарылады.
Bromhexinum-бромгексин 0,008таб.-1таб күніне 2-3 рет тағайындалады.
Бронхолитикалық дәрілер
Бронхты кеңейтетін дәрілер бронх демікпесінде кешенді емнің компоненттнрінң бірі, бронхспазмды басу және алдын алу үшін қолданылатын дәрілер болып табылады. Бронх демікпесінің ұстамасын басу және жүйелі терапиясында қолданылады.
Бронхолитикалық дәрілердің жіктелуі;
Шеткерлік жүцке жүйесіне әсер ететін прапараттар тақырыбын қараңыз. | әсері миотропты спазмолитиктер | |||
Β – адреномиметиктер | А-және-В\ адреномиметиктер | Симпатомимет- иктер | М- холиноблокаторлар | |
Изадрин Орцеприналин (астмопент) Сальбутамол (вентолин) Фенотерол (беротек) Тербуталин (бриканил) | Адреналин гидрохлориді | Эфедрин гидрохлориді | Атропин Метацин Селективті: Ипратропинум бромиді Тровентол | Бұл препараттар бронх бұлшық еттерін босаңсытады. Теофиллин Эуфиллин Ұзақ әсерді: Теопек Теотард Теобиолонг Эуфилонг |
Бұл екі препараттың кемшілігі карлиоқуаттандырғыш \тахикардия\ және гипертензивті әсері бар, адреналиннің әсері күшті және тез, бірақ қысқа, ал эфедринде ұзағырақ, бірақ ОЖЖ\н қоздырып, дәріге тәуелділік тудырады. |
Миотропты әсерлі спазмолитиктерге (метилксандинтер): теофиллин, эуфиллин (80% теофиллиннен, 20% этилдиаминнен тұрады) жатады. Бронх тоучын төмендетіп қана қоймай, жүрек, бүйрек, бас миының қан тамырларын кеңейтіп, АҚ\н төмендетеді, кіші қан айналымының шеңберін жақсартып, диурезді жоғарлатады. Әсері ұзақ препараттары бронх спазмын алдын алу үшін қолданылады. Жанама әсері: теофиллин препаратын қабылдағанда асқазанның шырышты қабықшасының тітіркенуі, эпигастрий аумағының ауырсынуы, лоқсу, құсу, дипепсия, бас ауры мен бас айналуы, қозғыштық және ұйқысыздық, жүрек қызметінң күшеюінен жүректің оттегіге қажеттілігінің жоғарлауы, тахикардия, аритмия, (әсіресе к\т енгізгенде) байқалуы мүмкін. АҚ бірден төмендеуінде, стенокардияда, жүректің ырғағының бқзылуында, жүктілікте және эпилепсияда қолдануға болмайды.
Eyphillinum – эуфиллин (аминофиллин, диафиллин) (Б) 0,1 және 0,15таб. –1таб тәулігіне 2-4 рет тамақтан соң; 0,36 супп. Түрінде шығарылады. 1супп.тәулігіне 2-4 рет тік ішекке; 24% 1 мл еріт амп-тәулігіне 3 рет б\е; 24% 10 мл+0,9%NaCl еріт баяу ағынмен немсе тамшылатып к\т енгізіледі.
Бронх демікпесімен ауыратын науқастарды емдеуде тек бронхолитиктер ғана емес, сонымен қатар басқа топ препараттары да белгіленеді. Олар:
1. Мес жасушаларынан медиаторлардың бөлініп шығуына кедергі жасаушы дәрілер: кромолин натрий \интал\, неодокромил натрий \тайлед\, кетотифен \астафен, задитен\. Бронхоспазм қстамаларын тек алдын алу үшін ғана қолданылады.
Cromolyn sodium- кромолин - натрий;0,02 капс –арнайы инголятор «спингалер» көмегімен ингаляциялау қажет.
Nedocromil sodium-недокромил - натрий: мөлшерленбеген аэрозоль.
Ketotifenum-кетотифен (Б): 0,001 капс және таб -1 капс немесе таб күніне 2 рет тамақ үстінде.
2. Глюкокортикоидты препараттар- қабынуға қарсы, аллергияға қарсы иммунодепрессивті әсер көрсетеді. Бронхиальды обструкция синдромында спазмолитикалық, ісінулерге қарсы әсері бар, адреномиметиктер, М-холиноблокаторлар және метилксантиндер әсер етпегенде бронхты кеңейтетін әсері бар.
Глюкокортикоидтар гормонға тәуелді бронх демікпесінде және демікпе жағдайында да қолданылады.
Ингаляциялыұ глюкокортикоидтарға беклометазон дипропионаты \бекотид, бекломет, беклокарт\, будесонид \пульмикорд\: флунизолид \ингакорт\ жатады.
Қиыстырылған препараты: «Беродуал» аэрозолі, «Дитек» аэрозолі.
3. Лейкотриенді рецепторлардың блокаторлары: зафирлукаст \аколат\, монтелукаст \сингуляр\- бронхспазмды басып, тамыр өткізгіштігі мен ісінуді басып, бронхиола секретінің бөлінуін төмендетеді. Глюкокортикоидтармен, бетта-адреномиметиктермен бірге және әсіресе аспиринді бронх демікпесінде қолданылады. Зафирлукасты науқас мезгилмен тәулігіне екі рет қабылдау қажет. Ұзақ қабылдағанда тиімділігі төмендемейді. Монтелукасты тәулігіне бір рет қабылдайды. Зиулетон лейкотриен синтезін тежейтін препарат болып табылады.
5. Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
өкпе ісінуі жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары кезінде, химиялық заттармен өкпенің зақымдалуы кезінде, бірқатар жұқпалы ауруларда, бүйрек, бауыр патологиясында, ми ісігінде пайда болуы мүмкін.
Келесі топ препараттары қолданылады:
1. Көбікті басатын дәрілер / этил спиртінің буын О2 арқылы дем алу\
2. Наркотикалық анальгетиктер: морфин, фентанил, таламонал \фентанил дроперидолмен\ шеткерлік артерия мен күре тамырды кеңейтіп, қан айналымының кіші шеңберінде іркіліп қалуын азайтып, АҚ\н төмендетеді.
3. Дегидратациялық\сусыздандыратын\ дәрілер: маннит, мочевина-судың ісінген қлпалардан тамырларға өтуін қамтамасыз етіп, несеп айдаушы әсері бар. К\т енгізіледі.
4. Несеп айдаушы дәрілер: фуросемид,этакрин қышқылы-айналымдағы қан көлемін төмендетіп, гепотензивті әсер етеді.
5. Гипотензивті дәрілер: артериялық, веналық қысымын төмендетеді. Ганглиоблокаторлар: бензогексоний, гигронийй, пентамин; әсері миотропты гипотензивті дәрі натрий нитропруссиді.
6. егер өкпе ісігі жүрек қызметінің жеткіліксіздігімен байланысты болса, онда әсері тез жүрек гликозидтерін белгілейді: строфантин, коргликон.
7. Глюкокортикоидтар қабынуға қарсы, иммунодепрессивті әсері бар, преднизолон к\т енгізіледі.
Ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілер
Ас қорыту жүйесінде астың соңғы қнісдерге ыдырауы, қанға сіңірілуі, микрооргонизмдерді зиянсыз ету, метоболизммен дәрілердің сіңірілу процесі жүреді. Ас қорыту жолының секреторлы және қимыл белсенділігінің бұзылуы көптеген ауруларда және патологиялық жағдайларда байқалады. Асқазан ішек жолдарының аурулары қазіргі кезде, әсіресе, баллалар арасында көп тараған. Ол асқазан ішек жолдарының иннервациясы, бездердің секрециясымен толқи жиырылу қызметінің бұзылу нәтижесінде байқалады. Асқазан ішек қызметінің бұзылуында қолданылатын ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілердің бірнеше тобы бар.
Жіктелуі:
1. Тәбетке әсер ететін дәрілер Тәбетке әсер ететін дәрілер
2. Құстыратын және құсыққа қарсы дәрілер
3. Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында қолданылатын дәрілер
4. Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда қолданылатын дәрілер
5. Өт айдайтын дәрілер
6. Іш жүргізетін дәрілер
1. Тәбетке әсер ететін дәрілер
Тәбетке әсер ететін дәрілерді тәбетті қуаттандыратын және тәбетті төмендететін дәрілер деп бөлінеді.
Тәбет ашатын дәрілер. Тәбет төмендегенде тәбетті ашатын дәрілерді қолданады. Ащылар ащы дәмі анық байқалатын құрамынды белсенді заттары бар өсімдіктен алынған заттар. Бұлар дәм сезу рецепторларын қоздырып, ашығу орталы,ын рефлекторлы қоздырып, асқазан сөлінің бөлінуің күшейтеді, ас қорытуды жақсартып, тәбет ашады. Ащылар жусан шөбі мен жапырағының, үш жапырақты вахта сабағының, батбақты иір тамырсабағының, толғақшөптің, бақбақ тамырының, жолжелкен жапырағының құрамында болады. Ащыларды \тұнба, тұндырма, жиын\ астан 20-30 мин бұрын қабылдайды. Ащылар асқазан секрециясының жоғарлауынада, асқазан мен ұлтабар ойық жарасында және ревлюкс эзофагитте қолдануға болмайды. Ащыларды гипоацидті және анацидті гастритте, созылмалы атрофиялық гастритте және т.б тағайындайды. Ащы заттарға: бұрыш \қара,қызыл\, тұрып, желкен \хрен\, қыша жатады. Оларды тамақпенбірге қолданғанда тәбет ашатын қасиеті бар. Сонымен қатар зат алмасу процесін күшейтетін, тәбетті қуаттандыратын дәрілерге: витаминдер, анаболикалық стероидтар, карнитин және апилак жатады. Антигистаминді препарат ципрогептадин \апетиген, перитол\ орталыққа қуаттандырғыш әсер көрсететіндіктен, нейрогенді анорексияда, созылмалы ауруларда қолданылады.
Tinctura Absinthii- ащы жусан тұндырмасы: 25 мл флаконда шығарылады. Астан 20-30мин бұрын 10-20 тамшыдан қабылданады. Оның құрамында абситин гликозиді, сонымен бірге құрамында терпен мен камфора, изомерлі абсентолы менэфир майы бар.
Tinctura Amara – Ащы тұндырманың құрамы: толғақшөптен, үш жапырақты су перісі жапырағынан (60,0), иір тамырсабағынан, ащы жусан шөбінен (30,0), кориандр жемісінен (15,0) және 40% этил спиртінен (1л дейін) тұратын 25 мл флаконда шығарылады.
Тәбетті төмендететін дәрілер\анорексигенді дәрілер\. Алиментарлы семіздік зат алмасуы бұзылуына, сонымен қатар жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларына және т.б алып келеді. Семіздікті емдеудің ең тиімді жолы тамағын тыю, яғни ашығу сезімін басу үшін кейде тәбет төмендететін дәрілер белгіленеді. Тәбетті төмендететін дәрілерге: фепранон, дезопимон, дексфенфлурамин, \изолипан, минифаж, фенфлурамин, пондимин\, мазидол \теронак, санорекс\ жатады. Әсер ету механизмі: гипоталамустағы тою орталығын қуаттандырып, тәбетті төмендетеді және ашығу сезімін төмендетеді. Қолданылуы: алиментарлы семіздікте, сонымен қатар гормонды бұзылыстардан болған семіздікте белгіленеді. Жанама әсері: ауыз қуысының құрғауы, іш қату немесе іш өту, артериялық қан қысымның көтерілуі, психиканы қуаттандырғыш әсеріне байланысты тітіркенулер және ұйқысыздық, ұзақ қолданғанда үйренгіштік дәріге тәуелділік байқалуы мүмкін.жүктілікте, артериялық гипертензияда, ми мен коронарлы қан айналымының бұзылуында, психикаалық ауруларда, гипертиреозда, эпилепсияда, психозда, бауыр мен бүйрек ауруларында қолдануға болмайды. Бұл дәрілерді глаукомада қолданылатын МАО ингибиторларымен бірге қолдануға болмайды.
Бірінші анорексигенді дәрі ретінде фенамин қолданған, бір жанама әсері айқын байқалғандықтан, қазіргі таңда оның аналогтары қолданылады.
Phepranonum – фепранон (амфепранон) (А): 0,025 дражеде шығарылады. Таңертең және тәуліктің бірінші жартысында (тамақтан 1 сағат бұрын 1 дражеден тәулігіне 2 рет) қолдану қажет. Емдеу ұзақтығы 2 айға жуық.
Desopimonum – дезопимон (А):0,025 таб. тамақпен бірге қабылдау қажет. Бұл екі препарат та фенаминге қарағанда әлсіз, бірақ жанама әсері аз байқалады.
Mazindol – мазиндол (А):0,001 таб. түрінде шығарылады, тамақ үстінде қабылдау керек. Мазиндол – фенаминге қарағанда белсенділігі жоғары, бірақ дәріге тәуелділік аз байқалады. Dexfenfluramin – дексфенфлурамин (А):0,015 және 0,06 капс. шығарылады. Артериялық қан қысымын жоғарылатпайды және тыныштандыратын әсері бар.
Барлық анорексигенді препараттар тек дәрігердің рецепті бойынша босатылып, қадағалауында болуы қажет.
2. Құстыратын және құсыққа қарсы дәрілер
Құстар бұл – күрделі рефлекторлы акт, оның жүзеге асуына бұлшық еттер (асқазанның, ас ішектің, кеуде, құрсақ қуысы) қатысады. Сопақша мидың торлы құрылдымында құсу орталығы болады.
1. Құстыратын дәрілердің қолданылуы шектеулі. Асқазанды улы заттардан тазалау үшін адсорбенттермен, іш жүргізетін тұзды ерітінділермен шаю тиімді және қауіпсіз болып табылады. Сонда да құстыратын дәрілердің кең ауқымы бар: Тікелей әсер ететің дәрілерге (құсу орталығын қоздырады): апоморфин, морфин, оймақгүл препараттары, ісікке қарсы дәрілер жатады. Құсу орталығын рефлекторлы қоздыратын (асқазанның шырышты қабықшасының рецепторын қоздыратын) дәрілерге: термопсис және ипекакуана препараттары, мыс сульфаты және мырыш сульфаты жатады.
Тәжірибеде құстыратын дәрі ретінде тек апоморфин қолданылады. Бұдан басқа маскүнемдікті емдеу кезінде этил спиртіне теріс шартты рефлекс тудыру үшін қолданылады.
Apomorphini hydrochloridum – апоморфин гидрохлориді (А): 1% - 1 мл еріт. амп. шығарылады, 0,2 – 0,5 мл т/а енгізіледі. Апоморфин гидрохлориді құсу орталығының триггерлі зонасын қоздырады. Апоморфинді күшті қышқылдар және сілтілермен күю кезінде, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында, өкпе, жүрек ауруларында, жүрек ауруларының ауыр түрінде қолдануға болмайды. Рефлекторлы әсерлі құстыратын дәрілерге сонымен қатар ауыр металл тұздары: мырыш сульфаты және мыс сульфаты жатады.
2.Құсыққа қарсы дәрілерге құсудың шығу тегіне байланысты әр түрлі фармакологиялық топтағы дәрілер қолданылады. Көптеген ауруларда (асқазанның және ұлтабардың ойық жарасында, гастритте, токсикозда, вестибулярлы аппараттың бұзылуында) құстыру арқылы науқастың жағдайын жақсартуға болады. Оларға: нейролептиктер (этаперазин, трифтазин, галоперидол және т.б) бұлар құсу орталығының триггерлі зонасының рецепторын тежеп, сәулемен емдеу, қатерлі ісіктердің химиотерапиясында, хирургиялық операцияларда және жүктіліктің токсикозында қолданылады.
Метоклопрамид (церукал, реглан) - әсер ету механизмі нейролептиктерге ұқсас, сонымен қатар асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында, метеоризмде белгіленеді. Қолданғанда ұйқышылдық, құлақ шуылдауы, ауыз қуысының құрғауы және паркинсонизм байқалуы мүмкін. Әсері жағынан метоклопрамидке бромоприд ұқсас келеді.
Metoclopramidum – метоклопрамид 0,01 таб. түрінде шығарылып, 1 таб. күніне 3-4 рет үстінде; 1% - 2мл еріт. амп. шығарылып, тәулігіне 1-3 рет б/е, қ/т енгізіледі.
Тиэтилперазин (торекан) – триггелі зонаның рецепторынан басқа құсу орталығын тежеп, этиологиясы әртүрлі құсуда, сонымен қатар вестибулярлы және координация бұзылыстарында қолданылады. Нейролептиктерден айырмашылығы жанама әсері аз байқалып, ауыз қуысының құрғауы, ұйқышылдық, гипотензия, ұсақ қолданғанда паркинсонизм байқалуы мүмкін.
Thiethylperazinum – тиэтилперазин (Б): 0,0065 таб. (драже) 1 таб.(дражеден) тәулігіне 2 – 3 рет; 0,0065 супп. түрінде; 0,65% - 1мл еріт. амп. б/е енгізіледі.
М-холиноблокаторлар (Аэрон) және антигистаминді дәрілер (димедрол, дипразин) – құсу орталығын тежеп, теңіз және әуе ауруларында қолданылады.
Жергілікті анестетиктер (анестезин, новокаин) – гастрит пен жара ауруларындағы асқазан шырышының тітіркендіруіне қозумен байланысты құсықта әсері күшті.
Трописетрон (навобан) және ондансетрон (зофран) –химиотерапиялық ісіктен туатын құсықта қолданылады.
3. Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында қолданылатын дәрілер
а. Асқазан безі секрециясының төмендеуінде қолданылатын дәрілер.
Диагностикалық мақсатта гастрин, гистамин, экстракты заттар тағайындалады. Егер асқазанның секрециясының төмендеуінің себебі асқазан бұзылыстарынан пайда болса, онда аталған заттар асқазан сөлінің бөлінуін жоғарылатады. Асқазанның шырышты қабығы органикалық зақымдалса онда өзгерістер болмайды. Аталған жағдайда ұтымды диагностикалық дәрі – гастрин болып табылады. Ол асқазанның антральды бөлігінде құралады. Содан соң қанға сіңеді де, асқазанның фундальды бөлігінің бездеріне әсер етіп, олардың секрециясын күшейтеді. Ол тұз қышқылы мен пепсиногеннің бөлініп шығуын ұлғайтады. Медициналық тәжірибеде 5 аминқышқылдардың қалдығынан тұратын гастриннің синтетикалық препараты пентагастрин қолданылады. Гистамин асқазан бездерінің гистаминдік Н2 – рецепторларын қуаттандыра отырып, асқазан сөлінің мөлшері мен оның қышқылдығын жоғарылатады. Әсер ету спектрі кең. Жанама әсері жағынан АҚ төмендеп, капилярлардың өткізгіштігін, бронхтардың, ішектің бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатады. Ол Н1 рецепторларын қоздыруымен байланысты, сондықтан осы аталған әсерлерді басу үшін гистаминдік Н1 рецепторлардың блокаторлары (димедрол, дипразин және т.б) тағайындалады.
Асқазан сөлінің секрециясын жоғарлататын емдік дәрілерге көмір қышқылды сулар жатады. Асқазан безінің жеткіліксіздік жағдайларында орынбасу терапиясының дәрілері қолданылады. Бұл мақсатпен табиғи немесе жасанды сөлі, пепсин және сұйытылған тұз қышқылы тағайындалады.
Succus gastricus naturalis-табиғи асқазан шырыны: 100мл фл –1-2 ас қасықтан тамақ үстінде қабылдау керек.
Pepsinum-пепсин (шошқа асқазанының шырышты қабаиынан алынган фермент); ұнтақ; 0,2-0,5 ұнтақ түрінде қолданылады; Ацидин пепсин (Acidin-pepsinum) таблеткасымен алмастыруға болады. 0,025 және 0,5 таб тамақ үстінде 1 немесе 2 стакан суда ерітіп қабылдау қажет.
Acidum hydrochloricum dilutum- сұйытылған тұз қышқылы (Б) 10-15 тамшыдан 1-2стакан сумен қабылдау керек.
Сонымен қатар орынбасу терапия ретінде пепсидил (450мл фл-шошқа асқазан шырышты қабықшасынан алынған препарат) және Абомин (0,2таб-бұзау мен қозының асқазанының шырышты қабықшасынан алынған) қолданылады.
б. Асқазан безі секрециясының жоғарлауында қолданылатын дәрілер.
Асқазан сөлінің секрециясы жоғарлауы, оның қышқылдылығының жоғарлауына және гепарацидті гастрит пайда болуына алып келеді, ол жағдайда тұз қышқылының көбеюі, асқазанның шырышты өабығының тітіркенуі және қыжылдауы байқалады. Қышқылды пепсиндік факторлардың агрессиясы артуы кезінде, асқазанның шырышты қабығының қорғаныш қасиетінің төмендеуінен асқазан мен ұлтабардың жарасынан ойық жаралар пайда болады. Асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғарлауында келесі топ препараттары қолданылады.
1 Антацидті дәрілер бұл дәрілер асқазан сөлінң артық қышқылдығын төмендету үшін қолданыладыолар асқазан сөлінің тұз қышқылымен химиялық реакцияға түсіп,оны бейтараптайды. Тез әсерлі анацидті дәрілерге натрий гидрокорбонаты, магний тотығы, магний трисиликаты, алюминий гидрототығымен тұндырылған кальций карбонаты жатады.
Ал қиыстырылған препараттарына; Альмагель, Алмагель А, Фосфалюгель, Маалокс, Мегалак, Гелюсиллак, Викалин, Викаир, Протаб, Тальцид, Тисацид, Ренни, Гастал, Гастралюгель жатады. б.
Асқазан және ұлтабардың ойық жараларында, рефлюкс – эзофагитте қолданылады.
Тұндырылған кальций карбонаты көмір қышқылдың түзілуіне алып келеді. Әсері тез басталады. Артық мөлшерде қолданғанда гиперкальйиемия және жүйкелі алкалоз шақырылуы мүмкін.
Қиыстырылған препараттары тиімді және асқынулары аз байқалады.
Антацидтер асқазан мен ішекте көптеген препараттардың сіңірілуін өзгертеді, тетрациклинді, дигитоксинді, ацетиосалицил қышқылын өзіне байланыстырады, сондықтан барлық дәрілерді антацидті дәрілерден 2-3 сағ. кейін қабылдаған жөн.
2. Асқазандағы HCl секрециясын төмендететін дәрілер
а)H2-гистаминоблокаторлар: циметитин(гистодол, нейтронорм,примамет), ранитин (зантак,зоран, ранисан). Әсер ету механизмі: асқазанның шырышты қабатының H2-гистаминді рецепторларын тежеп, негізгі түнгі секрецияларды басып, асқазан сөлінің бөлінуін қамтамасыз етеді. Таблетка мен ерітінді түрінде асқазан мен ұлтабардың жарасында,эзофагитте, дуодинитте қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, тері бөртпелері, бас пен бұлшықетаурулары, бас айналу, лейкопния, ал циметидинде депрессиялық жағдайлар байқалуы мүмкін. Низатидин және роксатидинде бұл белгі байқалмайды. H2-
3.гастропротекторлар. бұл препараттар асқазанның шырышты қабықшасын химиялық және физикалық факторлардан,яғни оған тигізетін зақымдаулардан қорғап, кемістігін жазкға жағдай жасайды. Олар: висмут препараттары; Де-нол(коллоидты висмут субцитраты), антацидті және бүркеуіш әсер көрсетеді. Шырышты қабатты тітіркенуден сақтау үшін, зақымдалған жара бетінде төзімді албуминаттар түзіп, HELICOBACTER pylori қоздырғышына бактерецидті әсер көрсетеді. 0.12 таб кунине 4рет тамактан 30мин бұрын және ұйықтар алдында, ойық жара ауруларын кешенді емдеу үшін 4-8 апта бойына белгіленеді.
Алюминий сукральфаты (Вентер таб) цитопротекторлық әсері бар.
Простагландиндер: мизопростол (цитотек, сайтотек) - простагландин Е1-н синтетикалык аналогы, стероидты емес кабынуга карсы дарилердин ульцерогенді әсерін алдын алу үшін тиімді.
Карбеноксолон (биогастрон, дуогастрон)- ми тамырының препараты, қабынуға қарсы және минералокортикоидты белсенділігі бар. Асқазан шырышының зақымдаушы фактьорларға тұтқырлығын жоғарлатып және оның қорғаныш қызметін күшейтеді, шырышты қабатты қанмен қамтамасыз етілуін күшейтіп, көбінесе дәрілік заттардың әсерінен пайда болған ойық жараларды емдеу мақсатында қолданылады.
4. Репаранттар бұл препараттар асқазан мен ұлтабар жараларының жазылу барысын күшейтіп, регенерацияны қуаттандырады. (тек гастроэнтерологияда емес сонымен катар медицинанын барлык салаларында қолданылады.): анаболитикалық стероидтар (феноболин, ретоболил) және метоболикалық процесті қуатттандыратын дәрілер (метиурация, пентоксил, калий оротаты, АТФ препараттары, этаден): биогенді күшейткіш препараттары (солкосерил, алоэ сығындысы, калонхоэ шырыны, апилак, прополис және т.б); шырғанақ (облепиха) пен раушан (шиповник) майлары, гастрофарм және т.б жатады.
4.Ұйқы безі қызметі бұзылуында қолданылытын дәрілер
Созылмалы панкреатитте ұйқы безі секрециясының жеткіліксіздігі байқалады. Бұндай жағдайда құрамында кешенді ас қорыту жолының ферменттері бар: протеаза, амилаза, липаза және әртүрлі қоспалар: өт компоненттері, гемицеллюлоза, пепсин, аминқышқылы және т.б орынбасушы терапиядағы дәрілер қолданылады.
Жоғары ферментті белсенділігі бар препараттар: панкреатин (трипсин+амилаза), солизим ж\е нигедаза (курамында тек липаза бар), Мезим-форте, Трифермент, Панзинорм-форте, Дигестал, Энзистал, Фестал(протеаза+липаза+амилаза бар), Креон, Ликреаза, Панцитрат. Осы препараттар ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың қорытылуын жеңілдетіп,аш ішекте неғұрлым толық сіңіріліуін жақсартады. Сонымен қатар ұйқы безін, асқазан, аш ішектіңн өз ферменттерінің, сондайақ өттін бөләнуән күшейтеді. Дражелерді тамақпен бірге, бұрын,кейін, шайнамай қабылдау қажет. Жіті панкреатитте қолдануға болмайды. Емдеу ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше айға дейін және жылға созылады.
Creon - Креон : 0,3 капс шыгарылып,тамак устинде кабылданады.
Festal - фестал: официн.драже тамақ үстінде немесе тамақтан кейін белгілейді.
Жіті панкреатитте ұйқы безі ферменттерінің белсенділігі қалыпты жағдайдағыдай ұлтабарда емес, бездің өз ұлпасында өтеді: мысалы, белсенді емес трипсиноген белсенді трипсинге айналып, бездің өздігінен сіңіріллуі жүреді. Ол кезде келесі препарттар қолданылады:
І.Ұйқы безінің секрециясын төмендететін дәрілер: Мхолиноблокаторлар, антацидті дәрілер.
ІІ.Протеолитикалық ферменттердің ингибиторлары\антиферментті препараттар\: пантрипин, ингитрил,контрикал,гордокс, антагозан-бұл дәрілер протеолитикалық ферменттердің белсенділігін төмендетеді. Барлық препараттар тек күре тамырға тамшылатып немесе баяу ағынмен енгізіледі. Аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.
Contrical-контрикал 10 000. 30 000. ж\е 50 000 ӘБ құрғақ зат флаконда (амп) берілген еріткішке ерітіп, 500 мл 0,9% NaCl еріт бірге к\т тамшылатып енгізіледі.
5.Өт айдайтын дәрілер
Өт құрамында іщектегі майлардың, майда ерігіш дәрумендерді эмульгирлеп және сіңірілуін қамтамасыз ететін өт қышқылдары бар. Оның бауыр жасушаларының түзілуінің бұзылуымен немесе өт түтіктерінен қлтабарға шығуының қиындауымен байланысты. Осыған орай медицинада өт айдаушы дәрілерді екі топқа жіктейміз.
І. өт түзілуін күшейтетін дәрілер(Холесекретиктер-холеретиктер)
-жануарлардан алынган Аллохол, Холензим, Лиобол таб.-құрамында жануардың құрғақ өті бар.
-синтетикалы қ: оксафенамид, никодин, циквалон, гимекромон (одестон ) :
-өсімдіктен алынған құмдық салаубас гүлі(қайнатпа, құрғақ сығындысы, фламин препараты), жүгері шашағы (қайнатпа сұйық сығынды), танацехол(түймешетен гүлінің препараттары), холосас (раушан жемісінің шырыны),берберин биосульфаты (барбарис препараттары), холагол(куркума тамырының бояғыш заттары және т.б), холагогум капс (құрамы:куркума сығындысы,бұрыш, жалбыз майы,эссенциальды фосфолипидтер және т.б)
ІІ.Өт бөлуін жеңілдететін дәрілер өттің ағуын жеңілдетеді.
-өт бөліну жолдарының дискинезиясының гипотониялық түрінде өттің ұлтабарға өтуін жақсартатын, өт қабының тонусын жоғарлататын, Одди сфинктерін босаңсытатын препараттар: магний сульфаты, ксилит, сорбит,маннит, зәйтүн немесе күнбағыс майы қолданылады.
Әсер ету механизмдері: Ұлтабардың рецепторларының тітіркенуімен байлансыты. Магний сульфаты өт түтігіне спазмолитикалық әсер көрсетеді. Осы топ препараттары өт қалтасының атониясында , өт түтігінң дискенезияларында, созылмалы холициститте және созылмалы гепатитте қолданылады. Бұларды бауыр мен асқазан жедел қабыну ауруларныда ,өт тас ауруларында қолдануға болмайды.
Холелитоликалық дәрілер өт қалтасындағы тасты ерітеді: хенодезоксихол қышқылы, урсодизоксихол қышқылы 0,2 капс. тек қана түнде қабылдау қажет, , себебі өт холестирин холестиринмен түнде қанығады, ал бұл препараттар бауырт синтезін бұзын, холестеринді тастардың біртіндеп еруіне алып келеді.
Гепатопротекторлар
Бауырдың зақымдаушы факторларға төзімділігін жоғарылатады, қызметінің қалпына келтірілуіне ықпал етеді, детоксикациялық мүмкіндігін күшейтеді. Оларды жедел және созылмалы гепатиттерде, бауырдың дистрофиясында, бауырдың уытты зақымдануында қолданады. Препараттары:
Эссенциале- форте Н
Гепабене
Гепа-Мерц
Эссливер
Гептрал
6.Іш жүргізетін дәрілер
І.Ішектің барлық бөлімдеріне әсер ететін іш жүргізетін дәрілер.
Тұзды іш жүргізетін дәрілер: магний сульфаты, натрий сульфаты,табиғи корлавар тұзы.
Әсер ету механизмі: бұл препарттар асқазан ішек жолдарында нашар сіңіріліп, ішектін осмостық қысымн жоғарлатып, судың сіңірілуін төмендетеді. Ішек құрамының көлемі жоғарлайды , ол рецепторлардың тітіркенуіне және ішектіңн толқи жиырылуының күшеюіне алып келеді. Препаратты 1-2 стакан сумен қабылдаған жөн, әсері 2-4 сағат соң байқалады. Жіті іш қатуда, жедел улануда және кейбір құрттарға қарсы дәрілермен емделуде бірге қолданылады. Жанама әсері: магний иондары резорбтивті әсер көрсетуі мүмкін, әсіресе бауыр жеткіліксіздігінде және ОЖЖ\ң және жүрек жұмысынң тежелуін шақыруы мүмкін, ал балаларда ағзаның сусыздануына алып келеді. Тұзды іш жүргізетін дәрілер әрдацымқолдануға болмайды. Себебі олар құнарлы заттардың сіңірілуін бұзады. Балалардың жүрек және бүйрек жеткіліксіздігінде абайлап қолдану қажет.
Magnesii sulfas- магний сульфаты:ұнтақ:10,0-30,0 аш қарынға 1-2 стакан сумен қабылдау қажет.
Natrii sulfas- натрий сульфаты ; ұнтақ.
Майсана майы үпілмәлік тұқымынан алынған препарат.
Әсер ету механизмі: майсана майы қлтабарда рицинол қышқылы түзілуі арқылы ыдырайды. Ол ішектің рецепторларын тітіркендіреді, толқи жиырылу қызметін күшейтеді, судың және электролиттердің сіңірілуін тоқтатады. Әсері 2-6сағ соң басталады. Жіті іш қатуда, рентгенологиялық зерттеулерге науқасты дайындар алдында қолданылады.Жанама әсері: жатыр бұлшық еттерінің рефлекторлы жиырылуында жиі қолдануға болмайды, өйткені астың қорытылуын бұзады. Жүктілікте майда еритін заттармен улануда қолдануға болмайды,себебі майсана майы майлардың сіңірілуін жақсартады.
ІІ. Тоқ ішекке әсер ететін дәрілер. Әсер ету механизмі: тоқ ішекке электролиттермен сулардвң сіңірілуін төмендетіп, тоқ ішек рецепторларын қоздырады, ал аш ішекке әсер етпейді және қоректі заттардың қорытылуы мен сіңірілуін бұзбайды. Әсері 8-10 сағ байқалады. Көбінесе танертен немесе түнге тағайындалады. Созылмалы іш қатуда қолданылады.
Жанама әсері: үйренгіштік тудырады,сондықтан препаратты кезектестіру қажет.
Ұзақ қолданғанда гипокалиемия, антраценгликолиздер шырышты қабықшаның, тіпті тік ішек бұлшық ет қабықшасының зақымдалуын, бауыр қызметінің бұзылуын ал синтетикалық іш жүргізетін дәрілер аллергиялық реакциялар шақыруы мүмкін. Ішектің түйілуінде, іш теспесі синдромында қолдануға болмайды.
Рауғаш(ревень) тамырының препараты: Рауғаш(ревень) тамырының ұнтағы: 0,5 таб. – 1-4 таб. белгіленеді.
- іш жүргізетін іш дәрі қаражемісінің препараты.
2. Синтетикалық препараттары: фенолфталин, изафенин, бисакодил, гутталакс.
в) Ішек құрамының көлемін үлкейтетін дәрілер
Бұл заттар сіңірілмейді, суды сіңіріп, ісініп, механикалық әлсіздендіретін әсер көрсетеді: ламинария, ламинарид, агар, кебектер, жолжелкен, мукофальк.
г) Нәжісті жұмсартатын дәрілер. Оларға вазелин майы, бадам майы, глицерин жатады.
Прокинетиктер гипотонияда және ішек атониясында қолданылатын, ішектің тонусын және толқи жиырылу қызметін қалпына келтіретін дәрілер: м-холиномиметиктер,(ацеклидин), антихолинэстеразды дарілер (прозерин), метоклопрамид(церукал), және оның 2буынның аналогтары: мотилиум (домперидон) және цизаприд.
Ішектін толқи жиырылу қызметін әлсірететін дәрілерге әсері миотропты спазмолитиктер (папапверин,ношпа), М-холиноблокаторлар (атропин,платифилин) ішектің біріңғай салалы бұлшық еттерінің ауырсынуымен өтетін түйілуінде (ішек шаншуларында) қолданылады.
Nospanum- но-шпа (Б): 0,04 таб –1-2таб таулигине 2-3 рет:2%2 мл ерит.амп.-т\а,б\е, к\т енгізіледі.
Диареяға қарсы дәрілер: лоперамид әшектің апиынды рецепторларымен байланысып, ішектің толқи жиырылу қызметін тежеп, сфинктер тонусын жоғарлатады,сұйықтықтардың сіңірілуін күшейтеді.
А с қ о р ы т у ж ү й е с і н е ә с е р е т е т і н д ә р і л е р | Іш жүргізетін дәрілер | Д ә р і л і к п р е п а р а т т а р ы | «Сенаде», бисакодил, мотилиум | |||
Өт айдаушы дәрілер | Гепатопротекторлар | «Гепабене», карсил, «ЛИВ -52» | ||||
Холелитолитектер | Хенофальк, урсосан | |||||
Холекинетиктер | Магний сульфаты, атропин, дротаверин | |||||
Холесекреттиктер - холеретиктер | «Аллохол», оксафенамид, холосас, холагогум | |||||
Ұйқы безінің экскреторлы қызметінің бұзылуларында қолданылатын дәрілер | Жіті панкреатитте | Контрикал, антацидтер, М холиноблокаторлар | ||||
Созылмалы панкреатитте | «Мезим», «Фестал», «Креон», панкреатин | |||||
Асқазан безінің секрециясы бұзылуында қолданылатын дәрілер | Асқазан безінің секрециясы жоғарылауында қолданылатын | Репаранттар | Гастрофарм | |||
Гастропротекторлар | Де-нол, «Вентер», мизопростол | |||||
HCI секрециясын төмендететіндер | Н, К, АТФ ң ингибиторы | Омез, парнет, ланзопрозол | ||||
М холиноблокаторлар | Атропин, платифиллин | |||||
Н2 гистаминоблокаторлар | Циметидин, фамотидин | |||||
Антацидтер | Магний тотығы, алмагель | |||||
Асқазан безінің секрециясы төмендеуінде қолданылатын дәрілер | Пенсин, табиғи асқазан ағырыны, сұйытылған хлорлы сутек | |||||
Құсаққа қарсы | Метоклопрамид, галоперидол, трописертон | |||||
Құстыратын | Апоморфин гидрохлориді | |||||
Тәбетке әсер ететін дәрілер | Тәбет ашатын дәрілер | Жусан тұндырмасы, ащылар | ||||
Анорексигендер | Орлистат, фепранон, фенфлурамин |
8.Миометрияға әсер ететән дәрілер.
Миометрияның тонусы мен секреторлы белсенділігін нейрогуморальды механизмдер реттейді. Миометрияда М-холинорецепторлар, а – және в2 – адренорецепторлар орналасқан. Миометрияның секреторлы белсенділігіне сонымен қатар эстроген (әйел жыныс гормоны), окситоцин (гипофиздің артқы бөлігінің гормоны) және простагландин қуаттандырғыш әсер көрсетеді. Миометрияның жиырылғыштық қызметін фармакалогиялық реттеу жатырға нейрогенді немесе гуморальды әсер ететін түрі өзгерген эндогенді заттар мен препараттар қолдануға негізделген.
Миометрияның тонусы мен секреторлы белсенділігіне әсер ететін дәрілер бірнеше топқа жіктеледі:
1.Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)
Миометрия – жатырдың бұлшық етті жүйесі. Миометрияның ырғақты жиырылуын кушейтетін дәрілер тек клиникалық жағдайда босану ағынын жеңілдетеді.
Окситоцин тобының препараттары: окситоцин (синтоцинон), метолокситоцин, дезаминоокситоцин (сандопарт), питуитрин, гифотоцин (питуитрин М).
Окситоцин – миометрияның ырғақты жиырылуын тудыратын гпофиздің артқы бөлігінің (синтетикалық препараттарда осындай атауға ие) гормоны. Окситоцин миометрия мембранасының К+ иондарының өткізгіштігін жоғарылата отырып, әсер потенциялын азайтып, қозуды күшейтеді. Окситоцинге жатыр жүктілігінің соңғы айларында әсіресе босану кезінде сезімтал келеді. Окситоцин мерзімінен бұрын су кеткенде тиімді. Миометрияда окситоциннің әсерін эстрогенді гормондар күшейтеді. Окситоцин сүт бездерінің секрециясын жоғарылатады. Босануды (толғақты) шақыру жіне қуаттандыруда (к/т мин. 8-40 тамшыға дейін) босанғаннан кейінгі жатырдан гипотониялық қан кетуді тоқтату үшін (б/е) және жатырдың атониясында толғақты қуаттандыру үшін қолданылады. Жамбас пен ұрықтың ( іштегі бала) өлшемі сәйкес келмеуінде, ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуында, жатырдың жыртылу қаупінде, кесар тілігінен кейінгі жатыр тыртығында қолдануға болмайды.
Oxytocinum – окситацин (Б): 1мл (1мл – 5ӘБ) амп. к/т (1 мл-н 5% 500мл глюкоза ерітіндісімен) тамшылатып енгізіледі.
Метилокситоцин – окситоциннің синтетикалық аналогі; әсері, қолданылуы және қолдануға қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай.
Дезаминоокситоцин – 50 ӘБ таб. босануды күшейту үшін трансбуккальды (шайнамай және жұтпай ұртында сіңіруі қажет) әр 30 мин. Сайын 1 таб. белгіленеді. Сонымен бірге босанғаннан кейінгі кезеңде жатырдың инволюциясын (қайтадан дамыту) тездету және лактацияны қуаттандыру үшін қолданылады.
Питуитрин-жануарлар гипофизінің артқы бөлігінен алынатын сулы сығынды. Құрамында окситоцинмен вазопрессин бар. Ағзада судың сіңірілуін төмендетіп, АҚ-ды жоғарлататын әсері бар. Қолданылуы окситоцинге ұқсас, антидиуретикалық қасиетіне байланысты қантты емес диабетте және энурезде қолданнылады.
Жанама әсері жағынан АҚ-ның жоғарлауы байқалады.
Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жоғарыдағыдай және де гипертониялық ауруларда, айқын атеросклерозда, миокардитте, сепсисте, тромбофлебитте және жүктіліктің нефропатиясында қолдануға болмайды.
Pituitrinum-питуитрин (Б) 1мл (5ӘБ) ампулада –толғақты күшейту үшін 0,2-0,25мл әр 15-30мин сайын 4-6рет т/а,б\е енгізіледі; жатырдан гипотониялық қан кетуді алдын алу және тоқтату үшін 1мл б\е және 1мл-н 5% 500 мл глюкоза ерітіндісімен к\т тамшылатып, ал 1мл-ден б\е-энурезде және қантты емес диабетте белгіленеді.
Гифотоцин – құрамында вазопрессині аз питуитрин болып табылады, б/е және к/т енгізіледі.
Простогландиндер тобының препараттары: динопрост (энзапрост Ғ, простагландин Ғ), динопростон (простагландин Е2, простин Е2, препедил гель).
Простогландиндер – ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларында түзілетін, жартылай қныққан май қышқылдарының туындысы болып табылатын биологиялық белсенді заттар. Простогландиндерді босануды қоздыру және қуаттандыру үшін, сонымен қатар медициналық көрсеткіштері бойынша жүктіліктің соңғы айлрында оны тоқтату үшін қолданылады.
2. Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер.
(Утеротониялық дәрілер)
Бұл препараттар миометрияның жиырылуын сергітетін заттар, ол кезде қан тамырлары қысылып, қан кету тоқтайды. Утеротониялық дәрілер босанғаннан кейінгі гипо- және атониялық қан кетуді тоқтату үшін, босанғаннан кейінгі және түсіктен кейінгі жатырдың инволюциясын тездету үшін, жатырдан гинекологиялық қан кетуде қолданылады. Жүктілікте босануда қолдануға болмайды.
Қара күйе алкалоидтары: эргометрин, метилэргометрин, эрготамин, эрготал.
Қара күйе-дәнді өсімдіктердегі паразитті саңырауқұлақ.
Эргометриннің белсенділігі жоғары болып келеді. Эрготамин ми қан айналым ж.йесіне әсер етіп, мигренде қолданылады. Қара кү»йе алкалоидтары ОЖЖ-не тыныштандырғыш әсер көрсетіп, климакстық неврозда, вегетативті дистонияда, неврогенді және т.б бұзылыстарда қолданылады. Беллатаминал,Белласпон,Беллоид, препараттарының құрамына кіреді.
Жанама әсері: көбіне эрготаминде байқалады.: лоқсу, құсу, іш өту, әлсіздік, бұлшық ет ауырсынулары, Эрготаминді стенокардияда, гипертониялық ауруларда, атеросклерозда, тромбофлебитте, сепсисте, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды.
Синтетикалық препараттары:котарнин
Котарнин-жатырдан қан кетуде қолданылады, қара күйе алкалоидтарына қарағанда әсері әлсіз.ңжапырақ шөбнің тұнбасы мен сығындысы,
Өсімдіктекті дәрілері («әлсіз» жатыр дәрілері): қалақай (крапива) жапырағының тұнбасы мен сығындысы,бұрыш таран тұнбасы мен сығындысы, шәңгіш қабығының қайнатпасы, арника тұндырмасы босанғғаннан кейінгі кезеңдегі қан кетуде, жатырдың субинволюциясында және меноррагияда қолданылады. Жүктілікте қолдануға болмайды.
3. Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер (Токолитикалық дәрілер)
Жүктілікті көтере алмауда және мезгілінен бұрын босану қаупінде, босану кезінде операцияға дайындау алдында қолднылады.
В2-адреномиметиктер: фенотерол (партусистен), сальбутамол (сальбупарт), гексопреналин (гинипрал), ритодрин (пре-пар), тербуталин (бриканил).
В2-адренорецепторлады қуаттандыру нәтижесінде миометрияның тонусы мен жиырылу қызметі төмендейді. в2-адреномимметиктер айрықша токолитикалық әсері бар бірден бір дәрілік заттар тобы болып табылады. Жақсы қабылданады және ұрық пен жаңа ту,ан балаға кері әсер көрсетпейді. Күре тамырға енгізуден бастайды (мин 10-20 тамшыдан баяу,тамшылатып), сонон соң б\е пероральды енгізумен жалғастырады.
Жанама әсері: тахикардия, қолдың дірілдеуі, б\е әлсіздігі, АҚ-ң төмендеуі, терлеу, тынышсыздық және лоөсу байқалады. Жүрек ақауында, жүрек ырғағының бұзылысында, тиреотоксикозда және глаукомада қолдануға болмайды.
Миометрияға әсер ететін дәрілер | Миометрия тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер
| әр түрлі препараттары | Дәрілік препараттары | Магний сульфаты, натрий окстбутираты, но-шпа |
Гестагенді препараттары | Прогестерон, оксипрогестерон капронаты, аллилэстреноол | |||
В2-адреномиметиктер | Фенотерол, сальбутамол, гексопреналин, тербуталин | |||
Миометрия тонусын жоғарлататындар | Фитопрепараттары | Қалақай, жалбызтікен, мыңжапырақ, беріқарақат, шәңгіш | ||
Синтетикалық препараттар | Котарнин хлориді | |||
Қара күйе препараттары | Эргометрин, метилэргометрин тартаты, эрготамин, эрготал | |||
Миометрия жиырылуының белсенділігін қуаттандыратындар | В-адреноблокаторлар | Пропранолол гидрохлориді | ||
Простогландин препараттары | Динопростон, динопрост | |||
Гипофиздің артқы бөлігінің препараттары | Окситоцин, питуитрин, метилокситоцин,сандопарт |
9.Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер.
І. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер.
Эритропоэз-кемігінде түзілетін эритроциттердің өнімі. Эритропоэз стимуляторы қан аздықты емдеу үшін қолданылады.
1. Гипохромды \темір тапшылық\ қаназдықта қолданылатын дәрілер (түс корсеткіші 0,9 төмен)
Темірдің негізгі мөлшері оттегінің тасымалдауын қамтамасыз ететін, ағзадағв гемоглобиннің құрамында, ал қалған мөлшері ұлпалы депода \жілік майында, бауырда, көк бауырда\ болады. Темір тапшылығында тек гемоглобиннің мөлшері ғана емес, тыныс алу ферменттерінің белсенділігі де төмендеп, ол оттегі тапшылығына алып келеді. Темірдің сіңірілуі органикалық қышқылдардың \аскорбтн,алма, фумар,лимон қышқ және т.б\ әсерінен аш әшекте өтеді.
Темір препараттарының теміртапшылық гипохромды анемияларда, яғни темір сіңірілуі бұзылуында, созылмалы қан кетуде және жүктілік кезінде кеңінен қолданылады. Жанама әсері жағынан ішке қабылдағанда темір ішекте күкірт сутегімен байланысып іш қатуды, АІЖ-ң шырышына тітіркендіргіш әсерінен құсу және лоқсу байқалуы мүмкін. Темір препараттары (таб., капс., драже түрінде шығарылады) ауыз қуысында құрамындағы сульфат сульфидке айналып тісте қара дақтың пайда болуын тудырады, сондықтан айнамай қабылдаған дұрыс. Ал темір препараттарын парентеральды енгізгенде күре тамыр жолдарында ауырсынулар, флебит, бет және мойын терісінің гиперемиясы, тахикардия, тыныс алудың бұзылуы, ауыз қуысында металл дәмінің келуі, лоқсу, құсу, арқа мен буынның ауырсынуы және аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Гемохроматозда, апластиялық және гемолитикалық анемияда, бауыр және бүйректің созылмалы ауруларында және лейкозда қолдануға болмайды.
Ferro-Gradument - ферро-градумент: 0,525 таб. шығарылады, 1 таб. таңғы астан 1 сағ. бұрын белгіленеді
Tardyferon- тардиферон: 0,257 драже, 1дражеден тамақтан 1сағ. бұрын таңертең және кешке қабылдауға белгіленеді.
«Ferroplex»-«Ферроплекс»: 1-2 дражеден тәулігіне 3 рет тамақтан кейін белгіленеді.
«Sorbifer durules»-«Сорбифкр- дурулес»: 1дражеден тәулігіне 2 рет тамақтан 30 минут бұрын белгіленеді.
«Actiferrin» - «Актиферрин»: 1капс. тәулігіне 1-2 рет; сиропын (шәрбәт) – 1 шай қасықтан тәулігіне 1-3 рет; тамшысын - 40-50 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет белгіленеді.
Ferrum lek - Феррум-Лек: 2 мл амп. Шығарылып, б/е; 5 мл амп. Шығарылып, к/т енгізіледі.
Fercovenum- ферковен: 5 мл амп. Шығарылып, к/т енгізіледі. Темір мен кобальттың препараттары болып табылады.
«Гемостимулин» (құрамы: темір лактаты, мыс сульфаты, құрғақ тағамдық қан).
Темір препараттарының жіктелуі
Ішуге арналған препараттар | Парентеральды енгізуге арналған препараттар | |
Темір (ІІ)сульфатының препараттары А. әсері ұзартылған: Ферро-градумент Гемофер пролонгатум Тардиферон Б. Әсері қысқа: Ферроплекс Конферон Сорбифер дурулес Актиферрин | Темір (ІІ)фурмаратының препараттары Хеферол Ранферон Гемсинерал Темір (ІІ) лактатының препараттары: Гемостимулин Фитоферролактол Темір (ІІ) хлоридінің препараттары: Гемофер Алоэнің темірмен сиропы | Күре тамырға енгізуге арналған Ферковен Феррум-Лек Бұлшық етке енгізуге арналған Фербитол Феррум-Лек |
1.Гиперхромды қан аздықта қолданылатын дәрілер
А. Перницозды (қатерлі в12 тапшылық,мегалобласты,Адиссон-Бирмер) анемия в12 витаминінің тасымалдануын қамтамасыз ететін асқазан сөліндегі Касла «ішкі факторы» болмауынан в12 витам сіңірілуі жетіспеушілігінен пайда болады.
В12 втимині бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, сүт өнімдерінде бар,ал өсімдік тағамдарында кездеспейді.
Пернициозды анемияда бауыр және жүйке жүйесінің ауруларында қолданылады. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, тахикардия, жүрек тұсының ауырсынуы, қан ұюының жоғарлауы және ОЖЖ-гі қозудың жоғарлауы байқалуы мүмкін. Жіті тромбоэмболеяда, эритремияда және эритроцитозда қолдануға болмайды.
Cyanocobalaminum (Vit. B12) – цианокобаламин (витамин В12): 0,003%, 0,01%, 0,02%, 0,05% 1 мл ерітінді ампулада шығарылып, күн ара немесе күнде
б/е, т/а, к/т енгізіледі. Мөлшерін науқастың жағдайына қарай белгілейді. Бір инеде В1 және В6 витаминдерін бірге енгізуге болмайды, себебі кобальт иондары оларды бұзып, витамин В12, витамин В1-ң аллергиялық реакцияларын күшейтеді.
Б. Макроцитарлы (фолий тапшылық) анемия ағзада фолий қышқылының көп шығындалуында мыс, жүктілікте байқалады, сонымен қатар кейбір препараттарды қабылдағанда (метотрексат,триметроприм,триамтерен) пайда болуы мүмкін. Вс витамин (фолий қышқылы) көкөніс жапырақтарының, бұршақ тұқымдастарының, түйе бұршақ (фасоль) құрамында кездеседі, ал сүт өнімдерінде, бауыр, бүйрек, жұмыртқада аз кездеседі. Ағзаға тәулігіне 0,2 мг қажет. Фолий қышқылы эритроциттердің түзілуіне өте қажет. Оның жеткіліксіздігінде эритроциттердің ірі түрі түзіліп (макроцит)ү оның жалпы эритроциттердің саны бірден төмендеп кетеді.
Acidum folicum (Bc) –фолий қышқылы (Вс витамин): 001 таб. шығарылып, ½ -1таб. тәулігіне 1-2 рет белгіленеді. Фолий қышқылын цианокобаламинмен бірге белгіленеді.
Эпоэтин-альфа (эпрекс, эпоген) – адамның рекомбинантты эритропоэтині. Эритропоэтин бүйректің гликопептидті гогрмонының препараты. Қызыл қан түйіршіктерінің пролиферациясы (көбеюі) мен жетілуін күшейтеді. Бүйректің созылмалы ауруларымен, ревматоидты артритпен, қатерлі ісіктермен, ЖИТС-мен байланысты анемияларда, шала туған балалардың анемиясында қолданылады.
Эритропоэзды тежейтін дәрілер эритромияда \полицитемия\ қолданылады. Олар жілік майына тежегіш әсер көрсетеді.
Фосфордың радиоактивті препараттары: Р-32 фосформен белгіленген натрий фосфатының ерітіндісі,имифос.
ІІ. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер
Бұл препараттар нуклеин қышықылдарының синтезін құрылымды және ферментті ақуыз синтезін күшейтеді. Олар лейкопоэз және басқада ұлпалардың регенерациялық процесін күшейтеді. Лейкопения және агранулоцитоз, сондай-ақ нашар жазылатын жарақаттар, ойық жаралар, сынықта, мүшелердің дистрофиялық процесінде ұлпа регенерациясын күшейту үшін қолданылады. әртүрлі ісітерде қолдануға болмайды, жұқпалы ауруларда микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындайды.
Methyluracilum-метиурацил(Б): 0,5 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 3-4 рет; 0,5 супп.; 10% жағылма түрінде шығарылады.
Pentoxylum-пентоксил(Б): 0,2 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 3-4 рет тамақтан соң белгіленеді.
Natrii nucleinas-натрий нуклеинаты: 0,1ұнт. түрінде шығарылып 1,0- нан тәулігіне 3-4 рет тамақтан соң белгіленеді.
Ісіктердің химиотерапиясымен байланысты лейкопениялардың ауыр түрлерінде, апластикалық анемияда және панцитопенияда, жілік майын ауыстырып оырғызуда, лейкопоэзбен иммунитеттің тежелуімен байланысты септикалық жағдайларда, ЖИТС-ң кешенді терапиясында нейтрофильдердің шеткерлік қанға өндірілуін және бөліп шығарылуын, гранулоцитердің, моноциттердің және Т-лимфоциттердің (молграмостим-адамның рекомбинантты гранулоцитты-макрофагальды колоние қуаттандырғыш факторы) өсуін реттегіш гемопоэзды (колоние қуаттандырғыш) өсу факторларының препараттары қолданылады.
Filgrastim-филграстим (нейпоген): 0,3 және 0,48 құрғақ зат амп. шығарылып, 20-50 мл 5% глюкоза еріт. ерітіп, 20-50 мл – ден к/т тәулігіне 1рет белгіленеді.
Molgramostim-молграмостим (лейкомакс): 0,00005; 0,00015; 0,0004; 0,0005 және 0,0007 құрғақ зат флаконда шығарылып, нұсқауы бойынща тәулігіне 1 рет т/а, к/т енгізіледі.
Лейкопоэзды тежейтін дәрілер лейкозда қолданылатын, ісікке қарсы дәрілер болып табылады. Мысалы: меркаптопурин,цитарабин және т.б.
ІІІ. Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер.
Гемостаз (hema-қан, stasis-тоқталу) жүйесі тромб түзгіш (фибринолитикалық) жүйемен тығыз байланысты болып, тромбоциттердің агрегациясы мен қанныі ұюын қамтамасыз етеді. Ағзада бұл екі жүйелер динамикалық тепе теңдікте болады. Егер қан тамыры зақымдалып кетсе, тамыр спазмға (қысылуы) ұшырап, тромбоциттердің агрегациясы мен қанның ұюы күшейіп, тромб түзіліп, қан тоқталады. Сонан соң фибринолитикалық жүйе біртіндеп тромбтың еруін және қан тамыр өткізгіштігінің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Тромб түзілу және фибринолиз арасында тепе теңдік бұзылған жағдайда қатты қан ағу немесе тромбоз пайда болуы мүмкін. Екі жағдайдада дәрілік препараттарды арнайы таңдауды қажет етеді.
А. Тромбоциттердің агрегациясына әсер ететін дәрілер.
1. тромбоциттердің агрегациясын және адгезиясын күшейтетін дәрілер:
Adroxonum-адроксон (Б): 0,025% 1 мл еріт. амп. шығарылып, т/а, б/е, салфетканы ылғалдандырып-жергілікті белгіленеді.
Aethamsylatum (Dicinon) –этамзилат (дицинон) (Б): 0,25 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне (тәулігіне 8 таб. дейін) 3 рет; 12,5% 2 мл еріт. амп. шығарылып, 2-4 мл-ден к/т, б/е енгізіледі.
Екі препарат та капилляр (қылтамыр) қабырғасының күшті өткізгіштігіне байланысты, паренхиматозды және капиллярлы қан кетудетиімді. Этамзилат тамыр эндотелияларында түзілген простациклиндердің әсерінтежеп, тромбоциттердңі агрегациясына кедергі жасайды, тамырдың жарылғыштығы мен өткізгіштігін төмендетеді. Адроксон тромбоциттерде түзілетін тромбоксан А2 синтезіне қатысып, томбоциттердің агрегациясын тудыратын табиғи зат болып табылады.
Кальций препараттары. Кальций иондары тромбоциттердің агрегациясын белсендіріп, протромбиннен тромбинге, фибриногеннен фибринге айналуын, тромбопластин түзілуіне, сонымен қатар қан ұюының ретракциясына (тартылуы) қатысады, гипокальциемияда қолданған тиімді. Өкпе, асқазан-ішек, мұрын, жатырдан қан кетуде қан тоқтататын препарат ретінде, геморрагиялық васкулитте тамыр өткізгіштігін төмендету мақсатында белгілейді. Қабыну процестерінде және аллергиялық реакцияларда қолданылады.
Calcii chloridum –кальций хлориді: 10% 5 және 10 мл еріт. амп. шығарылып, тек к/е! (б/е, т/а енгізуге болмайды, себебі ұлпа некрозы пайда болуы мүмкін); 5-10% еріт. ішке 1 ас, орта немесе шай қасықтан тәуігіне 2-3 рет тамақтан соң қабылдау қажет.
Calcii glukonas-кальций глюконаты: 0,5 таб. - 2-6 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақтан алдын; 10% 10 мл еріт. амп. шығарылып, б/е, к/т енгізіледі.
2. тромбоциттcalcердің агрегациясын төмендететін дәрілер(антиагреганттар) ацетилсалицил қышқылы: индобуфеен,тиклопидин, дипиридамол, ксантинол никотинаты, пармидин. Тромбоциттердің ішіндегі циклооксигеназаны ингибирлейді, тромбоксанның синтезін тежейді, гликопептидтермен әсерлесу арқылы фибриногеннің белсенді тромбоциттермен байланысуын төмендетеді. Тромбоциттер мен эритроциттердің адгезиясын тежеп, қанның реологиялық қасиеттерін қалпына келтіре отырып, мидың, миокардтың және көздің торлы қабығының микроциркуляциясын жақсартады. Жүректің ишемиялық ауруындағы тромб түзілуді алдын алу және емдеу мақсатында, тамырлардың атеросклероздық зақымдалуында жіне күре тамыр тромбозында қолданылады. Геморрагиялық бұзылыстарда, жара ауруларында, жүктілікпен лактацияда қолдануға болмайды.
Б. Қанның ұюына әсер ететін дәрілер.
1. қан ұйытатын дәрілер (гемостатиктер прокоагулянттар)- қан кетуді тоқтату үшін қолданылады.
А. әсері тікелей емес: тірі ағзада in vivo белсенділік көрсетеді. К витаминнің синтетикалық аналогтары:. (викасол,фитоменадион)
Б. әсері тікелей: in vivo және vitroағзада және одан тыс жерде түтікшеде белсенділік көрсетеді.
Донор- (қан беруші)қанының препараттары:
Thrombinum – тромбин: 125 ӘБ тромбині бар флаконда шығарылады, қолданар алдында 10 мл 0,9% NaCl еріт. ерітеді. Тромбин фибриногенді фибринге айналдыратын, қан ұю жүйесінің табиғи компоненті болып табылады. Майда капиялрлардан және паренхиматозды мүшелерден қан кетуді тоқтатау үшін тек жергілікті қолданылады! К/т және б/е енгізуге болмайды (тромбоэмболия).
Фибриноген тромбиннің әсерінен фибринге айналады. Қандағы фибриноген құрамының төмендеуімен байланысты, қан кетуде (нұсқау бойынша күре тамырға) қолданылады.
Өсімдіктекті дәрілік препараттары: жұмыршақ (пастушья сумка,), қалақай, мыңжапырақ, айланшөп таран (қымыздық), , т.б.
2.Қанның ұюына төмендететін дәрілер. (Антикоагулянттар).
А. әсері тікелей : (тек қан ұю факторына әсер етеді.)
Heparinum-гепарин (Б): 5 мл флаконда (1 мл-де - 5000, 10 000 және 20 000 ӘБ бар) – к/т, б/е, т/а енгізіледі. Ung. Heparini 25,0-зақымдалған тері аймағына абайлап жағуға арналған. Ung. «Heparoid» 30,0 шығарылады.
Гепарин – протромбинді тромбинге айналуын төмендетеді,ондағы тромбиннің белсенділігін төмендететін қанның ұюына қарсы жүйенің факторы. Күре тамырға енгізгенде қан ұюының төмендеуіне тез әсер етіп, әсері 4-5 сағ. созылады. Натрий және кальций тұздары түрінде шығарылады. Кальций тұзы көбінесе жергілікті гематоманы сирек тудырады. Құрамында гепарині бар препараттарының бірі лиотон 1000 флебитте, тромбофлебитте, варикозда сыртқа қолданылады.
Төмен молекулалы гепариндерде (гепаиноидтар): эноксапарин, фраксипарин жатады.
Flaxiparin-фраксипарин: 0,3 мл шприц-тюбигін бел деңгейінен іштің қабырғасының т/а енгізіледі. Антитромботикалық әсері ұзағырақ.
Гепарин және гепариноидтарды әртүрлі тромбоэмболиялық ауруларды алдын алуда, асқынуларында, миокард инфарктында, қан құю кезіндегі қан ұюын алдын алу үшін қолданылады.
Протамин сульфаты гепариннің антагонисті болып табылады.
Жанама әсері: әртүрлі асқазан-ішектен қан кетулер,гематурия,гемартрозлар және т.б аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Қан кетуге бейімділікте,тромбоцитопенияда,лейкозда, жүктілікте қолдануға болмайды.
Б. Әсері тікелей емес: in vivo белсенділік көрсетеді. Бұл препараттар бауырда протромбиннің синтезін тежейтін К витам-ң антогонисті болып табылады. Қанның ұюын баяулатады, тамырлардың өткізгіштігін жоғарлатып, қандағы липидтерді азайтады. Неодикумариннің әсері 12-14 сағ, ал фенилин мен синкумарда 8-10 сағ соң басталады. әсері 3-4 күнге созылады. Тромбоз және тромбоэмболияның ұзақ уақыт емдеуде, тромбофлебит, инсульт, коронарлы жеткіліксіздігін емдеу және алдын алуда қолданылады. Емдеу кезінде қан ұю жүйесінің кқрсеткіштерін міндетті түрде бақылап отыру қажет.
Жанама әсері: геморрагиялар. Ойық жара ауруларында, қан ұюының төмендеуінде,бауыр, бүйрек ауруларында және жүктілікте қолдануға болмайды.
Neodicumarinum(Pelentan)-неодикумарин (пелентан) (А) 0,05 0,1 таб шыгарылып, тәулігіне 1-2 таб белгіленеді.
В. Фибринолизге әсер ететін дәрілер.
1. Фибринолитикалық дәрілер-жаңа түзілген тромбты ерітеді. Фибринолизинді белсенді фибринолизге айналдырады. Плазминогеннің плазминге айналуын катализдейді, ұйыған қандағы фибринді ерітеді.
А тікелей: фибринолизин \плазмин\ фибринді ерітетін протеолитикалық фермент болып табылатын қан ұюын төмендететін жүйенің бір компоненті.
Дата: 2019-02-25, просмотров: 5799.