Әсер ету механизмі: рибосома деңгейінде ақуыз синтезін бұзып, бактеростатикалық әсер етеді. Әсер ету спектрі: грамм(+) және грамм(-) бактериялар, сонымен қатар ішек бактериялары, спирохеталар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар. Қышқылдарға тұрақты микобактерияларға , көкірің таяқшаларына, клостридиялар мен қарапайымдыларға әсер етпейді. Қолдану көрсеткіштері :левомицетин улылығы жоғары антибиотик, АІЖ-да тез сінеді. Ағзаның барлық сұйықтықтары мен ұлпаларына тез таралады. Оларды басқа улылығы төмен антибиотиктердің әсері болмаған жағдайдағы ауыр инфекцияларда немесе басқа преператтарды көтере алмағанда, қоздырғыздың левомицетинге сезімталдығы жоғары болған жағдайда қолданылады.Левомецетин іш сүзегінде, паративте, сальмоннелезда,бруцельлезда,туляремияда,реккетсиозда,менингетте, көздің жұқпалы аурыларында(0,25%көз тамшылары) қолданылады. Жанама әсері: қан түзілуінің бұзылуы, тері аурулары(экзема,псориаз, саңырауқұлақтармен зақымдануы) және жеке көтере алмаушылық. Жаңатуылған балалар мен жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.
Laevomucetinum-левометицин (Амбофен)(Б):0,25 және 0,5таб.(капс) шығарылып, тәулігіне 3-4 рет тамақтан 20-30мин. бұрын белгіленеді; Әсері ұзартылған0,65таб. тәулігіне 2 рет тамақтан 20-30мин. алдын белгіленеді. Левамецитин натрий сукцинаты(берлицетин)парентеральды жолмен (т/а,б/е,к/т) енгізіледі. 1%,5% және 10% синтомицин линементі( Linimentym Synthomucini) терінің ірінді зақымдалуында, фуронкулезда, карбункулда, күйіп, ірінді жарақаттарда және жараларда сыртқа қолданылады. Левамецетин қиыстырылған препараттардың құрамына кіреді: "Левомекол","Левосин" жағылмасы ірінді жараларды,күйікті,ойық жараларын емдеу үшін "Левовинизоль","Олазол" айразол түрінде қолданылады. "Ируксол" жағылмасын жараларды тазалау үшін қолданылады.
5. Аминоликозидтер.
Әсер ету механизмі: Рибосома деңгейінде микроп ақуызының синтезін, сондай-ақ цитоплазмалық мембрананың құрылысы мен қызметін бұзып, бактерицитті әсер етеді.
Аминогликозиттердің буыны:стрептомицин, неомицин, канамицин, мономицин. Әсер ету спектрі: грамм(+)( стафилококктар,пневмоккоктар және т.б.), грамм(-) )ішек тобының бактериялары, протей, гемофильді таяқшалар және т.б.) микроорганизмдер, стрептомицин мен канамицин туберкулез микобактерияларында жоғары белсенділік көрсетеді, мономицин қарапайымдарға ( амебты дизентерия , лейшмания, трихомонада) әсер етеді. Аминогликозидтер анаэробтарға, спирохеттерге, рекеттсияларға, санырауқұлақтар мен вирустарға әсер етпейді. Аминогликозидтерге микроорганимдердің екіншілік резистенттілігі тез дамиды, өйткені микроорганизмдер аминогликозаттердің әсерін жоятын ферменттерге өндіреді , сондықтын емдеу мерзімі қысқа (5-7 күн) болуы қажет; ұзақ емдеуді тек қиыстырылған терапия үшін ғана қолданады. Егер ІІІ буын препараттары әсер етпесе(олар бактерияларды ферменттерге анағұрлым түрақты),І және ІІ буын препараттарын қолданудың қажеті жоқ. Қолдану көрсеткіштері: Аминогликозиттердің І буын препараттарының жоғары улылыгына баланысты қолданылуы шектеулі: стрептомицинді негізінен туберкулезді және өте қауіпті инфекцияларды ( оба, тулремия, бруцеллез) емдеу үшін қолданады, кейде -тыныс жолдарымен несеп жолдарының ауруларында , септимицияда, сеисистік эндокардитте қолданады. Мономицин-тек тері лейшманиозы мен бергілері жок амебиозды қолданады. Неомицин- микроорганизмдердің басқа антибиотиктерге тұрақтылығында, энеритте, энтероколитте таблетка түрінде ішке ; ас қорыту мүшелеріне операция жасар аолында санация ұшін; терінің іріңді ауруларында (пиодермия, инфицирленген экзема) , асқынған жараларда , коньюнктивитте жағылма, ерітінді түрінде жергілікті қолданады. Канамицинді неомицин сияқты ішке қолданады, туберкулезде стрептомициннің туберкулез микобактериясына тұрақты болған кезінде парентеральды қолданады. Бардлық аминогликозиттер АІЖ- да сіңірілмейді. Жанама әсері : отоуатты әсері ( ьас ми нервтерінің VIIIжұптарын зақымадайды, ол есту қаблеті төмендеуі мен вестибулярлы өзгерістерге алып келеді) ; нефроуытты әсері , бұлшық еттің босаңсуы( тыныс алу мен қимыл қызметінің әлсіреуі ), аллергиялық реакциялар, дисбактериоз , диспепсия, полиневриттер, флебиттер(к/т еңгізгенде ) бақалады. Аминогликозиттер уытты препараттар , терапевті әсері қысқа , сондықтан дене салмағына қарай мөлшерін есептеп мөлшерлеу тіртібін сақтап бүйрек өызметін есту мүшесімен вестибулярлық аппарат жағдайын бақылау отыру қажет. Қарсы көрсеткіштері бүйрек аурулары есту мүшесінің жіне кіреберіс аппаратының бұзылулары миастения, жүктілік және көтере алмаушылық .
Steptomycini sulfas- стрептомицин сульфаты (б): 0,25;0,5 және 1,0 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1-5 мл иньекцияға арнадған суда, 0,9% Na Cl ерәт. немесе 0,25-0,5% новокоин еріт.ерітіп, тәулігіне 2 рет б/е енгізіледі.
Neomycyni sulfas - неомицин сульфаты (Б) : 0,25 таб.,шығарылып 1 таб. тәулігіне 2 рет белгіленеді; 2% жағылма; 0,5 %көз жағылмасы бар.
Kanamycini sulfas-канамцин сульфаты (Б) : 0,5 және 1,0 құрғақ зат флаконда шығарылып, тәулігіне 2-3 рет б/е; 5%-10 мл ерітінді, амп, к/т тамшылатып енгізіледі.
Аминогликозидтердің ІІ буыны: гентамицин сульфаты (гарамицин).
Әсер ету спектрі: І буын препараттарынан айырмашылығы көкірек таяқшасына, протей, ішек таяқшаларына, сальмонелла, энтеробактер, пенициллиназа түзгіш стафилококктарға қарсы белсенділігі жоғары.
Қолдану көрсеткіштері: грамм (-) микроорганизмдермен шақырылған инфекцияларда: несеп шығару жолдарының инфекцияларында (пиелонефрит, цистит, уретрит); көкірек таяқшалары, протей немесе осы қоздырғыштардың араласып келуінен пайда болған сепсисте, жара инфекцияларында, күйікте, хирургиялық ауруларда, пневмония, бронхопневмония, менингит, перитонит және т.б. гентамицинге сезімтал флорамен шақырылған ауруларда қолданылады. Пиодермияда, фолликулитте, фурункулезде гентомицинді жағылма, ал көздің жұқпалы қабыну ауруларында көз тамшылары түрінде қолданылады.
Жанама әсері мен қарсы көрсеткіштері: жоғарыдағыдай, бірақ гентамициннің есту мүшесіне әсері төмендеу.
Gentamycini sulfas — гентамицин сульфаты (Б); 0,08 құрғақ зат флаконда, 2 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, тәулігіне 2-3 рет б/е; 4% 1 мл және 2 мл еріт. ампуласы тәулігіне 2-3 рет б/е енгізіледі; 0,1% жағылма; 0,3% көз тамшылары бар.
Аминогликозидтердің ІІІ буыны: тобрамицин (бруламицин, небцин, обрацин), сизомицин, амикацин (амикин, биклин), нетилмицин (нетиллин, нетромицин). Әсер ету спектрі: гентамицинге ұқсас. Барлық препараттар көкірек таяқшаларына әсер етеді. Тобрамицин гентамицинге қарағанда көкірек таяқшаларына белсенділігі 2-4 есе жоғары; сизомицин гентамицинге қарағанда протей, көкірек таяқшасы, клебсиелла, энтеробактерге белсенділігі жоғары; амикацин – аминогликозидтер қатарында жоғары белсенділігімен ерекшеленеді, бірақ грамм (+) анаэробтардың көпшілігіне әсер етпейді. Нетилмициннің микроорганизмдердің ферменттеріне тұрақтылығы жоғарылау.
Қолдану көрсеткіштері: грамм (-) флора тудырған ауыр инфекцияларда: бактериемия, септицемия, урогенитальды инфекциялар, тыныс жолдарының, АІЖ-ң жұмсақ ұлпалардың ауыр инфекциялары, остеомиелит, операциядан кейінгі қиындықтар, аурухана ішілік және аралас инфекциялар. Егер қоздырғыштың түрі белгісіз болса, аминогликозидтерді пенициллиндермен немесе цефалоспориндермен қиыстыру қажет.
Жанама әсері және қарсы көрсеткіштері: І буын препараттарындағыдай. Амикациннің ото және нефротоксикалық әсері басым, тобрамицин мен нетилмицинде нефро- және ототоксикалық әсері гентамицинге қарағанда төмендеу.
Amikacini sulfas – амикацин сульфаты: 5% 2 мл еріт. амп. шығарылып, тәулігіне 2-3 рет б/е; 0,1; 0,25 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып, б/е және к/т тамшылатып енгізіледі.
Netilmycini syltas – нетилмицин сульфаты -0,05; 0,15 және 0,2 құрғақ зат флаконда шығарылып, 50-200 мл 0,9 % NaCl ерітіндісін тәулігіне 2-3 рет тамшылатып к/т енгізеді.
Аминогликозидтердің ІV буыны: изепамицин (исепацин).
Әсер ету спектрі: жоғарыда көрсетілген микроорганизмдермен қоса ацинетобактерге, цитробактерге, аеромоносқа, морганеллаға, листерияларға және нокардияға әсер етеді.
Қолдану көрсеткіштері: ІІІ буын препараттарына ұқсас. Жанама әсерлері мен қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай.
Полимиксиндер
Дата: 2019-02-25, просмотров: 643.