Сантимиллиграмм немесе 0,01 мг
Поможем в ✍️ написании учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Микрограмм немесе 0,001 мг

Сұйық дәрілік заттар миллилитрде, грамда немесе тамшыда көрсетіледі. Тамшыларды рим санымен (gtts.) мысалы gtts.V (бес тамшы) деп белгіленеді. Әсер бірлікпен мөлшерленетін дәрілік заттардың көлемі (мөлшерін) ӘБ деп белгіленеді.

Егер рецепте негіздің мөлшері көрсетілмесе, онда қажетті мөлшерге дейін (quantum satis) деп жазылады, яғни индиферентті (қосымша) заттарды қажетті мөлшерге дейін қосыңыз дегенді білдіреді.

Егер дәрілік заттардың мөлшері бірдей болса, онда санын бір рет бірдей (āā) етіп алыңыз деп көрсетеді.

Соңынан D.S. (Босат. Белгіле.) сөзімен латын бөлімі аяқталып, сигнатурасы мемлекеттік немесе ұлтаралық қатынас тілінде (науқастың түсінікті тілінде) жазылады: 1) мөлшерін (1 ұнтақтан, 1 таблеткадан, 1 ас қасықтан, 20 тамшыдан және т.с.с.) 2) дәрі-дәрмектерді қабылдау уақытын (күніне неше рет, тамақтан бұрын, тамақтан соң, тамақ үстінде, түнде және т.с.с.), 3) препараттың қабылдау тәсілі (күре тамырға, тері астына баяулатып және т.с.с.) науқасқа рецепті бермес бұрын дәрігердің қолы мен мөрі қойылуы тиіс.

Наркотикалық, психотропты дәрі-дәрмектерге рецепт 07.04.2005ж. шыққан №173 бұйрық «ҚР бақылауда тұратын, наркотикалық, психотропты дәрілік заттарды және оның прекурсорларын медициналық мақсатта қолдану ережелерін бекіту туралы» ережесіне сәйкес жазылады.

Наркотикалық дәрілерге рецепт амбулаториялық науқастарға емдеу мекемесінің штампы қойылған ҚР ДСМ департаменті бекіткен арнайы рецептуралық бланкта жазылуы тиіс. Наркотикалық дәрілерге рецепті дәрігер өз қолымен жазып, қолын қойып, жеке мөрімен куәландыруы тиіс. Сонымен қатар рецептегі дәріні тағайындауға, жауапты мекемесінің бас дәрігері немесе оның орынбасары қол қойып, емдеу мекемесінің дөңгелек мөрімен куәландырылады. Улы және наркотикалық дәрілерге ҚР ДСМ бекіткен үлгісіндегі арнайы қызғылт бланкте науқастың ауру тарихының диагнозы, нөмірі мен аурудың мекен-жайы көрсетіледі.

 

Рецепт №__________ Код_______________ __________________ Денсаулық сақтау ұйымының штампы ___________________ Рецептің жазылған күні «__»_______200__ж. Аурудың аты-жөні, жасы____ ________________________ Мекен жайы______________ Аймақтың №______________ Аурудың медициналық құжатының №__________________________ Дәрігердің аты-жөні____________ ____________________________ Rp.:_________________________ __________________________ __________________________ _____________________________ Дәрігердің қолы мен өзінің мөрі   Рецепт №__________ Код_______________ __________________ Денсаулық сақтау ұйымының штампы ___________________ Рецептің жазылған күні «__»_______200__ж. Аурудың аты-жөні, жасы____ ________________________ Мекен жайы______________ Аймақтың №______________ Аурудың медициналық құжатының №__________________________ Дәрігердің аты-жөні____________ ____________________________ Rp.:_________________________ __________________________ __________________________ _____________________________ Дәрігердің қолы мен өзінің мөрі
Қателіктерді түзетуге рұқсат етілмейді Түбіршек денсаулық сақтау ұйымында қалады   Бланк нөмірі   Қателіктерді түзетуге рұқсат етілмейді Түбіршек денсаулық сақтау ұйымында қалады   Бланк нөмірі

 

Құрамына «А» тізімінің улы дәрі-дәрмектері, кодеин, кодеин фосфат, этилморфин гидрохлориді, басқа дәрілік препараттар қоспасымен этаминал-натрий; клофелин таблетка түрінде, ұйықтататын дәрі-дәрмектер, психозға қарсы (нейролептиктер), антидепрессанттар, стериодты гормондар, транквилизаторлар, астматин және астматол, құрамында 8-оксихинолин туындылары бар препараттар, заманиха тұндырмасы кіретін дәрі-дәрмектер арнайы рецептуралық бланкіде жазылып, емдеу-сауықтыру мекемесінің «Рецептер үшін» деген мөрімен, штампымен, дәрігердің жеке қолы және мөрімен куәландырылады. Рецептің бұл соңғы бөлімінің заңдық мәні бар. Дәрігер рецептке қол қоя отырып, берілген дәрілік препараттың науқасқа дұрыс белгіленгендігіне жауапты болады. Егер рецепте дәрілік заттың мөлшері МФ-да көрсетілген мөлшерден артық жазылса, улы және күшті әсер ететін дәрілік заттар дәріханадан жарты мөлшерде босатылады.

Құрамында улы, наркотикалық дәрілік заттары, этанолы бар экстемпоральды дайындалған дәрілік түрлерді босатқан кезде, рецепт орнына науқасқа сары сызығы бар «Сигнатура» (рецепт көшірмесі) беріледі.

Наркотикалық заттарға рецепт жазылған күннен бастап 3 күнге дейін жарамды.

Этилморфин гидрохлоридінің көз тамшылары мен жағылмаларына, дәрігердің «Арнайы тағайындауы бойынша» нұсқауы болғанда, 1г-ға дейінгі мөлшерде жазылуы мүмкін.

Инкурабельді онкологиялық ауруларды емдеу үшін бір рецепте наркотикалық және ұйықтататын дәрілік заттардың мөлшері 2 есе артық жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда онкологиялық науқасты наркотикалық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін емдеу-сауықтыру мекемесінің мөрімен куәландырылған, мекеме басшысының жазбаша түрдегі шешімімен тұрғылықты мекен-жайы бойынша дәріханада бекітіледі. Созылмалы ауруларға берілетін дәрі-дәрмектерге рецепт жазған кезде, оның ішінде катаракта мен глаукоманы емдеу үшін дәрігер рецептің жарамдылық мерзімін (1 жылдан артық емес) және дәріханадан дәрінің босату мерзімін (апта сайын, ай сайын және т.б.) көрсетіп, жеке мөрі және қолымен куәландырады.

Емдеу-сауықтыру ұйымдарынан ұзақ қашықтықта орналасқан ФАБ-ң меңгерушілері, фельдшерлер дәрігерлік қабылдауымен барлық қажетті дәрі-дәрмектерге (есірткі заттардан басқа), сонымен бірге тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрі-дәрмектерге рецепт жазуға құқылы.

Дәрігер, тіс дәрігері, фельдшер, акушер өзінің жазған рецептеріне жеке жауапты болады. Рецепт аталған талаптардың кемінде біреуіне жауап бермесе немесе құрамында сиымсыз дәрілік заттар бар болса, жарамсыз деп саналады. Бұл жағдайда дәріхана қызметкері рецепт жазған дәрігермен немесе басқа қызметкерлермен байланысып, препараттың атын, оның бір реттік мөлшерін, фармакологиялық сиымдылығын анықтап, содан кейін ғана науқасқа дәріні босатуға міндетті. Барлық дұрыс жазылмаған рецепттер дәріханада қалып, «Рецепт жарамсыз» деген штампымен күші жойылады, арнайы журналға тіркеліп, ол туралы ақпарат тиісті емдеу-сауықтыру ұйымының басшысына 3 күн аралығында хабарлануы тиіс.

Құрамында улы және наркотикалық дәрілік заттары бар дәрі-дәрмектерді, сондай-ақ этил спиртін дәріханадан алуға емдеу-сауықтыру ұйымдарының талабы латын тілінде жазылады.

Емдеу-сауықтыру ұйымдарының улы және наркотикалық дәрі-дәрмектерге, этил спиртіне талаптары ұйым басшысының немесе оның емдеу бөлімі бойынша орынбасарының қолы мен мөрі, штампы бар бөлек бланкіге жазылуы тиіс. Тапсырыста бөлменің немесе бөлімнің атауы, спирттің концентрациясы (егу үшін, сыртқа қолдану үшін, ішке пайдалану үшін, көз тамшылары және т.б.) міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Тіс дәрігерлері стоматологиялық бөлмеде қолданылатын, тек қана төменде көрсетілген улы және күшті әсер ететін заттарға өзі қол қойып, талаптар жаза алады (оларды емделушінің қолына беруге құқығы жоқ);

-  адреналиннің 0,1% ерітіндісі (ампулада, түп нұсқауы бар орамда);

- амилнитрат (ампулада);

- йодоформ (ұнтақ, паста, эмульсия түрінде);

- кокаин (паста түрінде);

- мышьякты ангидриді (құрамы 50% дейін паста түрінде);

- новокаин (таза түрінде, құрамы 4% дейін ерітінді түрінде, ампулада);

- күміс нитраты (кристалл және ерітінді түрінде);

- үш хлорлы сірке қышқылы (таза түрінде)

- фенол (таза және басқа заттармен қоспа түрінде);

- хлороформ (ампулада);

- хлорэтил (ампулада);

- диэтилді эфир (таза түрінде);

Кокаинге (паста түрінде), мышьякты ангидридке (құрамы 50% дейін паста түрінде) және күміс нитратына (кристалл және ерітінді түрінде) тапсырыстар тіс дәрігерінен басқа мекеме (бөлім) басшысының немесе оның орынбасарының қолымен куәландырылуы қажет.

 

4.Рецептураға қатысты қысқа грамматикалық ескертулер

Латын тілінде 5 септеу бар (кестеде көрсетілген).

І және ІІ септеуге көптеген дәрілік заттардың атауы жатады. ІІІ септеу сирек, ал IV мен V септеу аз пайдаланылады.

І септеуге атау септігінің жекеше түрінде «а», ал ілік септігінің жекеше түрінде «ае» жалғауымен аяқталатын (Tinctura, Pilula, Belladonna, Aqua) (f) зат есімдер жатады.

ІІ – септеуге атау септігінің жекеше түрінде «us», “er”, “um”, ал ілік септігінің жекеше түрінде «і» жалғауымен аяқталатын (m,n) зат есімдер жатады. (Hyoscyamus, Numerus), (Oleum, Acidum, Linimentum, Infusum, Opium).

III-септеуге атау септігінің жекеше түрінде жалғауы әртүрлі, ал ілік септігінің жекеше түрінде «is» жалғауымен аяқталатын зат есімдер жатады. Мысалы: Carbo, onis (m); Solutio, onis (f); “os” – Flos, oris (m); “or”-Liquor, oris (m); “is” – Dosis, is (f); Pulfis, eris (m); Adonis, idis (m); “x” –Radix, icis (f); Cortex, icis (m); “n” –Alumen, inis (n); Semen, inis (n); “ur” –Sulfur, s (n).

IV-септеуіне атау септігінің жекеше түрінде «us», “u”, ал ілік септігінің жекеше түрінде “us” жалғауымен аяқталатын зат есімдер жатады.

V- септеуге атау септігінің жекеше түрінде “es” ал ілік септігінің жекеше түрінде «еі» жалғауымен аяқталатын зат есімдер жатады.

Ескерту: m-genus masculinum (ер тегі); f-genus femininum (әйел тегі); n-genus neutrum (орта тегі).

Латын септеуінің септік жалғаулары

Септіктер

Септеулер

І ІІ ІІІ IV V

NOMERUS SINGULARIS

(жекеше түрінде)

  f. m.n. m.f.n. m.n. f. Nom. (атау септігі) Кім? Не? -a -us; -er; -um әртүрлі жалғаулар -us, -u -es Gen. (ілік септігі) кімнің? ненің? -ae -i -is -us -ei Dat. (барыс септігі) кімге? неге? -ae -o -i -ui, -u -ei Acc. (табыс септігі) кімді? нені? -am -um -em (im)-m, f, n=Nom um, -u -em Abl. (жатыс септігі) кімде? неде? -a -o e (i) -u, -u -e

NUMERUS PLURALIS

(көпше түрінде)

Nom. -ae -i, -a -es, -a (ia) -us, -ua -es Gen. arum orum -um (ium) uum erum Dat. -is -is -ibus ibus ebus Acc. -as -os, -a -es, -a (ia) -us, -ua -es Abl. -is -is -ibus ibus ebus

 

Nom. sing.-Атау септігінің жекеше түрі

Gen. sing. – Ілік септігінің жекеше түрі

Б. ДӘРІЛІК ТҮРЛЕРДІҢ ЖАЗЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Қатты дәрілік түрлер

Қатты дәрілік түрлерге: таблеткалар, драже, ұнтақтар, гранулалар, капсулалар, пилюлдер жатады.

Таблеткалар – Tabuletta

                      (Таблетка-Nom.sing.Tabuletta,

                       Acc.sing.Tabulettam,

                       Acc.pl.Tabulettas,

                       Abl.pl. in tabulettis)

Таблеткалар деп дәрілік зат пен қосымша заттарды нығыздау тәсілімен алынатын, ішке қолданылатын мөлшерге бөлінген қатты дәрілік түр. Олардың кейбір түрлерін сыртқа (алдын ала еріткеннен кейін) қолданады. Таблеткалар ыңғайлы дәрілік түр болып табылады: олар ұзақ мерзім сақталып, препараттардың жағымсыз дәмін жасыратын портативті қасиеті бар. Таблеткаларды фармацевтиалық өндірістерде арнайы машиналардың көмегімен дайындайды. Қосымша зат ретінде қант, крахмал, натрий гидрокарбонаты, натрий хлориді, какао, желатин ерітіндісі, су, спирт және т.б. қолданылады. Ұзақ мерзім сақталған таблеткаларды қабылдау алдында олардың ыдырағыштығын тексеру қажет.

Таблеткалардағы дәрілік заттарға рецепт жазғанда жазылымның екі түрін қолдануға болады. Кеңірек таралған түрінде дәрілік заттың аты және оның бір реттік мөлшері көрсетіліп, тағайындалатын таблеткалардың саны жазылады, D.t.d. N…in tabulettis. (Осындай мөлшерде таблеткаларды ... номерімен босат) және сигнатурасы көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

0,00025 дигоксиннің (Digoxinum) 12 таблеткасына рецепт жазыңыз.

Күніне 1 таблеткадан 2 рет белгілеу үшін.

1- ші нұсқа

Rp.: Digoxini 0,00025

    D.t.d. N.12 in tabulettis

     S. 1 таблеткадан күніне 2 рет.

Жазылымның екінші нұсқасында дәрілік түрдің атауы табыс септігінің жекеше түрінде (Tabulettam Acc.sing.) сөзімен басталып, дәрілік заттың аты және оның бір реттік мөлшері жазылады. Таблеткалардың саны – D.t.d.N… (Осындай мөлшерлерді ... номерімен бер) және сигнатурасы көрсетілед.

2-ші нұсқа

Rp.: Tabulettam Digoxini 0,00025

     D.t.d. N.12

   S. 1 таблеткадан күніне 2 рет

 немесе

 Rp.: Tab.Digoxini 0,00025 N.12

   D.S. 1 таблеткадан күніне 2 рет

Құрамында 2 немесе одан да көп дәрілік заттары бар таблеткаларға жоғарыдағы көрсетілген нұсқауларды қолдану бойынша рецепт жазылады.

Рецепт үлгісі

Мөлшері 0,25 амидопирин (Amidopyrinum) және бутадионнан (Butadionum) тұратын  20 таблеткаға жазыңыз. Күніне 1 таблеткадан 3 рет қабылдау үшін.

Rp.: Amidopyrini

    Butadioni āā 0,25

    Da tales doses N.20 in tabulettis

   Signa. Күніне 1 таблеткадан 3 рет қабылдау үшін.

Құрамына бірнеше дәрілік заттар кіретін кейбір таблеткалар арнайы коммерциялық атаумен шығарылады. Мысалы: «Аэрон» таблеткалары, «Пенталгин» таблеткалары (Tabulettae “Aeronum”, Tabulettae “Pentalginum”). Бұл таблеткаларға рецепт жазғанда, алдымен дәрілік түрдің атауы табыс септігінің көпше түрінде (Tabulettas Acc. pl.), таблеткалардың аты атау септігінде жазылып, олардың саны көрсетіледі.

Рецпт үлгісі

«Никовериннің» (“Nicoverinum”) 20 таблеткасына рецепт жазыңыз.

1 таблеткадан күніне 2 рет белгілеңіз.

Rp.: Tabulettas “Nicoverinum” N.20

   D.S. 1 таблеткадан күніне 2 рет

 

Драже – Dragee

(Драже- Acc.sing.Dragee)

Драже –дәрілік және қосымша заттарды қант түйіршіктерінде бірнеше қайталап қабаттау жолымен алынатын, ішке қолдануға арналған мөлшерленген қатты дәрілік түр. Дражені өндірістік әдіспен дайындайды. Қосымша заттар ретінде қант, крахмал, бидай ұны, какао, шоколад, тағамдық, лактар, бояғыштар және т.б. қолданылады. Драже массасы 1,0-нан артық болмауы қажет.

Дражелерге рецепт тек бір түрде жазылады. Жазылымда дәрілік түрдің атауы табыс септігінің жекеше түрінде жазылып (Dragee – Acc.sing.), содан кейін дәрілік заттың аты мен оның бір реттік мөлшері, драженің саны (D.t.d. N…) мен сигнатурасы көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

0,05 диазолиннің (Diazolinum) 20 дражесіне жазыңыз. 1 дражеден күніне 2 рет белгілеңіз.

Rp.: Dragee Diazolini 0,05

   D.t.d. N.20

   S. 1дражеден күніне 2 рет

Ұнтақтар –Pulferes

(Ұнтақ - Nom.sing. Pulvis, Gen.sing.Pulveris)

Ұнтақтар-сусымалы қасиеті бар, ішке және сыртқа қолдануға арналған қатты дәрілік түр. Ұнтақтар бірнеше түрге бөлінеді.

1) жай ұнтақтар (бір ғана заттан тұратын) –pulveres simplices;

2) күрделі ұнтақтар (2 немесе одан көп ингредиенттерден тұратын)-pulveres composite;

3) мөлшерлерге бөлінген ұнтақтар –pulveres divisi;

4) мөлшерлерге бөлінбеген ұнтақтар –pulveres indivisi.

Сыртқа қолданылатын ұнтақтар мөлшерге бөлінбеген түрінде жазылады. Оларды өте майда ұнтақтар түрінде (pulveres subtilissimi) жарақаттарға және шырышты қабатқа себу үшін қолданады. Бұл ұнтақтар 5,0-нан 100,0-ға дейінгі мөлшерде жазылады және рецепте дәрілік препараттың аты, жалпы мөлшері, майдалану дәрежесі көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

Мөлшерлерге бөлінбеген жай ұнтақтың жазылуы:

1. Стрептоцидтің (Streptocidum) 20,0 өте ұсақ ұнтағына рецепт жазыңыз. Жарақатқа себу үшін.

Rp.: Streptocidi subtilissimi 20,0

   D.S. Жарақатқа себу үшін.

Мөлшерге бөлінбеген күрделі ұнтақтың жазылуы:

2. Құрамында 125000 ӘБ бензилпенициллин натрий тұзы (Benzylpenicillinum-natrium) мен 5,0 этазолы (Aethazolum) бар өте майда ұнтағына жазыңыз. Мұрынға үрлеу үшін белгілеңіз.

Rp.: Benzylpenicillini – natrii 125000 ӘБ

  Aethazoli 5,0

  M.f.pulvis subtilissimi

  D.S. Мұрынға үрлеу үшін

Ішуге арналған ұнтақтар мөлшерге бөлінген немесе бөлінбеген болуы мүмкін. Дәл мөлшерленуі міндетті емес, ұнтақтар, (мысалы, натрий сульфаты, магний тотығы) мөлшерге бөлінбеген түрінде жазылады.

Рецепт үлгісі

30,0 магний тотығына (Magnesi oxydum) жазыңыз. Бір шай қасықтан күніне 2 рет белгілеңіз.

Rp.: Magnesii oxydi 30,0

  D.S. Бір шай қасықтан күніне 2 рет

Көбінесе ішуге арналған ұнтақтарды мөлшерге бөліп жазады. Рецепте дәрілік заттың мөлшері көрсетіледі. Содан соң фармацевтке ұнтақ санын D.t.d. N… (Da tales doses numero…-Осындай мөлшерде босатылсын...) көрсетеді.

Өсімдіктерден алынатын ұнтақтардың (жапырағынан, тамырынан және өсімдіктің басқа да бөліктерінен) салмағы 0,05-нан кем болса, индифферентті заттар қосылады. Өсімдіктерден алынатын ұнтақтардың жазылымы Pulveris (ұнтақтан) сөзімен басталып, одан соң өсімдіктің бөлігі, оның атауы (мысалы, Pulveris radicis Rhei) мен мөлшері көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

Мөлшерге бөлінген жай ұнтақтың жазылуы:

1. 0,6 панкреатиннің (Pancreatinum) 24 ұнтағына жазыңыз. 1 ұнтақтан күніне 3 рет тамақтан бұрын.

Rp.: Pancretini 0,6

    D.t.d. N. 24

    S. 1 ұнтақ күніне 3 рет тамақтан бұрын.

Мөлшерге бөлінген күрделі ұнтақтың жазылымы:

2. Құрамында 0,02 папаверин гидрохлориді (Papaverini hydrochloridum) мен 0,01 фенобарбиталы (Phenobarbitalum) бар 10 ұнтаққа жазыңыз. 1 ұнтақтан күніне 3 рет белгілеңіз.

Rp.: Papaverini hydrochloride 0,02

  Phenobarbitali 0,01

  Sacchari 0,3

  M.f.pulvis

  D.t.d. N.10

  S. 1 ұнтақтан күніне 3 рет

 

Ұшқыш және гигроскопиялық ұнтақтар пергаментті, балауыз (charta cerata) немесе парафинді (charta paraffinata) қағаздан жасалған қорапшада шығарылып, рецепте D.t.d. N… in charta cerata деп көрсетіледі.

 

Гранулалар – Granula

(Гранула-Nom.sing.Granulum,

Дата: 2019-02-25, просмотров: 953.