Гранулалар –ішке қолдануға арналған, домалақ, цилиндр тәрізді немесе пішінсіз түрі бар бірыңғай бөлшек (дән) түріндегі қатты дәрілік түр. МФ Х талабына сәйкес гранулалардың өлшемі 0,2-3 мм аспауы тиіс.
Гранулалар –фармацевтикалық өндірістерде өндірілетін дәрілік түр. Өндірістерде қосымша зат ретінде қант, шарап қышқылы, натрий гидрокарбонаты, крахмал, глюкоза, тальк, қант сиропы, тағамдық бояғыштар және тағы басқа заттар пайдаланылады. Иісі мен дәмі ащы, тітіркендіргіш әсері бар дәрілік заттар көбінесе гранула түрінде шығарылады.
Гранулалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалатындықтан, рецепте қысқартылған түрде ғана жазылады, яғни дәрілік түрдің одан соң дәрілік заттың атауы мен оның мөлшері көрсетіледі. Гранулалар –мөлшерге бөлінбеген дәрілік түр, сондықтан рецепте грануланы жалпы мөлшері (барлық қабылдауға) көрсетіледі. Гранулаларды көбінесе шай қасықпен мөлшерлейді. Кейбір гранулаларды қолданар алдында сумен ерітіп, сұйық дәрілік түр ретінде (шай немесе ас қасықтан) белгілейді.
Рецепт үлгісі
100,0 натрий пара – аминосалицилаты (Natrii para-aminosalicylas) грануласына жазыңыз. 1 шай қасықтан күніне 3 рет тамақтан 1 сағаттан соң ішуге.
Rp.: Granulorum Natrii para-aminosalicylatis 100,0
D.S. 1 шай қасықтан күніне 3 рет тамақтан 1 сағаттан соң
Капсулалар – Capsulae
(Капсулалар –Nom.sing.Capsula, Gen.sing.Capsulis)
Капсулалар ішуге арналған мөлшерленген ұнтақ, паста тәрізді, түйіршіктелген немесе сұйық дәрілік түрлерден тұратын қабықша. Капсула түрінде жағымсыз дәмі мен иісі бар немесе тітіркендіргіш әсері бар дәрілік препараттарды шығарады. Капсулалардың желатинді немесе полимерден жасалынған түрлері бар.
Желатинді капсулалар – Capsulae gelatinosae түрлері: а) жұмсақ немесе эластикалық – Capsulae gelatinosae molles s.elasticae; б) қатты –Capsulae gelatinosae durae; в) қалпақшасымен – Capsulae gelatinosae operculatae. Жұмсақ және қатты желатинді капсулалар құрамында 0,1-0,5 дәрілік заты бар шар, тұқым немесе пішіні сопақша тәріздес болып келеді. Асқазан сөлінің әсеріне тұрақты және ішекте еритін желатинді капсулаларды алу үшін формальдегид ерітіндісінің немесе оның спирттегі ерітіндісінің буымен өңдеу жолымен алады. Мұндай капсулаларды глютоидты (Capsulae glutoidales) деп атайды. Капсуладағы дәрілік заттарға рецепті жазғанда міндетті түрде «Желатинді капсулада (in capsules gelatinosis) босатыңыз» деп көрсетілуі қажет.
Рецепт үлгісі
1. Жай құрамды капсуланың жазылымы:
Құрамында 0,3 рифампицин (Rifampicinum) бар, 20 ұнтағын желатинді капсулада босатыңыз. Тамақтан 30 мин. Бұрын 1 капсуладан тәулігіне 2 рет белгілеңіз.
Rp.: Rifampicini 0,3
D.t.d. N.20 in capsules gelatinosis
S.Тамақтан 30 мин.бұрын 1 капсуладан күніне 2 рет
2. Күрделі құрамды официнальды капсуланың жазылымы:
«Аевиттің» (“Aevitum”) 25 капсуласына жазыңыз. 1 капсуладан тәулігіне 3 рет белгілеңіз.
Rp.: Capsulas “Aevitum” N.25
D.S. 1 капсуладан тәулігіне 3 рет белгілеңіз.
Қазірде фармацевтикалық өндірістерде дәрілік затты микрокапсула түрінде шығарылады. Микрокапсулалар жұқа қабықшалы пленка тәрізді материалмен (желатин, майлы заттар, полимерлер) қапталған қатты, сұйық немесе газ тәрізді дәрілік заттар. Микрокапсула түрінде шығарылатын препараттар әртүрлі мақсатта (мысалы, тұрақсыз дәрілік заттарды ішкі факторлардың әсерінен сақтау үшін, жергілікті тітіркендіргіш әсерін басу үшін, дәрілердің әсерін ұзарту үшін және т.б.) белгіленеді.
Пилюлдер –салмағы 0,1-0,5-ке тең, шар тәрізді ішуге арналған қатты мөлшерге бөлінген дәрілік түр.
Басқа да қатты дәрілік түрлерге: спансулалар, пленкалар, глоссетер, карамелдер және пастилкалар жатады. Карамелдер (Caramel)-дәрілік затты қантпен жартылай гидролиздеген крахмал өнімін араластыру жолымен дайындалатын қатты дәрілік түр. Карамельдерге қажетті түс беру үшін қоспаға бояғыш, дәм беретін ароматты заттарды қосып дайындайды. Карамелдерді ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабатының ауруларын емдеу үшін белгілейді. Ол үшін карамелдерді ауыз қуысында толық ерігенше ұстайды. Фармацевтикалық өндірістерде саңырауқұлақтарға қарсы және бактерияға қарсы дәрі дәрмек декамин карамелі шығарылады. Пастилкалар немесе троше (Trochiscius – Nom. Sing; Trochisci-Gen.sing.), дәрілік заттарды қантпен және кілегеймен араластыру жолымен алынатын салмағы тығыз пішінді түріндегі қатты дәрілік түр. Пастилкаларды да ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларын емдеу үшін (ауыз қуысында толық ерігінше), кей жағдайда асқорыту жолдарының ауруларын емдеу кезінде ішке белгіленеді.
2. Жұмсақ дәрілік түрлер
Жұмсақ дәрілік түрлерге: жағылмалар, кремдер, пасталар, суппозиторийлер мен жапсырмалар жатады.
Жағылма – Unguenta
(Жағылма-Nom.sing.Unguentum, Gen.sing.Unguenti)
Жағылма – сыртқа қолданылатын, консистенциясы тұтқыр жұмсақ дәрілік түр. Жағылмаларды дәрілік зат (әсер етуші) пен негізді (түр беруші) араластыру арқылы алады. Жағылманың негізі ретінде вазелин, вазелин майы, шошқаның тазартылған майы, май тәрізді заттар, балауыз (ланолин, ара балауызы, спермацет) және синтетикалық заттар пайдаланылады. Әрине жағылмалар мөлшерге бөлінбеген дәрілік түр. Жағылмаларды жай және күрделі деп бөлеміз. Құрамы 2 ингредиенттен тұратын болса, оны күрделі жағылмалар деп атаймыз.
Қазіргі таңда жай және күрделі жағылмалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады. Мұндай жағылмалар официнальды, сондықтан дәрілік заттың құрамы мен концентрациясы көрсетілмей, жазылымның қысқартылған түрінде жазылады. Рецепте дәрілік түрдің аты (Unguenti Gen.sing), дәрілік заттың аты (ілік септігінде) оның мөлшері көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
Официнальды цинк жағылмасының (Unguentum Zinci) 20,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.
Rp.: Unguenti Zinci 20,0
D.S.Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.
Жазылымның толық түрінде әсер етуші барлық ингредиенттердің (дәрілік заттың) аты, жағылма негізі мен оның мөлшері көрсетіліп, рецепт M.f unguentum (Misce ut fiat unguentum –жағылма түзілгенше араластыр) және D.S. сөзі көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
1. Құрамында 20% сульфацил-натрий (Sulfacylum-natrium) бар, ланолин мен вазелиндегі (1:9) жағылманың 5,0 жазыңыз. Қабақ астына күніне 3 рет белгілеу үшін.
Rp.: Sulfacyli – natrii 1,0
Lanolini 0,4
Vaselini ad 5,0
M.f. unguentum
D.S. Қабақ астына күніне 3 рет
2. Құрамында 750 000 ӘБ микогептиннің (Mycoheptinum) 1,0 бар, жағылмасының 50,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.
Rp.: Mycoheptini 750000 ӘБ
Vaselini ad 50,0
M.f. unguentum
D.S.Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.
Пасталар-Pastae
(Паста- Nom.sing.Pasta; Gen.sing.Pastae)
Пасталар – құрамында 25%-65% ұнтақ тәрізді заттары бар жағылмалардың бір түрі. Пасталар қою және тұтқыр болып келеді, жағылмаларға қарағанда тері бетінде ұзақ сақталынады. Егер құрамында ұнтақ тәрізді заттың мөлшері 25%-тен кем болса, онда индиферентті ұнтақтар, яғни толықтырғыштар мырыш оксиді (Zinci oxydum), крахмал (Amylum), тальк (Talcum) қосылады.
Пасталар мөлшерге бөлінбеген дәрілік түр. Сондықтан олардың жалпы мөлшері жазылады. Магистральды пасталар барлық ингредиенттері мен мөлшері көрсетіліп, жазылымның толық түрінде жазылады. Рецепт M.f.pasta (Misce ut fiat pasta. – Паста түзілгенше араластыр) сөзімен аяқталып, сигнатурасы көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
Құрамында 20% йодоформ (Iodoformium) бар вазелин (Vaselinum) пастасының 50,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған жағу үшін белгілеңіз.
Rp.: lodoformii 10,0
Amyli
Zinci oxydi āā 5,0
Vaselini ad 50,0
M.f.pasta
D.S.Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін.
Кейбір пасталар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады. Бұл пасталар рецепте қысқартылған түрінде жазылады.
Рецепт үлгісі
Официнальды цинк-салицил пастасының (Pasta Zinci-salicylata) 25,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін белгілеңіз.
Rp.: Pastae Zinci-salicylatae 25,0
D.S.Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін.
Дата: 2019-02-25, просмотров: 1266.