Вульвовагинит//
дизметаболиттік нефропатия//
нейрогенді қуық
***
7 айлық балада фебрилитет, айқын интоксикация белгілері байқалады, тісі шығып келе жатыр, кіші дәретке сирек отырады. ЖҚА: лейкоцитоз, лейкоцитарлы формула солға жылжыған, ЭТЖ – 25 мм/сағ.; ЖЗА – лейкоцитурия, бактериурия. Сіздің болжам диагнозыңыз?//
Жедел цистит//
+жедел пиелонефрит //
Жедел гломерулонефрит//
тіс шығуына «реакция»//
Жедел пневмония
***
Бала 5 жаста. Қан қысымы - 120/70 мм рт. ст. Зәр анализінде ақ уыз – 5,6 г/л,лейкоцит - 0-1 в көру/деңгейінде. Қандай диагноз қоюға болады?//
Вегетатвті - тамырлы дистония//
Артериалды гипертензия//
+жедел гломерулонефрит//
Тұқым қуалаушы нефрит//
Зәр шығару жолы инфекциясы
***
6 жастағы балада тұрақты глюкозурия. Қан сарысуындағы қант мөлшері - 6,0 ммоль/л-ден төмен. Сіздің болжамды диагнозыңыз ://
+бүйректік глюкозурия//
қант диабеты//
қант емес диабет//
Нефробластома//
бүйректік тұзды диабет
***
Наташа 10 жаста. 7 жыл бойы нефрологта Фанкони нефронофтизі, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бойынша «Д» есепте тұр. Соңғы 6 ай анализдерде азотемия. Түскен кездегі шағымы: тез шаршаушылық, тәбетінің төмендеуі, шөл, полиурия. Обьективті: физикалық даму тежелген, дене терісі ақшыл, құрғақ, «О»-тәрізді аяқтың қисаюы. Жалпы қан анализінде-нормохромды анемия 2 дәрежелі. Биохимиялық қан анализінде креатинин-130 мкмоль/л, мочевина-16,8 ммоль/л, натрий-105 ммоль/л, қант-5,6 ммоль/л. Зәр тығыздығы 1007-1012. Тәуліктік глюкозурия-0,08 г. Сіздің диагнозыңыз:Фанкони нефронофтизі. Диагнозды толықтырыңыз?//
қант диабеті, 1 түрі//
бүйректік глюкозурия/ /
қантты емес диабет//
жедел бүйрек жетіспеушілігі//
+созылмалы бүйрек жетіспеушілігі//
***
4 жастағы бала кіші дәретке отырғанда, жиі ауыру сезімінің болуына шағымданады. Жоғарыдағы шағымдар бассеинге түсуімен байланысты және мазалағанына 2 күн болды. Интоксикация мен шеткі ісіктер жоқ. Дизуриялық белгілердің салдарынан жағдайы орташа ауырлықта. Зерттеу нәтижесінде лейкоцитурия анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?//
+жедел цистит//
Жедел пиелонефрит//
Жедел гломерулонефрит//
созылмалы пиелонефрит //
Тубулопатия
***
5 жастағы балаға пиелонефрит диагнозы қойылған, ағымы жедел, БҚС. Зәр шығару жүйесіне қашан рентгенді-контрасты зерттеу жүргізген дұрыс?//
үрдістің белсенділігі жоғары кезінде//
+үрдістің басылуы кезінде//
жағдайының жақсарғанында//
дене қызуы қалыпқа келгенде//
қызба кезінде
***
Клиникаға түскен 12 жасар баланың шағымдары, енжарлық, жүрек айнуы, басының ауруы, бетіндегі және сирағындағы ісіктің болуы, зәр түсінің өзгеруі. Қарағанда: терісі бозғылт, беті ісіңкі, жүрек тондары тынықталған, ҚҚ = 140/90 сын. бағ. ЖЗА-түсі – ет жуындысы тектес, м/с – 1008, белок- 0,66 г/л, эритроциттер- көру аймағын түгел жапқан, л-20-30 к/а. Бұл көрініс бойынша қандай диагноз қоюға болады?//
+жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдром//
жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром//
жедел гломерулонефрит, жекеленген зәрлік синдром//
жедел гломерулонефрит, аралас түрі//
іш құрсағының жарақаты
***
5 айлық бала туылған кезінен нашар емеді, кейде құсу пайда болады, сусыздану, көп зәр бөледі, салмақ қоспайды. Зәр анализі - өзгеріссіз. Қанның б/х анализінде: гипонатриемия, мочевина және глюкоза қалыпты мөлшерде. Зәрдегі 17 КС және 17 гидрооксикортикостерон қалыпты, альдостерон деңгейі жоғары. Сіздің болжам диагнозыңыз ://
Цистинурия//
бүйректік глюкозурия//
+бүйректік тұзды диабет//
Фосфат-диабет//
қант диабеті
***
Нефрология бөлімшесіне 10 жасар бала СБЖ диагнозымен түсті. УДЗ-де – бүйрек өлшемдері кішірейген, эхогендігі жоғарлаған. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің ең көрнекті көрсеткіші болып табылатыны не?//
Артериальды гипертензия//
Гипогликемия//
+креатинин деңгейінің жоғарлауы//
Қандағы фосфатазаның жоғарлауы//
Гиперхолестеринемия
***
М. деген балаға 9 жаста тексеру шараларынан кейін клиникалық оң жақ уретерогидронефроз. Екіншілік созылмалы пиелонефрит диагнозы қойылды. Аурудың пайда болу себебі неде: //
салқын тию//
тұқым қуалаушы факторлар//
+урообструкции болуы//
Аллергия//
әлеуметтік тұрмыстың нашар болуы
***
7 айлық балада құсу, дене қызуы 390С көтерілген. Мазасызданған, кіші дәретке жиі барады. Зәрде ақуыз іздері, эритроциттер - 20 көру алаңында, лейкоциттер – 80-ге дейін көру алаңында. Сіздің болжамды диагнозыңыз?//
нефротикалық синдром//
нефритикалық синдром//
+пиелонефрит//
Созылмалы цистит//
Жедел цистит
***
5 жасар балада гематурия, 1,0 г/л дейін протеинурия, жиі бактериурия, байқалады , естуі наша р. Диагноз қойыңыз://
нефротикалық синдром //
Пиелонефрит//
гломерулонефрит, аралас түрі//
Дата: 2019-02-02, просмотров: 389.