Конспект организованной учебной деятельности во средней группе № 6
Поможем в ✍️ написании учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Өткізу күні/Дата проведения: 14.09 – «Қарлығаш» тобы

Дене шынықтыру нұсқаушысы/Физ. инструктор: Бурбаева Г.А.

Білім беру саласы/Образовательная область: «Денсаулық»

Пән/Предмет: «Дене шынықтыру»

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Менің отбасым»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік- воспитательная: Балалардың қозғалу белсенділігің дамыту және денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, физикалық жаттығуларды орындауға қызығушылықты қалыптастыру.

2.Дамытушылық- развивающая: Жылдамдықпен ептіліктерін дамыту.

3.Оқыту- обучющая:  Тепе-теңдікті сақтап жүруге үйрету. Құм салынған қапшықты басына қойып, түзу сызық бойымен тепе-теңдікті сақтап жүруге жаттықтыру, ұйымдасқан түрде іс-әрекет жасай білуге тәрбиелеу.       

Билингвалдық компонент: жанұя семья, жүру ходить, жүгіру бегать, қапшық мешок, бас голова.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент.

Балаларға сап тізбекте тұруға белгі беру. Балалармен амандасу. Көңіл-күйлерін сұрау.

2. Негізі бөлімі/основная часть

Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді. Қол көтеріп аяқтың ұшымен, қол иықта аяқтың өкшесімен. Аяқты жоғары көтеріп, жеңіл жүгіру.

Бір қатардан екі қатарға сап құру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді. Тыныс алу жаттығуы.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

Құм салынған қапшықты басына қойып, түзу сызық бойымен тепе-теңдікті сақтап жүру

Қимылды ойын: «Ойыншықтарды тез жинайық».

Ойынның шартын түсіндіреді.

 

3. Қорытынды/итоговая часть. Балаларға бір қатарға түзелуге белгі беру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды. Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру. Рахмет айтып, қоштасу.

Орта тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности во средней группе № 7

Өткізу күні/Дата проведения: 17.09 – «Қарлығаш» тобы

Дене шынықтыру нұсқаушысы/Физ. инструктор: Бурбаева Г.А.

Білім беру саласы/Образовательная область: «Денсаулық»

Пән/Предмет: «Дене шынықтыру»

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Алуан-алуан кәсіп бар,таңдай біл де, кәсіп қыл!»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік- воспитательная: Балалардың қозғалу белсенділігің дамыту және денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, физикалық жаттығуларды орындауға қызығушылықты қалыптастыру.

2.Дамытушылық- развивающая: Тепе теңдікті сақтауды дамыту. Жылдамдықпен ептіліктерін дамыту.

3.Оқыту- обучющая:  Ұзындыққа қапшықты лақтыруға жаттықтыру,жүрумен кезектестіре жүгіруді жетілдіру.

Билингвалдық компонент: жүру ходить, жүгіру бегать, тепе теңдік равновесие.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент.

Балаларға сап тізбекте тұруға белгі беру. Балалармен амандасу. Көңіл-күйлерін сұрау.

2. Негізі бөлімі/основная часть

Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді. Қол көтеріп аяқтың ұшымен, қол иықта аяқтың өкшесімен. Аяқты жоғары көтеріп, жеңіл жүгіру.

Бір қатардан екі қатарға сап құру

Доппен жалпы дамытушы жаттығулар.

Жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Тыныс алу жаттығуы.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

Қырымен жіптің үстінен аттап секіру.

Ұзындыққа қапшықты лақтыру.

           

Қимылды ойын: «Тәрбиеші»

Ойынның шартын балаларға түсіндіреді.

«Тәрбиеші» рөлінде болтатын баланы таңдау.

Музыка ойнағанда балалар залдың ішінде жүгіреді. Музыка тоқтағанда, балалар «тәрбиешінің» қасына бір тізбекке тұрады.

 

3. Қорытынды/итоговая часть. Балаларға бір қатарға түзелуге белгі беру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды. Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру. Рахмет айтып, қоштасу.

 

 

Орта тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Дата: 2018-12-28, просмотров: 246.