На белых листах бумаги формате А4 документы составляются следующие параметры:
Поможем в ✍️ написании учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

- левое поле- 15 мм, правое поле- 25 мм, верхнее поле - 25 мм, нижнее поле- 25 мм;

 + левое поле- 25 мм, правое поле-15 мм, верхнее поле - 25 мм, нижнее поле- 25 мм;

- левое поле- 25 мм, правое поле- 25 мм, верхнее поле - 15 мм, нижнее поле- 25 мм;

- левое поле- 25 мм, правое поле- 20 мм, верхнее поле - 15 мм, нижнее поле- 20 мм.

17. Каким цветом изготавливаются карточки-заместители для получения пистолетов и патронов на время несения службы:

+ желтый;

- синий;

- зеленый;

- красный.

18. Каким цветом изготавливаются карточки-заместители для получения оружия и патронов на постоянное ношение и хранение:

- зеленый;

- красный;

- желтый;

+ синий.

19 . О каждом случае утраты (хищения или утери) оружия и боеприпасов начальник органа внутренних дел обязан незамедлительно сообщить :

+ в Центр оперативного управления Департамента оперативного планирования и Департамент тыла МВД;

- в Департамент тыла и Департамент собственной безопасности МВД;

- в Департамент собственной безопасности и Центр оперативного управления Департамента оперативного планирования МВД;

- в Департамент собственной безопасности МВД.

20. Выдача личному составу закрепленного оружия и боеприпасов производится дежурным:

- только на время несения службы в дежурную смену;

- выполнения следственных и оперативных заданий;

- проведения занятий с разрешения начальника органа внутренних дел;

+ все ответы верны.

 

Құқықтық даярлық бойынша тест сұрақтары

І-вариант

 

1. Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі Қазақстан Республикасы Президентінің қандай Жарлығымен бекітілді?

- 2002 жылғы 14 маусымдағы № 424;

- 2005 жылғы 7 маусымдағы № 342;

+ 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153;

- 2011 жылғы 23 маусымдағы № 304;

- нұсқаларда дұрыс жауап жоқ.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілеріне мыналар жатады:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті емес органдар;

+ мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөліністері.

3. Кодекс кәсіби-этикалық нормалардың жинағы ретінде мемлекеттік қызметшілер үшін:

- қызметкердің жоғары адамгершілік жеке басын, жалпы адамгершілігі және кәсіби моральдық тиісті нормалары мен принциптеріне тәрбиелеуді айқындайды;

- адамгершілік құндылықтарын, ішкі істер органдарындағы қызметтің міндеттемесін және принциптерін айқындайды;

- қызметтік және қызметтен тыс өзін-өзі ұстауға, қызметтік ұжымдағы қарым-қатынастарға кәсіби-этикалық талаптарды айқындайды;

+ жоғарыда аталған нормалардың барлығын айқындайды.

4. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда оларды өндіріп алу үшін не негіз болады?

- тергеу жүргізетін органның шешімі;

+ сот шешiмi;

- прокурордың шешімі;

- мемлекеттік кірістер органдарының шешімі.

5. Мемлекеттік органның қызметі мәселелері бойынша көпшіліктің алдында сөз сөйлеу:

- арнайы мемлекеттік органмен жүзеге асырылады;

+ мемлекеттік органның басшысымен немесе оған уәкілетті лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылады;

- мемлекеттік қызметшілермен өз құзыреттерінің шегінде жүзеге асырылады;

- мекеменің баспасөз хатшысымен;

- нұсқаларда дұрыс жауап жоқ.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты болып табылады:

+ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу;

- сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар мен қоғамдық қатынастардың талдауы;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпаратты талдау.

7. Қазақстан Республикасының Конституциясын кім қабылдады?

- Қазақстан Республикасының Парламенті;

+ Республикалық референдум;

- Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі.

8. Ішкi iстер органдарының бірыңғай жүйесiн қандай бөлімшелер құрайды?

+ Қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, азаматтық қорғау органдары;

- Криминалдық полиция, әкiмшiлiк полициясы, тергеу, анықтау бөлімшелері және өзге де бөлімшелер;

- ведомстволар, аумақтық органдар, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар.

9. Қазақстанда мемлекеттік құрылымның нысаны:

- Федеральдық мемлекет;

+ Унитарлы мемлекет;

- Конфедерация;

- Конфедеративтік одақ.

10. Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерін, ведомстволарды, аумақтық органдарды және Iшкi iстер министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдарды құруды, қайта ұйымдастыруды және таратуды кім жүзеге асырады?

+ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау қызметі бөлімінің меңгерушісі;

- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары.

11. Қандай орган мемлекеттік биліктің жергілікті өкілетті органына жатады?

- Әкімдік;

- Жергілікті кеңес;

+ Мәслихат;

- Атқару комитеті.

12. ІІО қызметкерлерінің азаматтардың құқықтарын уақытша шектейтін әрекеттері қандай сөзден басталады:

- «Қазақстан Республикасының атынан»;

- «Полиция!»;

+ «Заң атынан».

13. Қазақстан Республикасының тиісті аумағында қандай орган мемлекеттік биліктің жергілікті атқару органы болып табылады?

+ Әкімдік.

- Мәслихат.

- Жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

1 4. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы құрайды;

- «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң құрайды;

+ Қазақстан Республикасының Конституциясы «Ішкі істер органдары туралы» Заң және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері құрайды.

15. Сенат депутаттарының қанша саны Президенттің құқығымен тағайындалады?

- 7;

- 10;

- 14;

+ 15;

- нұсқаларда дұрыс жауап жоқ.

16. Конкурстық негізде ауыстырылатын лауазымдар тізбесі, конкурс және тағылымдамадан өту шарттары мен тәртібін кім анықтайды?

- Құқық қорғау органының уәкілетті басшысы;

+ Мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып құқық қорғау органының басшысы;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі.

17. Қазақстанның Әкімшілік-аумақтық құрылымын кім анықтайды?

- Халық;

+ Заң;

- Президент;

- Үкімет;

- нұсқаларда дұрыс жауап жоқ.

18. Құқық қорғау органдарына жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беруге, сондай-ақ сыныптық біліктіліктерді белгілеуге құқық беретін лауазымдардың тізбесін кім бекітеді?

- Оның өкілеттілігіне сәйкес құқық қорғау органының басшысы;

+ Оның өкілеттілігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі;

- Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

19. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағалары мен судьяларын қандай орган сайлайды?

- Үкімет;

+ Парламент Сенаты;

- Парламент Мәжілісі;

- нұсқаларда дұрыс жауап жоқ.

20. Бос немесе бос емес лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқарудың үздіксіз мерзімі қандай?

- бос лауазым бойынша 1 ай, бос емес лауазым бойынша 3 ай;

+ бос лауазым бойынша 2 ай, бос емес лауазым бойынша 4 ай;

- бос лауазым бойынша 3 ай, бос емес лауазым бойынша 6 ай.

 

Құқықтық даярлық бойынша тест сұрақтары

ІІ-вариант

1. "Мүдделер қақтығысы" түсінігі:

+ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін;

- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жалпы мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жалпы мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін;

- барлық аталғандар.

2. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нені белгілейді?

- төтенше жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі ұстау нормалары;

+ моральдық-этикалық нормаларды және мінез-құлықтарының негізгі стандарттарын;

- шешендік өнер;

- еңбекке қатынасы.

3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелерді, шарттарды қандай орган жарамсыз деп тануға құқығы бар?

- тергеу жүргізетін орган;

+ сот;

- прокуратура;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

4. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке түскеннен кейін Әдеп кодексімен жазбаша нысанда:

- қызметке түскен бетте танысуы қажет;

- бір айдың ішінде танысуы қажет;

- 6 айдың ішінде танысуы қажет;

+ үш күннің ішінде танысуы қажет.

5. Мемлекеттік кіріс органдарына келіп түсетін кірістер мен мүлік туралы мәліметтер құпия болып табылады ма?

- иә, мемлекеттік құпия болып табылады;

+ жоқ, қызметтік құпия болып табылады;

- нұсқаларда дұрыс жауап жоқ.

6. Педагогикалық, ғылыми және басқа да шығармашылық жұмыстар бойынша материалдарды жариялауды мемлекеттік қызметшілер:

- тек басшының рұқсатымен жүзеге асыруы мүмкін;

+ жеке тұлға ретінде өз атынан жүзеге асыруы мүмкін;

- қызметтік жұмысқа сілтеме жасай отырып жүзеге асыруы мүмкін;

- жүзеге асырылмайды.

7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды кім жүзеге асырады?

+ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган;

- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы;

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.

8. Қазақстан Республикасында биліктің қандай нысаны бекітілген?

+ Президенттік республика;

- Парламенттік республика;

- Президенттік-парламенттік;

- Халықтық.

9. ІІО-ның бірден бір міндеттері:

- мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады;

+ қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылық профилактикасы;

- өртті ескерту және онымен күресу.

10. Жергілікті мемлекеттік басқаруды қандай органдар жүзеге асырады?

- Өкілеттік;

- Атқарушылық;

+ Екеуі де.

11. Жеке куәліктерді және паспорттарды Қазақстан Республикасының азаматтарына құжаттандаруды, даярлауды және беруді кім жүзеге асырады:

+ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

- Жергілікті атқарушы органдар.

12. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкімдерін кім тағайындайды?

+ Президент;

- Парламент Мәжілісінің төрағасы;

- Премьер-Министр;

- Облыстың (республикалық маңыздағы қалалардың, астананың) Мәслихаты сессияларының төрағасы.

1 3. Арнайы құралдарды, атыс қаруларын және дене күштерін қолдану тәртібі қандай нормативтік акімен айқындалады:

+ «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңмен айқындалады;

- «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заңмен айқындалады;

- «Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдары туралы» Заңмен айқындалады.

14. Қазақстан Республикасының Президентіне үміткерлерге қандай талаптар қойылады?

- Қазақстанда тумысынан тұратын және мемлекеттік тілді еркін меңгерген, отыз жастан жас емес Қазақстан Республикасының азаматы;

+ Тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, қырық жастан жас емес, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда соңғы он бес жыл тұратын;

- Қазақстан Республикасының азаматы, қырық жастан жас емес, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда соңғы он жыл бойы тұратын;

- нұсқаларда дұрыс жауап жоқ.

15. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен қызметшілерінің жүктемесі көлемінің нормативтерін жасау және бекіту кімнің құзыретіне кіреді:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің;

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің;

+ Ішкі істер министрлігінің;

- жоғарыда аталғандардың барлығы.

16. Әкімнің қандай құқықтық актілер қабылдауға құқығы бар?

- Заңдар;

- Қаулылар;

- Жарлықтар;

+ Шешімдер мен өкімдер;

- нұсқаларда дұрыс жауап жоқ.

17. Құқық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына қабылдаудың шекті жасы қандай?

+ 35 жастан үлкен емес;

- 25 жастан үлкен емес;

- 30 жастан үлкен емес.

18. Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын лауазымға кім тағайындайды?

+ Қазақстан Республикасының Президенті;

- Премьер-Министр;

- Бас прокурор;

- Жоғарғы Сот Кеңесі.

1 9. Тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртіптік жаза қанша мерзімге салынады?

- 1 айдан кешіктірілмей;

+ 3 айдан кешіктірілмей;

- 6 айдан кешіктірілмей.

20. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды кім енгізеді?

- Парламент Сенатының төрағасы;

- Парламент мәжілісінің төрағасы;

+ Премьер-Министр;

- Президент Әкімшілігінің басшысы.

Правовая подготовка

І-вариант

Дата: 2019-11-01, просмотров: 219.